100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:
1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.
101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi
1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.
2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.
3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.
4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.
102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келісімiмен айқындалады.
19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi.
Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар бассейндік инспекцияға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе алынған сулар (шахта, карьер, кеніш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi бассейндік инспекциямен келісу бойынша белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетикасы кәсiпорындарының су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану бассейндік инспекциямен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Су объектiлеріндегі гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ауызсумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;
2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелеріндегі балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;
3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;
4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.
20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке
қарсы мұқтаждар үшін пайдалану
105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
2. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртібін бассейндік инспекциямен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орнын таңдауды, оны жайластыруды (пирстер, кіреберістер, жарық нұсқағыштары) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның ведомствосы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс.
3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.
4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 21-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бассейндік инспекциямен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.
22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда
су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
110-бап. Су қоймаларын пайдалану
1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі осы Кодекстің 37-бабы 1-тармағының 7-7) және 13-1) тармақшаларында көрсетілген қағидаларға сәйкес әзірленген су қоймаларын пайдаланатын ұйымдардың қағидаларында айқындалады.
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Су пайдаланушылардың тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеуі кеме қатынасы, осы өзен бассейні су ресурстарының кешенді пайдаланылуы мен қорғалуы ескеріле отырып, арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері олардың қауіпсіздігін декларациялауды жүргізуге міндетті.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі - декларация) әзірлеуді меншік иесі дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті органның ведомствосы аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші бассейндік инспекцияға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады.
Бассейндік инспекция ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi.
Бассейндік инспекция тiркеген декларацияның көшірмесі бассейндік инспекцияда сақталады.
7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу
23-тарау. Су қорғау қызметі
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
1. Су объектiлерi:
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Су объектiлерi:
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;
4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
3. Су объектiлерiн қорғау:
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;
6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Орталық органдар және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргiзiледi;
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.