ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2021 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 41-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 123-құжат; 2020 ж., № 9, 32-құжат; № 14, 70-құжат):
1) мазмұнында:
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті»;
мынадай мазмұндағы 49-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті»;
50-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту немесе инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«51-1-бап. Инвестициялық салық кредитін беру шарттары»;
54 және 65-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуын тоқтату»;
«65-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесін орындау»;
1-тармақтың 1) тармақшаның он үшінші - он жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Тексеру нәтижелеріне, деңгейлес мониторинг нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау»;
21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
244-баптың тақырыбындағы «Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары және сапарлары» деген сөздер «Қызметтік іссапарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
325-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс»;
мынадай мазмұндағы 353-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«353-1-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері»;
455-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«455-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері»;
1-тармақтың 1) тармақшаның жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
470-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемшарттары»;
1-тармақтың 1) тармақшасының жиырма алтыншы - жиырма тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
504-баптың тақырыбы алып тасталсын;
505-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«505-бап Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықты мөлшерлемелер»;
514-баптың тақырыбы алып тасталсын;
1-тармақтың 1) тармақшаның отызыншы, отыз бірінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
613-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегі мемлекеттік баж мөлшерлемелері»;
639-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«77-1-тарау. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі»;
мынадай мазмұндағы 696-1 және 696-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«696-1-бап. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі
696-2-бап. Салықтық кезең, декларацияны ұсыну және салықтарды төлеу мерзімдері»;
21-бөлімнің тақырыбы «ұйымдарға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 80-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«80-1-тарау. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу»;
мынадай мазмұндағы 712-1, 712-2 және 712-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«712-1-бап. Жалпы ережелер
712-2-бап. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі»;
82-тарау мынадай мазмұндағы 723-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«723-1-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері»;
1-тармақтың 1) тармақшаның қырық жетінші - елу жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
727-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 25-бөлімнің тақырыбымен толықтырылсын:
«25-бөлім. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компанияларға салық салу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 90-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«90-тарау. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компанияға салық салу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 777, 778, 779 және 780-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«777-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
778-бап. Шетелдік компанияны шартты тіркеу
779-бап. Жалпы ережелер
780-бап. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі»;
2) бүкіл мәтін бойынша «оралмандарға», «оралмандар» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «қандастар» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан да көп пайызы «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей немесе жанама тиесілі болатын заңды тұлға.
Жанама иелену «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының иеленуін білдіреді;»;
1-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бересі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары;»;
16) тармақшаның екінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушыда төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін, бірақ осындай қатысу үлесінің осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшері.»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) қыздырылатын темекісі бар бұйым - темекіні қыздыру жүйесінде пайдалануға арналған, темекі бұйымы ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған темекі шикізатынан тұратын темекі бұйымының түрі;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) өтелген запастар - өндіру процесінде түзілетін нақты ысыраптарды қоса алғанда, өндірілген және мемлекет балансынан есептен шығарылатын пайдалы қазбалар запастарының көлемі;»;
52) тармақшаның үшінші абзацындағы «оның ішінде бағдарламалық қамтылымды, сызбаны немесе модельді» деген сөздер «бағдарламалық қамтылымды, сызбаларды немесе модельдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасының он бесінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
61) тармақша «хабарламада» деген сөзден кейін «, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада» деген сөздермен толықтырылсын;
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент-заңды тұлға). Осы Кодекстің мақсаттары үшін бейрезидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік түзілім түсініледі, олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па, оған қарамастан, дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады;»;
мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
«74-1) электрондық тұтыну жүйелерінде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық - электрондық тұтыну жүйелерінде пайдалануға арналған (картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі), қыздырылған кезінде ішке тартуға арналған аэрозоль (бу) түзілетін, құрамында никотин бар сұйықтық немесе құрамында никотин жоқ сұйықтық;»;
1-тармақтың 3) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері үшін көзделген ережелер Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.»;
1-тармақтың 4) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2020 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 3-бапта:
2-тармақтағы «жылына бір реттен артық емес» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 4) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтағы «жылына бір реттен көп, бірақ» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде мұндай заң жобасын салық саясаты саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.»;
5) 13-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;»;
7) тармақшадағы «ұсынбауға құқылы.» деген сөздер «ұсынбауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Кодекстің 22-бабының 15-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі және адалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.»;
6) 19-баптың 2-тармағы 15) тармақшасының үшінші абзацындағы «орналастыруға міндетті.» деген сөздер «орналастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына салық органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беруге;
17) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге тауарлар атауының, санының (көлемінің) сәйкестігі мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанын куәландыратын құжаттарды, тауарларды және заттарды алып қоюды жүргізуге міндетті.»;
7) 22-бап мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адамдар өздеріне белгілі болған, бейнетіркеумен расталған бұзушылық фактілері туралы салық органына хабарлауға құқылы.
Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдарға қолданылмайды. Бұл ретте, көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
15. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін әдістеме бойынша есептелген индекстер негізінде салық төлеушінің контрагенттерді өз бетінше тексеруі үшін ақпараттық жүйені жүргізу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасайды. Өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
8) 24-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші бөлігі «ағымдағы шоттар,» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді, жеке немесе заңды тұлға және екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған, банк қызметтерін көрсету көзделетін шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді ұсынуға;»;
9) 26-бапта:
6-1-тармақтағы «Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы» және «индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы» деген сөздер тиісінше «Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» және «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Нотариустар уәкілетті органға жеке тұлғалар бойынша мынадай:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар;
2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер;
3) осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шарттарды қоспағанда, егер мәміледе (шартта) көзделген бағасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын жағдайда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелелер мен шарттар;
4) жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары;
5) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы - жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5, 19-6 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша салық органдарына ұсынуға міндетті.
19-2. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
19-3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
19-4. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға міндетті.
19-5. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
19-6. Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар бойынша және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері туралы, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар бойынша және олардың мөлшері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.»;
«25. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасауға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді уәкілетті орган инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша ұсынуға міндетті.»;
10) 27-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
«шоттардың» деген сөз «жеке шоттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәліметтерді» деген сөзден кейін «және жеке немесе заңды тұлға және бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы «мәліметтерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға және кастодиандар, инвестициялық портфельді басқарушылар арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы «мәліметтерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы жасалған сақтандыру шарттарына қатысты өзге де ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 30-бапта:
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тергеу судьясы, прокурор санкциялаған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне ұсынады. Мұндай мәліметтерді тергеу судьясы, прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;
2) егер салық төлеуші қаралатын істің тарапы болып табылған жағдайларда, сот төрелігін іске асыру кезінде жіберілген жолданымдары (өкімдер, талаптар, тапсырмалар, сұрау салу) негізінде сотқа және судьяларға;»;
14) тармақшадағы «органдарға ұсынады;» деген сөздер «органдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынады.»;