Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілген кезеңге кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартуды кеден органы осы баптың 1-тармағында көзделген немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде жүзеге асырады.
Кеден органы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы және тауарларға арналған декларацияға осындай өзгерістер енгізілетіні туралы декларантты хабардар ете отырып, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізеді.
Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған кезде ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімді кеден органы декларант осы Кодекстің 301-бабының 2-тармағында көзделген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтамаған жағдайда қабылдайды. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы декларантқа мұндай бас тартудың негіздерін көрсете отырып, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімін жібереді.
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар кеден органы ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін аяқтау не тоқтата тұру мақсатында көрсетілген мерзімде өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Декларант кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде кеден органы кедендік қарап-тексеру актісін жасай отырып, тауарлардың өзгермеген күйінде болуын анықтау мақсатында кедендік қарап-тексеруді жүргізуге тиіс. Тауарлар кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, көрсетілген тауарлар қызмет аймағында болатын кеден органы кедендік қарап-тексеру актісін жасайды.
Тауарлар кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы шетелдік тауарларға қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі бірнеше рет қолданылған кезде, оның ішінде бұл тауарлардың декларанттары ретінде әртүрлі тұлғалар әрекет еткенде, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының жалпы мерзімі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
303-бап. Уақытша әкелінген тауарларды иелену және пайдалану бойынша шектеулер
1. Уақытша әкелінген тауарлар табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйінде қалуға тиіс.
Осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде кеден органы тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, жөндеуді қоса алғанда, уақытша әкелінген тауарларды сақтауды қамтамасыз ету үшін (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), олармен қажетті операцияларды жасауға, техникалық қызмет көрсетуге және тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасауға жол беріледі.
Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу барысында оларды пайдалануға жол беріледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес оларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, декларанттың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
3. Кеден органының рұқсатынсыз декларанттың:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қаптауға және қорғауға арналған, уақытша әкелінген көп айналымды (қайтарымды) ыдысты;
2) техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау (тасу) мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;
3) сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;
4) Комиссия айқындайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда өзге де мақсаттарда уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруіне жол беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағында белгіленгеннен өзге жағдайларда, декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруіне кеден органының рұқсатымен не кеден органын хабардар еткеннен кейін - Комиссия айқындайтын жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде жол беріледі.
5. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаға берудің себептері мен осы тұлға туралы мәліметті көрсете отырып, өтініш береді.
6. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беру осы тауарлардың декларантын осы тарауда белгіленген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың өзге де шарттарын сақтаудан босатпайды, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.
7. Осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, өздеріне қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей қолданылатын тауарлар, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде пайдаланылады.
8. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды, егер олар халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылса және оларға осы Кодекстің 40-тарауының ережелері қолданылса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалануға жол беріледі.
Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану кезінде осындай тауарларға қатысты осы Кодекстің 360-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы Кодекстің 360-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға осы Кодекстің 360-бабының 4-тармағына сәйкес жол беріледі.
Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдалану уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатпайды және тоқтата тұрмайды.
304-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолдану кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері
1. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар олардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күнінен бастап оның қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін төлеуге жатады.
2. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты декларанттың өтінішінде көрсетілген күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшінкедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу декларанттың өтініші бойынша жүргізіледі. Декларанттың көрсетілген өтініші тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларды шығару жүргізілген кеден органына осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін беріледі.
Декларанттың өтініші ретінде кедендік құжат - тауарларға арналған декларацияны түзету пайдаланылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған уақыт кезеңінің күнтізбелік әрбір айы (толық немесе толық емес) үшін (бұдан әрі осы бапта - кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі), егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні есептелген сомасының үш пайызы төлеуге жатады.
4. Осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде осындай тоқтатыла тұру кезеңі үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу жүргізілмейді. Осы тармақты қолдану мақсатында кедендік рәсім қолданылуының тоқтатыла тұру кезеңі уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатыла тұрған толық күнтізбелік айлар санымен айқындалады.
5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы декларанттың таңдауы бойынша кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолданудың бүкіл кезеңі үшін (бұдан әрі осы тарауда - кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу) немесе мерзімді түрде (бұдан әрі осы тарауда - кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу) төленеді. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде мұндай төлеу кемінде күнтізбелік бір ай (толық немесе толық емес) үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес төлеуге жататын мөлшерде жүргізіледі. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің мерзімділігін декларант тауарларға арналған декларацияда айқындайды.
Мерзімді түрде төленетін кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің 306-бабының 4-тармағына және 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолданудың бүкіл қалған кезеңі үшін біржолғы төлеуге жатады.
6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі үшін төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні есептелген сомасынан аспауға тиіс.
7. Осы Кодекстің 305-бабының 1, 2 және 5-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не тоқтатылған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі үшін төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызуға (қайтаруға) жатпайды.
305-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, тоқтата тұру және тоқтату
1. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) уақытша әкелінген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен, оның ішінде осы Кодекстің 359-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырумен;
2) уақытша әкелінген тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
3) мән-жайлар туындағанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын, Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлардың туындауымен аяқталады.
2. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінген тауарларды осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы;
2) қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының қайта басталуымен;
3) егер бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағына оларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған кезде кеден органы тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін осы кедендік рәсіммен орналастырылса, уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.
3. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы уақытша әкелінген тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен не Комиссия айқындайтын жағдайларда - арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру нәтижесінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру жағдайын айқындау кезінде Комиссия кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімін айқындауға құқылы.
4. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.
5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
6. Кеден органы осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағында уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жағдайларын, шарттарын және тәртібін Комиссия айқындайды.
306-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Декларантта уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет - кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты - кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына әкелінетін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын, жалпы кедендік құны екі жүз еуроға баламалы сомадан, ал егер Комиссия мұндай соманың өзге мөлшерін айқындаса - кеден органы тауарларға арналған декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша Комиссия айқындаған соманың мөлшерінен аспайтын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайды. Бұл ретте, осы тармақтың мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келу орнына дейін тасымалдауға (тасуға) жұмсалған шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге жұмсалған шығыстар мен осындай тауарларды осылай тасымалдауға (тасуға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыруға жұмсалған шығыстар кедендік құнға қосылмайды.
Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сомаға қарағанда өзге сома мөлшерін айқындауға құқылы, оның шегінде бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына әкелінетін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайды.
3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай:
1) осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы;
2) егер осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылса, осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
3) осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) оларды осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында және 13-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
5) шетелдік тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не бұл тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылуы;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымын тоқтату;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес тауарларды кеден органының кідіртуі және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
10) егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған тауарлардың уақытша сақтауға қойылуы немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылуы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында осындай тауарлар алып қойылғанға немесе тыйым салынғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде - кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкелу баждары, салықтар төлеуге жатады).
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған мөлшерлерде төлеуге жатады.
6. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген, тауарлардың уақытша болу және оларды пайдалану шарттары сақталмаған жағдайда - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткен жағдайда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде - осындай шекті мерзім өткен күн;