2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар және қалғандары) шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасында тізбесі айқындалатын тауарларға қатысты қолданылады.
269-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осы Кодекстің 273-бабында айқындалған мәліметтер қамтылатын, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың болуы;
2) кеден органдарының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі;
3) егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары ескеріле отырып, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде олар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын болса, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын болса, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты есептелген кедендік әкелу баждарының сомаларынан аз болса;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін болмауы;
5) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;
6) егер салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер берілмесе, салықтарды төлеу;
7) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау;
8) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау кезінде осы Кодекстің 271-бабының ережелерін сақтау;
3) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың болуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларды пайдалануы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіруі деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың ұшырағанын осы Кодекстің 272-бабында айқындалған тәсілдердің біреуімен анықтау түсініледі.
270-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.
3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы өтінішті ұсынып, мұндай құжатта көрсетілген, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса береді.
Декларанттың тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы аталған өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кеден органы өтінішті қарау нәтижелері бойынша тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту не мұндай ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілген кезеңде тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Декларант тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын ұсынбаған жағдайда кеден органы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.
Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кеден органының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімін декларантқа жібереді.
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруды жүргізген кеден органының лауазымды адамы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайда, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізіліп, декларант осындай өзгерістердің енгізілгені туралы хабардар етіледі.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 277-бабына сәйкес аяқталуға жатады.
271-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды қамтиды.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:
1) тауарларды сатуға және тасымалдауға (тасуға) дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар, оның ішінде тауарлар өздерінің жеке-дара сипаттамаларын жоғалтпайтын тауарларды орау, өлшеп-орау және сұрыптау;
2) төл алу, құстарды, балықтарды қоса алғанда, жануарларды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өзге де өсімдіктерді өсіру;
4) ақпаратты, аудио- және бейнежазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түріне көшіру және көбейту;
5) Комиссия айқындайтын өзге де операциялар жатпайды.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын пайдалануға жол беріледі.
272-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру
Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
декларанттың, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртабандарды басуы, цифрлық және басқа да таңбаларды салуы;
шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;
шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;
тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түріндегі таңбалауды пайдалану;
тауарлардың және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі жасалатын операциялардың сипаты негізге алынып, оның ішінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылатын, ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
273-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты Қазақстан Республикасының кез келген тұлғасы, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасамайтын тұлға алуы мүмкін.
2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
1) құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы;
2) құжат берілген тұлға туралы;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;
4) шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, олардың саны мен құны);
5) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;
6) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы;
8) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;
9) қалдықтар және қалғандары туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, олардың саны мен құны);
10) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі;
11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы;
12) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы;
13) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы;
14) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі бір жылдан не тауарлардың жекелеген санаттары үшін Комиссия айқындайтын неғұрлым ұзақ мерзімнен аспауға тиіс.
4. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеу өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
5. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялау кезінде - тауарлардың бірінші партиясын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап есептеледі.
6. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын, оны толтыру тәртібін және осындай құжатты беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
274-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір санын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің саны және (немесе) пайыздық құрамы түсініледі.
2. Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар белгіленген техникалық талаптарға сәйкес сипаттамалары іс жүзінде тұрақты болып қалатын тауарларға қатысты жасалса және сапасы өзгермеген қайта өңдеу өнімдерін алуға әкелетін болса, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығу нормаларын белгілеуі мүмкін.
275-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен олар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған не мұндай қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы күйінде әкелінген деп қаралады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күнінен бастап не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ұсынған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылауда болмайтын деп есептеледі.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысыраптар деп таныған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
276-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары
Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары осы Кодекстің 277-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
277-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осындай кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 275-бабының 2-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзге түрде ішкі нарықты қорғау шараларын сақтауды растау талап етілмейді.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, осы Кодекстiң 275-бабының 2-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалған бөліктердің) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танумен не кеден органына пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де жолмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды ұсынумен;
4) кеден органдарының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп тануымен;
5) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталуы мүмкін.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
278-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларға қатысты, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодестің 277-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылғанда;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
4) кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
5) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 13-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;