2. Ұлттық палата:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіреді;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылды
4-1) Ұлттық палатада аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;
4-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеуді жүзеге асырады;
4-3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;
4-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысады;
4-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;
5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын алқалы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті құрады.
7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
3. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Қоғамдық тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық тыңдауларға Ұлттық палата төралқасының шақыруымен қатысады.
10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары
1. Ұлттық палата:
1) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысады.
2-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Ұлттық палата «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Ұлттық палата Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
4. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді.
Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Жылдық қорытындылар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.
11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады;
2) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) мемлекеттік органдарға индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша қорытындыға қатысады және береді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ұлттық палата:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылды
3-1) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерге, аймақтарға, орындарға, өндіріс учаскелеріне инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;
3-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) стандарттар мен техникалық регламенттерді əзірлеуге қатысады.
5) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық палата уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық отын-энергетика баланстарын әзірлеуіне, экономика салаларында шикiзат пен тауарлардың өткізілуі мен тұтынылуына қатысады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын құрады және оларды қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары
1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен отандық өндірісті қолдау және сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде:
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушілерді тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміне ерікті түрде енгізу үшін өлшемшарттар әзірлейді;
2) уәкілетті ұйымдар ұсынатын, жыл сайынғы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және жоспарланып отырған сатып алу туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау және мониторинг жүргізу үшін жинауды, өндеуді және қорытуды жүзеге асырады;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-1-бабында көзделген кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады, сондай-ақ олардың шарттарының орындалуын мониторингтеуді, мониторинг қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды жүзеге асырады;
3) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығын талдауды, оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығы мониторингінің ақпараттық талдамалық жүйесін құруды және жүргізуді жүзеге асырады;
4) сатып алу және елішілік құндылық үлесін арттыру саласында талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құруды, дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және оны қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекітеді.
2. Ұлттық палата жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық және аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігіндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысады.
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру мен тану, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары
Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді бекітеді;
2) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады;
3) техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультациялық-кеңесші органның жұмысына қатысады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кәсіптік біліктілікті тану саласындағы функцияларды жүзеге асырады;
5) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, келісу бойынша мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарына қатысады;
6) экономика салаларындағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізеді;
7) техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің қызметіне қатысады;
8) оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді;
10) мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының кəсіптері (мамандықтары) бойынша кəсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру жəне біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарын ашуға жəрдемдеседі;
12) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13) - 15) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
13) дуальды оқыту туралы шарттар жасасуға жəрдемдеседі;
14) жасалған дуальды оқыту туралы шарттардың тізілімін жүргізеді;
15) дуальды оқытуға қатысушы кəсіпорындардан (ұйымдардан) тəлімгерлерді оқытуды жүзеге асырады.
14-бап ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары
Ұлттық палата:
1) шетелде филиалдар мен өз өкілдіктерін құрады және таратады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік ұйымдармен бірлесіп, іскерлік кеңестерді және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады;
3) өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдегі халықаралық көрмелер тізілімін жүргізеді;
4) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетингті және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;
5) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді;
6) экспорт-импортты реттеу мәселелері бойынша барлық елдердің заңнамалары, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық саудаға және шаруашылықішілік қызметке байланысты басқа да мәселелердің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өз мүшелеріне ұсынуды жүзеге асырады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақтайды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) жылына кемінде бір рет кеден ісі саласындағы уәкілетті органға және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды растауға уәкілеттік берілген тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қойылған қолдарының үлгілерін жолдайды;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тоқсанына бір реттен сиретпей, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты Ұлттық палатаның интернет-ресурсында орналастырады;
11) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің, қаржылық-экономикалық жағдайы кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін олардың көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша жасалған тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады;
14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес кепіл болады және уақытша әкелу туралы құжаттарды береді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе əкелу елі (одағы) біржақты тəртіппен белгілеген талаптарға сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады.
Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды.
14-1-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері
1. Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Ұлттық палата саяси қызметпен айналысуға, саяси партия құруға және саяси партия болып қайта ұйымдастырылуға құқылы емес.
2. Ұлттық палата әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада өңірлік палаталарды құрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бір ғана өңірлік палата құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.
16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
1. Ұлттық палатаның мүлкі:
1) міндетті мүшелік жарналар;
2) көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдер (кірістер);
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасуы мүмкін.
Ұлттық палатаның осы Заңға сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
2. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық палата құрылтайшыларының Ұлттық палата мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.
Ұлттық палатаның құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Ұлттық палата құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер оның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ
18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
1. Ұлттық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
1) съезд - жоғары басқару органы;
2) төралқа - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган;
4) тексеру комиссиясы - қаржылық-бақылау органы.
2. Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары мыналар болып табылады:
1) өңірлік кеңес - байқаушы орган;
2) дирекция - өңірлік палатаның атқарушы органы;
3) директор - өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық палатада, өңірлік палаталарда өздерінің жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
4. Ұлттық палатаның жоғары басқару органындағы және басқару органындағы жұмыс өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
19-бап. Ұлттық палатаның съезі
1. Ұлттық палатаның съезін (бұдан әрі - съезд) Ұлттық палата төралқасының төрағасы басқарады және ол аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары) өкілдерінің және өңірлік кеңестер делегаттарының тең санынан қалыптастырылады.