«3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығып қалуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
184) 429-бапта:
6-тармақтың үшінші абзацындағы «434-бабында» деген сөз «434-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша:
осы Кодекстің 424-бабының 4-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда салық органының шешімін шығару күніне;
осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі есептен шығаруға жатады.
Салық төлеушілердің жеке шоттарынан қосылған құн салығының асып кетуін есептен шығару уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
185) 431-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 424-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін басталады.»;
186) 433-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі бесінші абзацындағы «есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады.» деген сөздер «есепке жатқызу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«бенефициардың жабық банктік шотына төлем қате жасалған не ақша қате аударылған жағдайларда, бақылау шотынан бастамашылық жасалған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «2) тармақшасына» деген сөздер «2) және 3) тармақшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
187) 434-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияларды ұсынған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну күніне салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ мынадай:
1) кемінде қатарынан он екі ай салықтық мониторингте тұрған қосылған құн салығын төлеушілердің;
2) тізбесін уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін өз өндірісінің тауарларын өндірушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.»;
үшінші бөлікте:
«салықтық мониторингке жататын, осы тармақта көзделген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздер «осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салықтық мониторингке жататын» деген сөздер «осы тармақта көзделген талаптарға сәйкес келген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерді біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде мұндай салық төлеушілер осы Кодекстің 152-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқылы. Бұл ретте қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезең тексерілетін кезеңге қосылады.»;
жетінші бөлік үшінші абзацындағы «мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.» деген сөздер «мөлшерде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін - есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.»;
3-тармақта:
«күннен бастап» деген сөздер «күн өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұзарту кезеңі ескеріле отырып» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.»;
1-тармақтың 188) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
188) 441-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 25-бөлімінде белгіленген жағдайларда қолданылмайды.»;
189) 442-баптың 2-тармағында:
1-тармақтың 189) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің 1) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 189) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жетінші бөлік «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
190) 447-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда» деген сөздер «көшірмелері не электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу және (немесе) төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы белгісі бар (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);»;
3-тармақтың 5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.»;
191) 448-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.»;
192) 449-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
бірінші бөліктегі «көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда» деген сөздер «көшірмелері не электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі» деген сөздер «осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 193) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
193) 450-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын»;
1-тармақтың 194) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
194) 451-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынандай шарттар сақталған кезде:
көлік құралдарын өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
құрамдастарды өндірушілерге қатысты - индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамдастарының;»;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «Инвестициялар» деген сөз «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу» деген сөздермен ауыстырылсын;
195) 453-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жазып беріледі.»;
196) 455-бапта:
тақырыптағы «Еуразиялық экономикалық одақта комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың» деген сөздер «Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігінде:
«импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және» деген сөздер алып тасталсын;
«8-тармағында» деген сөздер «7-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың төртінші бөлігіндегі «тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі» деген сөздер «, тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
197) 456-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«456-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 48-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.
Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің орындалғанын растайтын өзге де төлем құжаты немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжат.
Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төленген сомаларды салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің басқа да түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартында (келісімшартында) көзделген, есепті салықтық кезеңге тура келетін лизингтік төлемнің мерзімі бойынша осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылады;
2) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар (егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері, оның ішінде тауарларды көлік құралдарын пайдаланбай өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында осы құжаттарды ресімдеу көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды);
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында ұсынылуы (жазып берілуі) көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар.
Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында шот-фактураны ұсыну (жазып беру) көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, шот-фактураның орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады;
4) солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және мөрімен расталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған импортталған тауарды сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мынадай:
тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіретін нөмір;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның, дара кәсіпкердің) атауы;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;
өзіндік ерекшеліктің нөмірі мен күні туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық хабар (осы Кодекстің 454-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзінен тауар сатып алынатын салық төлеушісі өткізілетін тауардың меншік иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген өкіл болып табылса), онда осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне қатысты да ұсынылады.
Ақпараттық хабар шет тілінде ұсынылған жағдайда, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда, ақпараттық хабар ұсынылмайды;
6) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісім-шарттары) (олар жасалған жағдайда);
7) солардың негізінде комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген өкіл төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 454-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған көшірмелері ұсынылуы мүмкін.
Бұл ретте құжаттардың көрсетілген көшірмелері соңғы парағында парақтардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағында салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған кітап (кітаптар) түрінде ұсынылуы мүмкін.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан - салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан - салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.
Лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан - салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салықтық базаны көрсетпейді.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан - салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісім-шартында) көзделген төлем мерзімінің айынан - салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және ұсыну қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда мыналар ұсынады:
1) осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 428-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлей отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар;
2) осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салық төлеуші.
4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
5. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей төленеді.
Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей төленеді.
6. Тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай импортталған тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады.
Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі.
7. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіште уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысанда уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынуға міндетті.