10) бақыланатын шетелдік компания филиалдарының бизнес-сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, осындай әрбір филиалдың бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына қосылған кірістері мен шығыстары (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы қолданылған жағдайда);
11) бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар мен сатып алушылар бөлінісінде бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесін құрмай Қазақстан Республикасында қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін кіріс (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы қолданылған жағдайда);
12) осындай дивидендтердің бастапқы көзден бөлінуін көрсететін бақыланатын шетелдік компанияның дивидендтерді алу құрылымы (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшалары қолданылған жағдайда).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында құрылым жеке тұлғалардан өзге тұлғалардың атауын қамтуға, сондай-ақ құрылымға әрбір қатысушы туралы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
дивидендтерді бөлу сомалары мен кезеңдері;
резиденттік еліндегі тіркеу нөмірлері;
дивидендтер бөлінген кезеңдердегі қаржылық пайданың сомалары;
13) бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар және кірістерді төлеген Қазақстан Республикасы резиденттерінің атаулары бөлінісінде Қазақстан Республикасындағы көздерден сыйақылар, роялти түріндегі кірістер (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, сыйақылар, роялти түріндегі кірістерге қатысты);
14) резиденттік еліндегі тіркеу нөмірлері көрсетіле отырып, сомалар, атаулар және өткізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы активтер бөлінісінде құн өсімі түріндегі кіріс (осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшалары қолданылған жағдайда, құн өсімі түріндегі кіріске қатысты);
15) осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағы, 359-бабының 2-тармағы және 638-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда:
бақыланатын шетелдік компания және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығын төлеу сомасы;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен салықты ұстау және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аудару;
төлем көзінен салық салынған кірісті (кірістерді) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосу.»;
12 және 14-тармақтар алып тасталсын;
15-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу немесе бақылау жасау үлесінің мөлшері және (немесе) тиісті кезең (кезеңдер) үшін бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігін және (немесе) аудиттелген қаржылық есептілігін ұсыну бөлігінде бақыланатын шетелдік компанияға өзі дербес және (немесе) бақыланатын тұлға арқылы бір реттен көп сұрау салу жіберуі және өзінің сұрау салуларына жауап алмауы;»;
16-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
«16. Резиденттің ақпаратты өз бетінше алуы мүмкін болмаған жағдайда резиденттің онымен арада Қазақстан Республикасының халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан мынадай:»;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Салықтық бақылауды жүзеге асырған кезде салық органының резиденттен бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің аудиттелген қаржылық есептілігін сұратуға құқығы бар.
Резидент сұрау салу жіберілген күннен бастап күнтізбелік екі жүз елу күн ішінде аудиттелген қаржылық есептілікті (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ұсынуға міндетті.
Аудиттелген қаржылық есептілікті алғаннан кейін салық органы бекітілген қаржылық есептілікпен алшақтықтар болған жағдайда бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қайта есептеуге құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң аудиттелген қаржылық есептілік ұсынылмаған жағдайда салық органы осы баптың 3-1-тармағында белгіленген тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қайта есептеуге құқылы.»;
1-тармақтың 127) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
127) 298-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Резидент есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сай келетін резиденттерге қолданылмайды.
2. Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті тұрғылықты немесе орналасқан жеріндегі салық органына ұсынады.»;
1-тармақтың 128) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
128) 300-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті кезеңде және есепті салықтық кезеңнің алдындағы қатарынан екі алдыңғы салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен келтірілген залалдардың сомасына азайтылады. Осы Кодекстің 223-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды.»;
13-тармақтағы «10» деген цифрлар «14» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 129) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
129) 302-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы үшінші - алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салу объектісінің көбейтіндісі,
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі,»;
он бірінші - жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
1-тармақтың 130) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
130) 303-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатады:
Се = П ×Ү × Мт/100%, мұнда:
Се - табыс салығының есепке жатқызуға жататын сомасы;
П - осы Кодекстің 223-бабына сәйкес резиденттің салық салу объектісіне қосылған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті;
Мт - табыс салығын, оның ішінде осы Кодекстің 297-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алмай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген және (немесе) резидент бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде ағымдағы салықтық кезеңде пассив кірістердің үлесі бар формуланы пайдаланатын бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынған жағдайда, тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасын құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы бөліктің ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иелену немесе жанама бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп шет мемлекетте (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау өзі (солар) арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) тіркелген) төленген кезде немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей иелену немесе тікелей бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иеленген не резиденттің онда тікелей және жанама бақылауы болған жағдайда бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) әрбір тікелей және жанама иелену не ондағы тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иелену не ондағы тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жатады.
