Ветеринария туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңы
(2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚР Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет
13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің құқықтары
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актiлерi
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері Жеке және заңды тұлғалар:
26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
26-2-бап. Аумақты аймақтарға бөлу
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және қазақстан республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны yшін жауаптылық
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«ветеринариялық қадағалау», «ветеринариялық қадағалауды», «ветеринариялық қадағалаудың», «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық инспекторлар», «ветеринариялық инспекторлары», «ветеринариялық инспекторларының», «ветеринариялық инспекторларымен», «ветеринариялық инспекторларын», «ветеринария инспекторларын», «ветеринариялық инспекторларды», «Ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспектор», «ветеринариялық инспектордың», «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторда», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторын», «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық инспекторлар», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлары», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспектор», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторда», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларға» деген сөздермен ауыстырылды
«базарларда», «базарлардағы», «Базарларда», «Базарлардағы», «базардағы», «нарықтардағы», «нарыққа» деген сөздер тиісінше «ішкі сауда объектілерінде», «ішкі сауда объектілеріндегі», «Ішкі сауда объектілерінде», «Ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектісіне», деген сөздермен ауыстырылды
«өнімдерге» деген сөз «өнімдер мен шикізатқа» сөздермен ауыстырылды
«мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер», «басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк» деген сөздер тиісінше «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық бақылау», «ветеринариялық бақылауды», «ветеринариялық бақылауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган - зертханалық бақылауды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;
1-1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды
3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;
4) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
5) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;
6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
7) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ветеринариялық препараттар мыналар:
жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;
16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;