Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негіздер бойынша жол беріледі.
3. Мемлекеттік тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берілмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді
104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару
1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.
2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.
3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мына реттерде:
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер көппәтерлі тұрғын үй жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер көппәтерлі тұрғын үй одан әрі тұру (болу) үшін жарамсыздығына байланысты қайта жабдықтауға жататын болса;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылса;
4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);
5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.
2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
106-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.
2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.
3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.
4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.
Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.
6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей шығару негіздері
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан, егер:
1) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды үнемі қиратса немесе бүлдірсе;
2) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұру (болу) шарттарын үнемі бұзу арқылы басқа адамдардың өздерімен бір тұрғынжайда немесе бір көппəтерлі тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермесе;
3) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері дəлелді себептерсіз тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;
4) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса жəне олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы мүмкін емес деп танылса;
5) адам тұрғынжайға өз бетімен басып кіріп алса;
6) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;
7) мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алуды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы), жалға алушының (қосымша жалға алушының) жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, меншік құқығындағы тұрғынжайды сатып алса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға жол беріледі.
Мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды сатып алған жағдайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы), жалдаушының (қосымша жалдаушының) жұбайы (зайыбы) он екі ай ішінде сатып алынған тұрғынжайды иеліктен шығаруға не мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды қайтарып беруге міндетті;
8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3-тармағында жəне 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) жəне 114-бабында көзделген негіздер туындаса;
9) осы Заңның 85 жəне 86-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын жаңа мерзімге қайта жасасудан жергілікті атқарушы органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай бойы жалтарса;
10) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері жалға берушінің жазбаша келісімінсіз тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тұрғынжайға тұрғындарды кіргізсе не оған уақытша тұрғындарды тұрғызса;
11) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарын үнемі бұзса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға жол беріледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
108-бап. Тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары
1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерінің салдарынан тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берілместен шығарылуға тиіс.
2. Егер тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар өздерінің бұрын тұрып келген тұрғын үйі немесе басқа жайлы тұрғын үй беріп шығарылуға тиіс. Басқа тұрғын үй беру міндеті шартты жарамсыз деп тануға әрекеті негіз болған заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл жағдайда соттың шешімінде берілетін тұрғын үйдің мекен-жайы көрсетілмеуі мүмкін.
3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезінде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
15-тарау. Қызметтiк тұрғын үйлердi және мемлекеттік
тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелердi пайдалану
2004.20.12 № 13-III Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы лауазымда болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Қызметтiк тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақта аталған, қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
3. Қызметтiк тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2 немесе 2-1-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үйді жалдаушының кейіннен жекешелендіруі үшін ол коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
Лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңіне ротациялық төлемдер төленеді.
Ротациялық төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қызметтік тұрғынжай осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен басқа қызметтік тұрғынжайға айырбасталуы мүмкін.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 111-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
111-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерден шығару
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай беріліп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өздерімен бірге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылуға жатады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды жекешелендіру құқығы жоқ адамдар өздерімен тұрып жатқан барлық адамдармен қоса басқа тұрғынжай берілместен шығарылуға жатады.
2. Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 112-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 112-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
112-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртібі
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.
Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады.
113-бап. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 114-бап өзгертілді
114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс.
Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн.
5 БӨЛIМ
16-тарау. Тұрғын үй беру жөніндегі шарттық мiндеттемелер
115-бап. 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 116-бап өзгертілді
116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда жергілікті атқарушы орган мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғынжайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесіндегі жаңадан салынған басқа тұрғынжайларды меншiкке (жалдауға) беру туралы шарт жасалуы мүмкiн.
Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi тұратын тұрғынжайды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келісімi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.