Осы тармақты қолдану үшін резидентте мынадай құжаттар (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) болуға тиіс:
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген жеке қаржылық есептілігінің көшірмесі;
резиденттің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың атауын және олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топқа қатысушылар жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топқа барлық қатысушылардың қатысу үлестерінің мөлшері мен мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін (салықтық тіркеу болған кезде) көрсете отырып, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын осындай шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымын ашатын құжат;
бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілінде жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бірінші басшысының (немесе қаржылық есептілікке қол қоюға уәкілеттік берілген адамның) қолымен куәландырылған, төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғаны туралы ақпаратты ашатын құжат немесе бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген адам куәландырған, төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғаны туралы ақпаратты ашатын аудиттелген қаржылық есептілікке түсіндірме жазба.»;
131) 305-бапта:
2-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «төлеушілер орындамайды.» деген сөздер «төлеушілер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
1-тармақтың 131) тармақшасының бесінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«9) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, осы Кодекстің 293-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
1-тармақтың 131) тармақшасының алтыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым орындамайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мыналар есепке алынбайды:
мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;
осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері;
осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға олардың айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері;
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушінің осы Кодекстің 293-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметтен алынған кірістері;
осы Кодекстің 708-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілердің басым қызмет түрлерінен алынған кірістері;
осы Кодекстің 80-1-тарауында көрсетілген салық төлеушінің инвестициялар туралы келісімде айқындалған инвестициялық жоба шеңберіндегі қызмет түрлері бойынша кірістері.»;
1-тармақтың 132) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
132) 306-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Салық төлеуші салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 315-бабының 4-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.»;
1-тармақтың 133) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
133) 313-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 223-бабының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған салық салу объектілері 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.»;
134) 314-баптың 5-тармағындағы «арнаулы салық режимінде» деген сөздер «, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 135) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
135) 315-баптың 4-тармағында:
«есептілік ұсынылған күнге қаржылық есептілік бойынша бекітілген аудиторлық есеп» деген сөздер «декларация ұсынылған күнге бекітілген қаржылық есептілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бойынша аудиторлық есеп» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 136) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
136) 316-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
137) 319-баптың 2-тармағында:
2) тармақшаның екінші абзацындағы «және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жұмыс берушінің жұмыскерлерді Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстары;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім киіп жүру және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;»;
18) тармақшада:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «қарыз, микрокредит» деген сөздер «қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым», «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздер тиісінше «ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым», «ипотекалық ұйымға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «микрокредиттің», «қарыз, микрокредит» деген сөздер тиісінше «ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің», «қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
екінші абзацтағы «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның», «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым», «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен» деген сөздер тиісінше «ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның», «ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым», «ипотекалық ұйыммен, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «қарыз, микрокредит» деген сөздер «қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшада:
«микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздер «ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «қарыз, микрокредит» деген сөздер «қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) салық агенті жұмыскердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған ерікті зейнетақы жарналары;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;»;
1-тармақтың 137) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
«44) осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында белгіленген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлғаның бейрезидент-заңды тұлғадан бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы нәтижесінде туындаған дивидендтер.»;
138) 321-баптың 9) тармақшасы «төлемдері» деген сөзден кейін «, біржолғы зейнетақы төлемдері» деген сөздермен толықтырылсын;
139) 322-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (оның алуына жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі деп танылады.»;
3-тармақта:
1), 2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғаның салық агентінен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алатын кірісі;
2) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;»;
«6) мүліктік кіріс;»;
мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
9) дара кәсіпкердің кірісі.»;
140) 323-бапта:
1) тармақшаның бірінші абзацы «меншігіне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ өзіне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесіне» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«пайдасына» деген сөзден кейін «, сондай-ақ өзіне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшесінің пайдасына» деген сөздермен толықтырылсын;
«қосылған құн салығы мен акциздердің» деген сөздер «қосылған құн салығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
141) 324-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы теріс айырма;
жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолданады;»;
142) 325-бапта:
тақырыптағы «оның ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы «, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, салық агентінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.»;
143) 326-бапта:
1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
4) тармақшадағы «жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.» деген сөздер «жеке тұлғаларға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.»;
144) 329-баптың 1) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары» деген сөздер «жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлға өз пайдасына;
жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген сақтандыру төлемдері;»;
145) 330-баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаның осы Кодекстің 332-бабында көрсетілген мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі;»;
1-тармақтың 145) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«4) дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;»;
146) 331-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: