8. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай:
1) еркін қойманың аумағында құрылыс және (немесе) монтаждау мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыратын мердігерге (қосалқы мердігерге) немесе өзге де тұлғаға;
2) оларды тасымалдау үшін тасымалдаушыға;
3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстауға қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;
4) өндірістік процесте көзделген, осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды жасайтын, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;
5) осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, еркін қойма аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруге жол беріледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын тауарларды еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес пайдаланудың осы тарауда көзделген шарттарын сақтаудан босатпайды.
295-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
1) еркін қойма иесінің немесе кеден органының лауазымды адамдарының еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлер, мөртаңбалар басуы, цифрлық және басқа да таңбалауды жүргізу;
2) шетелдік тауарлар ауқымында егжей-тегжей сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;
4) тауарлардағы, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде таңбалауды пайдалану;
5) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың сипаты және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операциялар негізге алынып, оның ішінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаудың технологиялық процесінде пайдалану туралы, сондай-ақ оларды өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
296-бап. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау және тоқтату
1. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
егер осындай тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтса және олардың сапасы қолдану мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе оларды өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарлар еркін қойманың аумағынан әкетілген;
3) осы Кодекстің 294-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, декларант еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 10-тармағына сәйкес өзге тұлғаға берген жағдайларда аяқталуға тиіс.
2. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған кезде олардың декларанты болып табылған тұлға тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
3. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар орналастырылған еркін қойма аумағындағы кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтары ескеріле отырып, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталады не осы баптың 7 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес осы баптың 1-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
4. Тауарларды еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағынан өзгертілмеген күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және осы Кодекстің 299-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен;
2) мыналарды:
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарларды;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және осы Кодекстің 299-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
5. Еркін қойманың аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгертілмеген күйде еркін қойманың аумағынан әкетілетін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және осы баптың 6-тармағы ескеріле отырып, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;
2) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгертілмеген күйде қалған еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланылып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
6. Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылу аясына жататын шетелдік тауарлар кірсе, осындай тауарлар еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы тауарларда сәйкестендірілсе, осы Кодекстің 207-бабының 2-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылуы мүмкін.
7. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) еркін қойма кедендік рəсімімен орналастырылған тауарлар жəне еркін қойма кедендік рəсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтса жəне өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, оның ішінде қалдықтар тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге де тəсілмен жою мүмкіндігі туралы мəселе құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осылай көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге де тəсілмен жою үшін еркін қойма аумағынан əкетілсе немесе еркін қойма аумағында қалдырылса, кедендік рəсімдермен орналастырылмай аяқталады. Бұл ретте еркін қойма кедендік рəсімінің қолданысы көмілген, залалсыздандырылған, кəдеге жаратылған немесе өзге де тəсілдермен жойылған тауарлардың көлеміне сəйкес келетін жəне тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге де тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою тəсілі мен орны көрсетілетін қорытындысын беру жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындалатын, еркін қойма кедендік рəсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты аяқталады. Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдар берген құжат қорытынды болып табылады. Мұндай құжатты беру осы Кодекстің 330-бабының 1) тармақшасында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге де тəсілмен жою мүмкіндігі туралы мəселе құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарларды авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалту фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою осы тауарларды іс жүзінде көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзімдерде, сондай-ақ егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге де тəсілмен жою мүмкіндігі туралы мəселе құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысында көрсетілген мерзімдер ескеріле отырып жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою қызмет аймағында көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою жүргізілетін кеден органы кеден органының, тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мүмкіндігі туралы мəселе құзыретіне кіретін уəкілетті органның өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен жəне декларанттың жəне (немесе) кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам айқындайтын өзге де тұлғалардың қатысуыме жүргізіледі. Қажет болған жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмуден, залалсыздандырудан, кәдеге жаратудан немесе өзге де тәсілмен жоюдан кейін мынадай негізгі мәліметтерді:
көмудің, залалсыздандырудың, кәдеге жаратудың немесе өзге де тәсілмен жоюдың күні мен орнын;
еркін қойма кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметті;
көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметті;
көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың атауларын, олардың өлшем бірліктеріндегі санын;
көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілін;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтерді қамтитын, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысушы адамдардың қол қоюымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісі фото- және (немесе) бейнетүсірілім қолданыла отырып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісіне қоса беріледі.
Еркін қойма кедендік рәсімі осы тармақшаның ережелері ескеріле отырып, тауарларды іс жүзінде көмумен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен немесе өзге де тәсіл арқылы жоюмен аяқталады;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалған не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалған және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы таныған жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Мұндай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
3) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар өндірістік шығындар санына сәйкес келетін және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаудың технологиялық процесіне, сондай-ақ оларды өндіру технологиясына сәйкес айқындалатын бөлігінде осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетілуге жатады.
Еркін қойма кедендік рәсімін қолдануды аяқтау тәртібін осы тармақшада көзделген жағдайда уәкілетті орган айқындайды.
8. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға берілген және еркін қойманың иесі пайдаланатын жабдықтар немесе еркін қойманың аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойманың иесі пайдаланған тауарлар және осындай жылжымайтын объектілердің құрауыш бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсіммен орналастырылмай аяқталады.
Көрсетілген тауарлар еркін қойма кедендік рәсімін қолдану аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
9. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын декларант өзге тұлғаға берген кезде осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады.
10. Еркін қойманың иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
297-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері және есептеу
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта - тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғада -тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 296-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлардың басталуынан кейін аяқталғанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) өздеріне қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда осындай тауарлар еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай, еркін қойманың аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз әкетілген жағдайда - еркін қойманың аумағынан әкетілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса, - еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн;
2) осы Кодекстің 294-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда осындай тауарлар берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін өзге тұлғаға берілген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай беру фактісі анықталған күн;
3) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін қойманың аумағына қайтарылмаған жағдайда - осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
4) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарларға қатысты, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталмаған жағдайда - осы мерзім өткен күн;
5) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін өзге еркін қойманың аумағында орналастырылмаған жағдайда - осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
6) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (қайтарымсыз жоғалуды) не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай жоғалу фактісі анықталған күн;
7) осы Кодекстің 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттар кеден органына ол белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда - осындай тауарлар еркін қойма аумағының шегінен тыс жерге әкетілген күн;
8) осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай тоқтату кезінде еркін қойманың аумағында болатын көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатуды қоспағанда, - осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.