3) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
5) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүгізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылғанда тоқтатылады.
4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жібергенде не тиісті белгілерді кеден органы қойғанда;
2) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
5. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі болып:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда - тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні;
3) осы Кодекстің 277-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда - кеден органы белгілеген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын есептеу үшін кеден органы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының сомаларынан, егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілетін болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
9. Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының сомасы осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
10. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін орындауға жатады (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
11. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты, ал декларанты ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты - осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін орындауға жатады (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
12. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген және тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін берілмеген тауарларға қатысты, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты - осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні, ал декларанты ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты - осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні есептеледі.
13. Осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты төлеуге жататын салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу базасы тауарларды шығару туралы өтініште және осындай өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.
Егер тауар кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны оннан аз мөлшердегі топтама деңгейінде айқындалса, мыналарды:
салықтарды есептеу үшін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың үшінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылған болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алынып есептеледі.
Егер осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кейіннен тауарларға арналған декларация берілсе, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтер негізге алынып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген сомалар мөлшерінде төленеді. Салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарынң артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
279-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру кезінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары осы Кодекстің 216-бабына сәйкес, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептеледі және төленеді.
2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру кезінде салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта туындамайды.
280-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен қалған бөліктерді орналастыру кезінде оларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу ерекшеліктері
Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен қалған бөліктерді орналастыру кезінде салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта туындамайды.
29-тарау. ЕРКIН КЕДЕН АЙМАҒЫ КЕДЕНДIК РӘСIМI
281-бап. Еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiнің мазмұны және қолданылуы
1. Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осындай тауарлар АЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде қойылады және пайдаланылады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттарда АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағына қоюға және (немесе) онда пайдалануға арналған тауарлары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін әкелінетіндерін қоспағанда, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) таңдауы бойынша еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
Осы Кодекстің 291-бабында көзделген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары міндетті тәртіппен еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
Өздеріне қатысты осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар жасалатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары міндетті тәртіппен еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
4. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) тауарларды жинап қою (сақтау), тауарларды тиеу (түсіру) және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары бойынша, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шартты (бұдан әрі осы тарауда - қызметтер көрсету туралы шарт) жасасқан тұлғалардың, егер осындай қызметтер көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін болса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қоюға арналған тауарлары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың АЭА аумағындағы және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларына қатысты кез келген операцияларды, оның ішінде осы Кодекстің 285-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
6. АЭА аумағына жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе) осындай АЭА аумағынан тауарларды, сондай-ақ осындай көлік құралдарындағы керек-жарақтарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
8. Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларынан және Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
9. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 290-бабына сәйкес айқындалады.
10. Егер АЭА аумағындағы тауарларды кеден органы олар жасалғанға дейін АЭА аумағында болған тауарлар ретінде немесе АЭА аумағына әкелінген немесе АЭА аумағында дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендіре алмаса, онда осындай тауарлар оларды АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
11. Бұрын АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілген, осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде осындай тауарларға қатысты кері импорт кедендік рәсімі қолданылмайды.
12. Ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осындай тауарларды әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендірілуге тиіс.
Егер ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жасау үшін пайдаланылса, бірақ осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған мұндай шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы.
АЭА-да немесе жекелеген АЭА-да еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
14. Кеден органы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретіндей (кіргендей) етіп сәйкестендіре алатын бөлшектер, тораптар, агрегаттар АЭА аумағынан оларды әкету мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде қаралады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.
282-бап. Тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары
1. Мыналар:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған өзге де мақсаттарда, тауарлардың АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағына қоюға және (немесе) АЭА аумағында пайдалануға арналуы;
2) қызметтер көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлар сипаттамаларын өзгертпейтін жағдайда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалардың тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қоюына арналуы;
3) шетелдік тауарларға қатысты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары ретінде аумағына осы тауарлар қойылатын АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылатын тұлғалар, ал осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда - осы баптың 3-тармағында көрсетілген немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге де тұлғалар әрекет ете алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін немесе порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне немесе оның шегінен тыс жерге әкетілетін тауарлардың декларанттары ретінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде әрекет ете алады.
4. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын тұлғаларын және осы тұлғалар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды айқындауға құқылы.
5. Мыналар:
1) осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағы ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА жұмыс істеу мерзімі немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқанға дейін АЭА аумағына қою және тауарлардың АЭА аумағында болуы;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды:
АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) не Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттарға;
егер тауарлар осындай қызметтерді көрсету үшін порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға мен порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес пайдалану;
3) мыналар:
осындай тауарлардың декларанты не осы Кодексте айқындалған өзге де тұлғалар;
егер қызметтер көрсету туралы шарт бойынша тауарларды сақтауды жүзеге асыратын болса және осындай тауарлардың декларанты болып табылмаса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) жүзеге асыратын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА аумағына қою және пайдалану;
4) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабына сәйкес әрекеттерді жасау еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары болып табылады.
6. АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың осы баптың 5-тармағында айқындалған шарттары осы Кодекстің 287-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес осы кедендік рәсім аяқталғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін сақталуға тиіс.
7. Егер порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) қызметтер көрсету туралы шарт бойынша өзі декларанты болып табылмайтын тауарларды сақтауды жүзеге асыратын болса, ол еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға міндетті.
283-бап. АЭА аумағы және АЭА аумағында жасалатын кедендік операциялар
1. АЭА аумағы осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, кедендік бақылау аймағы болып табылады.