5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталған жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес осындай тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал шығарылуы оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілмеген жағдайда, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) осындай тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін болса, осындай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, осындай топқа кіретін, оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, егер тауарды не топқа кіретін тауарларды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодының тауарларына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғары негізге алынып есептеледі.
Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен анықтау кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
8. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген не шетелдік тауарларға қолданылатын, осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толығымен немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
298-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жекелеген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру кезінде шығару тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау үшін еркін қойма иесі пайдаланатын жабдықты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін жабдықты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:
1) осы Кодекстің 295-бабына сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілген тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау кезінде пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін - тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін еркін қойма кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні осы Кодекстің 295-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілмеген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады. Бұл жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеуге арналған база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.
3. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын осы Кодекстің 296-бабы 10-тармағына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқтау кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
299-бап. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау
1. Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес айқындалады, олар:
1) тауарлар кодының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруінен;
2) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жеткен кезде тауарлар құнының өзгеруінен (адвалорлық үлес қағидасы);
3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операцияларды жасаудың қажетті шарттарын орындаудан көрінуі мүмкін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер тауарларды дайындау (алу) жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде мынадай шарттардың біреуі орындалса:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгергенде;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлестен аспаса немесе қосылған құн түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жетсе;
3) осы баптың 3-тармағынның бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттар орындалса, өндірістік және технологиялық операциялар жасалса, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
3. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер осындай тауарларға қатысты өзге шарттардың орындалуына қарамастан, жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар ғана жасалса, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі және адвалорлық үлес қағидасы, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі айқындалған жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.
4. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жасалуы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар тізбесін Комиссия айқындайды.
5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде адвалорлық үлес қағидасын пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.
Адвалорлық үлес қағидасы Еуразиялық экономикалық одақтың еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.
6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы айқындайды.
7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану туралы қорытындыны немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылмайтын тауарлар деп тану туралы қорытындыны береді.
Көрсетілген қорытындылардың нысандарын, мұндай қорытындылардың электрондық құжаттар түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Комиссия айқындайды.
8. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат болмаған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде осындай тауарлар оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
31-тарау. УАҚЫТША ӘКЕЛУ (РҰҚСАТ БЕРУ) КЕДЕНДІК РӘСІМІ
300-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы
1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей не кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында уақытша болады және пайдаланылады.
2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкелінген тауарлар) шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мен пайдалануы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей жол берілетін тауарлар санаттарын, осындай уақытша болудың және пайдаланудың шарттарын, сондай-ақ осындай уақытша болу және пайдаланудың шекті мерзімдерін Комиссия айқындайды және (немесе) ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
4. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі мынадай тауарлар санаттарына:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды жарнамалық және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме жәдігерлері не өнеркәсіп үлгілері ретінде бірлі-жарым даналарда әкелу жағдайларын қоспағанда, алкогольді, темекіні және темекі бұйымдарын, шикізат пен жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, тамақ өнімдеріне, сусындарға;
2) қалдықтарға, оның ішінде өнеркәсіп қалдықтарына;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларға қатысты қолданылмайды.
5. Бұрын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін осы кедендік рәсіммен орналастыру жолымен кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру үшін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
301-бап. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру мен оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары
1. Мыналар:
1) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау мақсатында осындай кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды кейіннен кедендік рәсіммен орналастырған кезде оларды осындай сәйкестендіру мүмкіндігі тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда тауарларды сәйкестендіру талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;
3) егер тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуы және пайдаланылуы шарттарын осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаса және (немесе) олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, мұндай шарттарды сақтау;
4) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) кеден органы белгілеген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
2) осы Кодекстің 303-бабында белгіленген уақытша әкелінген тауарларды иелену және пайдалану бойынша шектеулерді сақтау;
3) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;
4) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болу және пайдаланылу шарттарын сақтау тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
302-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі
1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.
3. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы декларанттың өтініші негізінде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатын және мән-жайларын негізге алып, осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді, ол осы баптың 4-тармағы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
4. Кеден органы белгілеген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тұлғаның тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына өтініші бойынша осы мерзім өткенге дейін не ол өткеннен кейін бір айдан кешіктірілмей, осы баптың 1-тармағында көзделген осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде ұзартылуы мүмкін.