кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде - кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталған күннің алдындағы күн;
3) осы Кодекстің 304-бабының 2-тармағына сәйкес декларант өтініш берген жағдайда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде - декларанттың өтінішінде көрсетілген күннің алдындағы күн;
кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде - кедендік әкелу баждарының, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталған күннің алдындағы күн;
4) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден декларант бас тартқан жағдайда - тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілген күн;
5) осындай іс-қимылдарды жасау осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың басталуына алып келетін жағдайларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер берудің мақсаттары мен шарттары бұзылып, іс-қимылдар жасалған жағдайда - көрсетілген іс-қимылдар жасалған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
6) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар кеден органдарының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілген жағдайда - тауарлар берілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
7) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар жоғалған (аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда) жағдайда - тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
8) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда - осы кедендік рәсімнің қолданысы осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
8. Кедендік әкелу баждары, салықтар:
1) осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) рәсімімен орналастырылған күннен бастап оның қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай;
2) осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде - уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай;
3) осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде - осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған мөлшерлерде;
4) осы баптың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде - осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған және осы баптың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты төленбеген мөлшерлерде;
5) осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде - егер осы баптың 10-тармағында өзге мөлшер көзделмесе, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары шегеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
9. Осы баптың 8-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде осы тауарларға қатысты төленген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері өткен күн аралығындағы көрсетілген сомаға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
10. Егер осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес аяқталса, кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай төлеуге жатады. Бұл ретте, осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс емес.
11. Егер осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін оларға қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтаған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға қойылса немесе осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылса, кедендік әкелу баждары, салықтар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға қою немесе оларды кедендік рәсіммен орналастыру күні аралығындағы кезең үшін төлеуге жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждары, салықтар, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылса және кеден органы - тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілген күнге дейін жүргізілген тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтінішті тіркеген күнге есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспайтын мөлшерлерде төлеуге жатады. Бұл ретте осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатпайды.
12. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
13. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар кеден органдарының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілген жағдайда - тауарлар берілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса - көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
3) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда - осы кедендік рәсімнің қолданысы осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
14. Осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай мөлшерлерде төлеуге жатады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін - тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты - кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тіркеген күнге қолданыста болатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
15. Осы баптың 14-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап осы баптың 13-тармағында белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдері өткен күн аралығындағы оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
307-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу мен төлеудің ерекшеліктері
1. Уақытша әкелінген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 216-бабына сәйкес осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар мен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төлеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың және (немесе) кеден органы осы декларанттан өндіріп алған соманың айырмасы мөлшерінде төлеуге жатады.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген (өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, егер көрсетілген сомаға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес шығарылғанға дейін төленген уақытша кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген пайыздар есептелмейді және төленбейді.
Егер осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатыла тұрса, кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең үшін осы тармақта көзделген пайыздар есептелмейді және төленбейді.
Комиссия уақытша әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген пайыздар есептелмейтін және төленбейтін жағдайларды айқындауға құқылы.
4. Егер осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылғаннан кейін уақытша әкелінген тауарларды уақытша әкелінген тауарлардың декларанты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда осы баптың ережелері қолданылады.
Осы баптың ережелері, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталған жағдайда да қолданылады.
32-тарау. УАҚЫТША ӘКЕТУ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
308-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
1. Уақытша әкету кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осындай тауарлар тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік әкету баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерде олардың уақытша болуы және пайдаланылуы үшін әкетіледі.
2. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкетілген тауарлар) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
1) осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
2) осы Кодекстің 386-бабының 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты уақытша әкету кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
4. Уақытша әкету кедендік рәсімі мынадай тауарларға:
1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде оларды санаулы даналарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдеріне, сусындарға;
2) қалдықтарға, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарға қатысты қолданылмайды.
5. Комиссия оларға қатысты шетелдік тауарлармен оларды ауыстыруға жол берілетін уақытша әкетілген тауарлардың санаттарын, сондай-ақ осындай ауыстыру жағдайларын айқындауға құқылы.
309-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары
1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында оларды кейіннен кедендік рәсіммен орналастыру кезінде сәйкестендіру мүмкіндігі болып табылады.
Тауарларды сәйкестендіру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда уақытша әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілетін жағдайларда талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары:
1) кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
2) осы Кодекстің 311-бабында белгіленген уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулерді сақтау болып табылады.
310-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі шектелмеген.
Бұл ретте тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кеден органы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағына қайтару міндеттілігі және осындай тауарларды қайтару мерзімі белгіленген тауарлар үшін уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару үшін көзделген мерзімдер шегінде кеден органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, ресми және жеке пайдалануы үшін әкетілетін тауарларды осындай өкілдіктер мен аталған адамдардың шет мемлекетте аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасынан уақытша әкетуге жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда тауарлар уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кеден органы декларанттың өтініші негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару үшін көзделген шекті мерзімнен немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, шет мемлекетте аккредиттелу мерзімінен аспайтын, осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді.
3. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі декларанттың өтініші бойынша осы мерзім өткенге дейін не ол өткеннен кейін бір айдан кешіктірілмей ұзартылуы мүмкін.
Кеден органы осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін кеден органы декларанттың өтініші бойынша осы баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес шекті мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартады.
4. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант кеден органы белгілеген уақытша әкету мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті кеден органы көрсетілген өтініштің кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кедендік рәсімнің қолданысы көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.
Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін кеден органы осы баптың 2-тармағына сәйкес мерзім шегінде, ал егер уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 1-тармағына сәйкес шектелмеген болса, декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде көрсетілген мерзімге ұзартуды жүзеге асырады.
Кеден органы уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің ұзартылуы және тауарларға арналған декларацияға осындай өзгерістер енгізу туралы декларантты хабардар ете отырып, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізеді.
Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданысы осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
5. Декларант осы Кодекстің 309-бабының 2-тармағында көзделген уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтамаған жағдайда кеден органы уақытша әкету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Шетелдік тұлғаға уақытша әкелінген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды осы мемлекеттің аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкелінетін тауарларға меншік құқығы берілген жағдайда осы тауарларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, ал көрсетілген тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
311-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер
1. Уақытша әкетілген тауарлар табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.
2. Тауарларды қалыпты күйде ұстау үшін қажетті күрделі жөндеуді, жаңғыртуды, техникалық қызмет көрсетуді және басқа да операцияларды қоспағанда, кеден органы тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне орналастыру кезінде оларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытша әкелінген тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жөндеуді қоса алғанда, олармен қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.