2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау - уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-2-тармақ жаңа редакцияда
1-2. Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізуді және оларды табыс етуді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) құзыреті шегінде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды көздейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
2) республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
3) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
4) ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер жүзеге асырады.
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
2) ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларда;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
4) шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
6) экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
7) экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
8) экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
9) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
3) ветеринарлық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
5) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
6) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
7) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты түрде жүргізіледі.
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды тіркеудің арнайы журналында есепке алуға тиіс, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің, мемлекеттік органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
10) ішкі сауда объектілері;
11) процессингтік орталық.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)