10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.
3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда
1-1. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5) мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:
үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
көрсетілетін қызмет түрлері;
дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) нобайларымен қоса жарнаманың еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы баптың 2-1-тармағында айқындалған жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырылатын кезең мен орын, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
6. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалармен жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар:
сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға;
адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу жөніндегі міндетін орындамаған немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектісінің меншiк иесі белгісіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті нұсқама береді.
Сыртқы жағына сыртқы (көрнекi) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты шеккен шығындарды өтеуге міндетті.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде шеккен шығындарын өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.
Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөніндегі көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен тақырып толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186- IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшеліктерi
1. Mыналарды:
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді;
2) ана сүтін алмастырушыларды;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотореялар ойнату нысанында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Лотерея операторы және (немесе) лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты шеңберінде лотерея таратушылар (агенттері) орналастыратын жарнаманы қоспағанда, лотереяны жарнамалауға тыйым салынады.
2. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.
4. 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметтік және азаматтық қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, аудиокөрінім туындыларды, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларды көрсету кезінде хабар таратушы немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны, бағдарламаны тікелей көрсету алдында немесе көрсету кезінде темекі тұтынудың зияны туралы сүйемелдеуші мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасына тыйым салынады.
2006.07.07. № 181-III ҚР Заңымен (2007.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi, бағалы қағаздарды және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жарнамалау ерекшелiктерi
Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын пайдалануға байланысты қаржы (оның ішінде, банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге, бағалы қағаздарға, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге, бағалы қағаздарға немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтерге тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтер бойынша кіріс алуға кепiлдiк беруге;
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстілігi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтердің бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен азаматтарды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) сот үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалауға тыйым салынады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері
1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түпнұсқа тілінде келтіріледі.
2. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды
14-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауға:
1) мынадай талаптар ескеріле отырып, отандық теле-, радиоарналарда (балалар мен діни арналарды қоспағанда) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі:
отандық телеарналардағы жарнамада трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескерту қоса берілуге тиіс;
отандық телеарналарда жарнаманың трансляциялануы және (немесе) ретрансляциялануы кезінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнама қоса беріледі;
радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса берілуге тиіс;
2) мынадай талаптар ескеріле отырып, мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар мен діни басылымдарды қоспағанда) рұқсат етіледі:
газеттердің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмауға тиіс;
журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың бірінші және соңғы беттері мен мұқабаларында орналастырылмауға тиіс;
жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының көлеміне тең болатын саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қамтуға тиіс.
Саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру мен іріктеу телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітетін, саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.