4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;
5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатынан басқаға талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру;
7) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарында қолданады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдерін осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 6) тармақшаларында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар.
Тұрғынжайды жалдау ақысын төлеу мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жəне (немесе) олардың отбасы мүшелері тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде жəне олар тағайындалған күннен бастап бес жылдан аспайтын уақытта тұрғын үй төлемдерін пайдаланады.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органнан, ішкі істер органынан, азаматтық қорғау органынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінен өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мәліметтерді жыл сайын талап етуге;
2) жеке арнайы шотына пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға;
3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеретін жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, азаматтық қорғау органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның немесе Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомасын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына олардың нысаналы мақсатын өзгертпестен аударуға құқылы.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттері
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органды, ішкі істер органын, азаматтық қорғау органын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесін азаматтық хал актісі тіркелген және тиісті куәлікті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған кезде, осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органды, ішкі істер органын, азаматтық қорғау органын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесін тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелерді орындаған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері, ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы, ішкі істер органының қызметкері, азаматтық қорғау органының қызметкері арасында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесі, әскери қызметші және арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің немесе әскери қызметшінің жеке арнайы шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын шартқа сәйкес оларды осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға міндетті.
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ осы Заңның 101-5-бабының 6) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-9-баптың тақырыбы өзгертілді
101-9-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, азаматтық қорғау органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері немесе әскери қызметші қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда - оның отбасы мүшелерінің, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мұндай қызметкердің немесе әскери қызметшінің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің немесе әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, өзін қоса алғанда ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес арнаулы мемлекеттік органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Біржолғы ақшалай өтемақы, егер арнаулы мемлекеттік орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің немесе әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзiне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзiне қол жұмсауы салдарынан;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;
4) біржолғы ақшалай өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзiне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесiн зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзған арнаулы мемлекеттік орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің немесе әскери қызметшінің әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, төленбейдi.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-10-баптың тақырыбы өзгертілді; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-10-бап өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-10-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелері
Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұбайы (зайыбы);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен үгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) жатады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 101-11-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-11-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-11-бап. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) жəне 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнаулы шотына тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Бұл ретте азаматтық қорғау органының қызметкері мен оның отбасы мүшесіне арналған тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен, бірақ тоқсан шаршы метрден аспайтын мөлшерде айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Ішкі істер органының, азаматтық қорғау органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы):
1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.
Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жəне оның осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді, оны жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды.
Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;
4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, əскери-дəрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сақталады.