46) тармақшадағы «қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:
«47) егер осы баптың бірінші бөлігінің 43-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;
арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;
арнайы экономикалық аймаққа қатысушы - сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілетін және өткізілетін тауарларды;
48) мынадай шарттар сақталған кезде:
өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;
көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы осы баптың бірінші бөлігінің 38) тармақшасына сәйкес өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынса, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл болып тағайындалған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі деп танылады.
Өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
49) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
1-тармақтың 168) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма екінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 50) тармақшамен толықтырылсын:
«50) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелерін тек қана қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдары жөніндегі қызметтерді көрсететін салық төлеушілер қолданады.»;
169) 396-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) орналастыру үшін берілген және (немесе) пайдаланылатын жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді және (немесе) оны жалдауды;»;
2) тармақшадағы «иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын немесе жер учаскесіне ортақ меншік құқығындағы (ортақ жер пайдалану құқығындағы) үлесті» деген сөздер «(жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«орналасқан жер учаскесін» деген сөздерден кейін «(жер үлесін)» деген сөздермен толықтырылсын;
«қосалқы жалға беруді» деген сөздер «жер учаскесін (жер үлесін) жалға беруді (қосалқы жалға беруді)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және (немесе) жер учаскесін жалға беру» деген сөздер «және (немесе) жер учаскесін (жер үлесін) жалға беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
170) 397-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлардың операциялары, сондай-ақ көрсетілген қорларды басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер.»;
171) 399-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың 171) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мынандай шарттар сақталған кезде:
көлік құралдарын өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
құрамдастарды өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамдастарының;»;
17) тармақшаның төртінші абзацындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен», «тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер тиісінше «техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен», «тауарлардың;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) осы Кодекстің 49-бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және осы Кодекстің 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады.»;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Инвестициялар» деген сөз «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу» деген сөздермен ауыстырылсын;
172) 400-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың 172) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«әуе көлігінде жол жүру фактісін растайтын, осындай құжаттарды жазып беру күніне қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген құжатта;»;
2) тармақшадағы «көрсетілген салық сомасымен сәйкес келетін, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға байланысты осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы берілген салықтық кезеңде қосылған құн салығының асып кету сомасына азайтуға жатады.»;
173) 401-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күндері ерекшеленетін және әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған салықтық кезеңде есепке алынады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда» деген сөздер «тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Бұл ретте осы Кодекстің 419-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген қосымша шот-фактура бойынша қосылған құн салығының сомасы күші жойылды деп танылған қосымша шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.»;
174) 402-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы деп танылады.» деген сөздер «көрсетілетін қызметтерді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) лотерея өткізу мақсатында пайдаланатын немесе пайдаланылатын, лотерея операторы сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы деп танылады.»;
175) 403-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру әрекетін (әрекеттерін) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысында осындай деп танылған мәміле (операция) бойынша;»;
176) 411-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 176) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
бірінші бөліктің 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау;»;
мынадай мазмұндағы он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«ашытқы өндіру;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;
қант қызылшасынан қант өндіру;»;
үшінші бөліктегі «мемлекеттік» деген сөз «уәкілетті мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
177) 412-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың 177) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2021 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады;
9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша - салық төлеушілер.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында расталған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізуге жатады.»;
5-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда - егер мұндай өткізу осы Кодекстің 11-бөлімінің ережелеріне сәйкес акциз салынатын объект болып табылса, акциздің сомасы қосымша;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жағдайда - мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күні мен нөмірі.»;
13-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық төлеуші есеп айырысуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келетін, бір күн ішінде өткізілген тауарлар бойынша бір шот-фактура жазып беруді жүргізуге құқылы.»;
1-тармақтың 177) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары 2021 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында аталған салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осындай талапты орындауға міндетті.»;
1-тармақтың 178) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
178) 416-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады);
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады).
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
2. Комитент комиссионердің атына комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде, осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
Комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
3. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлға комитент үшін жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комитенттің атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер және (немесе) өзінен комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын адам қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріліп көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады);
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың (бұл жағдайда осындай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады);
комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың;
тауарлар импорты жағдайында - Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген тауарларға арналған декларацияның деректерін немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштегі деректерді ескере отырып жазып береді.
Комитентке жазып берілетін шот-фактурадағы комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы «ҚҚС-сыз» деген белгімен көрсетіледі.
4. Комиссионер комитентке комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
5. Көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Кодекстің 400-бабының талаптарына сәйкес жазып берілген шот-фактура комиссия шарты бойынша комитенттің немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуына негіз болып табылады.»;
179) 419-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады, қосымша шот-фактуралар болған кезде олардың да күші жойылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күші жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазып беріледі.»;
1-тармақтың 179) тармақшасының жетінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
180) 420-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып беріледі.»;
181) 424-бапта:
1-тармақтың 181) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «2) тармақшасында» деген сөздер «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен» деген сөздер «айдан кейінгі айдың 15-інен» деген сөздермен ауыстырылсын;
182) 427-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы «бойынша» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
екінші бөліктегі «бес жыл» деген сөздер «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік 3) тармақшасындағы «шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.» деген сөздер «шығару;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығып қалуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес жыл» деген сөздер «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
183) 428-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы «бойынша» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:»;
5-тармақта:
екінші бөліктегі «бес жыл» деген сөздер «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік 2) тармақшасындағы «шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.» деген сөздер «шығару;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: