10. Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей электрондық нысанда ұсынылады.
Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.
Бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылатын қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.»;
198) 457-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «келіп түспеген кезде» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
199) 458-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық органдарынан салық төлеушінің дербес кері қайтарып алуына, сондай-ақ салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш негізінде кері қайтарып алуға жатады.
2. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер етпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дербес жүргізеді.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші мынадай:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қате ұсынылған;
2) салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған;
3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, оның ішінде осы Кодекстің 459-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, салық органына салықтық өтініш беру арқылы жүргізеді.
4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен жүргізіледі:
1) салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан өшіріп тастау, ол қате ұсынылған немесе тиісті сапада және (немесе) жиынтықта болмауы себебінен, сондай-ақ салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған кезде толық көлемде қайтарылған импортталған тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша қолданылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, егер осындай өтінішті ұсыну жөніндегі міндет осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате ұсынылған деп есептеледі;
2) ауыстыру, ол кезде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізеді;
3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі емес салық органына жіберілген жағдайда өзгерту.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ауыстыру немесе өзгерту әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебіне қойылған жеріндегі салық органы салық төлеушінің жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарып алынатын өтініште көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.»;
200) 459-бапта:
1-тармақтағы «импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жиынтықта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарылған кезде осындай тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш осы Кодекстің 458-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өшіріп тастау әдісімен кері қайтарып алынады.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «2) - 8) тармақшаларында» деген сөздер «1) - 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 201) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
201) 462-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын;»;
202) 463-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өздеріне қатысты аралас (қатты (өзіндік ерекше) және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерден тұратын) салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы қатты (өзіндік ерекше) салықтық мөлшерлеме мен заттай түрде өткізілген (берілген, әкелінетін) акцизделетін тауарлар көлемінің көбейтіндісі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нәтижесінде алынған сома және осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек саудадағы бағасының адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сәйкес келетін пайыздық үлесі ретінде есептеледі.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы кестесінің 3, 12, 18, 21 және 22-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. | 2208-ден | Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 2550 теңге/ литр 100% спирт |
»;
«
12. | 220300 | Сыра және сыра сусыны | 90 теңге/литр |
»;
«
18. | 2403-тен | Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 10 560 теңге/ килограмм |
»;
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 11 750 теңге/1 кг темекі қоспасы |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 8 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
1-тармақтың 203) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
203) 464-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізу;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу;»;
1-тармақтың 204) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
204) 465-баптың 7-тармағының екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 205) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
205) 466-баптың екінші бөлігіндегі «өнімі», «және дизель отыны» деген сөздер тиісінше «өнімдері», «, дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары және экологиялық отын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 206) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
206) 470-бапта:
тақырыптағы «және дизель отынын» деген сөздер «, дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «және дизель отынын», «бензин», «және (немесе) дизель отынын» деген сөздер тиісінше «, дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды», «бензинді», «, дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 207) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
207) 473-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Осы Кодекстің 462-бабының 3) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар» деген сөздер «Арақты, айрықша арақты және этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан асатын басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
208) 478-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмейтін мерзімде орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті және осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.»;
209) 482-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатындар;»;
210) 484-бапта:
1-тармақтың 210) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны жеке практикамен айналысатын адамдар және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы «20),» деген цифрлардан кейін «22),» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-тармақтың 210) тармақшасының бесінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «654-бабы 1-тармағының» деген сөздер «654-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 211) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
211) 485-баптың 3-тармағындағы «салықтық мөлшерлемелер осы Кодекстің 61-тарауында» деген сөздер «салықтың мөлшерлемелері осы Кодекстің 77-тарауында» деген сөздермен ауыстырылсын;
212) 486-бапта:
1-тармақтың 212) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік» деген сөздер «Әлеуметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының:
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жазылған, төленген, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетті бір мезгілде орындауын тануға құқылы.»;
1-тармақтың 213) - 218) тармақшалары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
213) 493-баптың 9-тармағындағы «наурызынан» деген сөз «мамырынан» деген сөзбен ауыстырылсын;
214) 494-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.»;
215) 498-бапта:
3-тармақта:
4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақтағы «3-тармағы бірінші бөлігінің 3) - 7)» деген сөздер «3-тармағының 3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
216) 499-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
217) 504-бап алып тасталсын;
218) 505-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«505-бап. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 28,95 |
2. | Шымкент | 9,17 |
3. | Нұр-Сұлтан | 19,30 |
4. | Ақтау | 9,65 |
5. | Ақтөбе | 6,75 |
6. | Атырау | 8,20 |
7. | Көкшетау | 5,79 |
8. | Қарағанды | 9,65 |
9. | Қостанай | 6,27 |
10. | Қызылорда | 8,68 |
11. | Орал | 5,79 |
12. | Өскемен | 9,65 |
13. | Павлодар | 9,65 |
14. | Петропавл | 5,79 |
15. | Талдықорған | 9,17 |
16. | Тараз | 9,17 |
17. | Түркістан | 7,79 |
18. | Алматы облысы: | |
19. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 |
20. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 |
21. | Ақмола облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 |
24. | облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы |
25. | аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы |
26. | кенттер | 0,96 |
27. | ауылдар | 0,48 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.»;
219) 509-бапта:
4-тармақта:
1-тармақтың 219) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктегі «23 - 26» деген цифрлар «23 - 27» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 219) тармақшасының төртінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші бөліктегі «23 - 27» деген цифрлар «24 - 27» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 219) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.»;
1-тармақтың 219) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап осы Кодекстің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мәліметтерін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер салығын салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған жер салығының сомасы туралы хабарлама жібере отырып, жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді.»;
220) 510-бапта:
1-тармақтың 220) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «504,» деген цифрлар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) инвестициялар туралы келісім жасасқан және осы Кодекстің 80-1-тарауының ережелерін қолданатын тұлғалар - инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және 6)» деген сөздер «, 6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 221) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
221) 514-бап алып тасталсын;
1-тармақтың 222) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
222) 519-баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшалары «стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 223) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
223) 520-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және 4)» деген сөздер «, 4) және 5)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар «стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
224) 521-бапта:
3-тармақта:
10) тармақшаның екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 224) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым деп қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейінгі пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға түсініледі.»;
4-тармақ 2) тармақшасындағы «3-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.» деген сөздер «3-тармағында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салықтық мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.»;
5-тармақ 2) тармақшасындағы «ұйымдар есептейді.» деген сөздер «ұйымдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 80-1-тарауының ережелерін ескере отырып, инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға есептейді.»;
225) 522-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басында бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.»;
1-тармақтың 226) - 232) тармақшалары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
226) 526-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар - осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша;
4) бала кезінен мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;
6) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер;
7) көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар - пәтердің (бөлменің) меншік иелері.»;
3-тармақтағы «2) және 3)» деген сөздер «1) - 5)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
227) 527-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты салық төлеуші деп тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.»;
228) 528-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«528-бап. Салық салу объектісі
Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар;