Қазақстан Республикасының аумағында құрылған жекелеген АЭА аумақтарында кедендік бақылау аймағы кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған АЭА аумағының бір бөлігі (бөліктері) болып табылады.
2. АЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс.
АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді.
АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. АЭА аумағына қойылған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекске сәйкес жасалады.
4. Порттық АЭА-ны және логистикалық АЭА-ны қоспағанда, АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органын осындай әкелу туралы хабардар ете отырып жүзеге асырылады, ал АЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы көрсетілген хабарламаны беру және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға әкелуге көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін, сондай-ақ мұндай хабарламалар мен рұқсаттардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағының шегінен тыс жерде экспорт кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осындай АЭА аумағынан жөнелтілген кезде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі орын болып табылатынын растайтын көлік (тасымалдау) құжаттарын ұсынады.
5. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелу кезінде осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты осы Кодекстің 154-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады.
6. Кеден органдары АЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы. Кеден органының АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Декларант еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізеді және кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру жүргізілген кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларда болған кез келген өзгеріс есепке алу құжаттарында көрсетуге жатады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
284-бап. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Осы баптың 3-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген күнінен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты қолданылмайды. Мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында орналасқан халықаралық пошталық алмасу орнында (мекемесінде) осы Кодекске сәйкес жасалады.
3. Мыналар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайды:
1) осы көлік құралдарының тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды осы аумақтан кетпей жүзеге асыратын, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін көлік құралдары;
2) теңіз порты, өзен порты, әуежай әкімшілігі, сондай-ақ АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және теңіз портында, өзен портында, әуежайда кеме қатынасының қауіпсіздігін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін, теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды не теңіз портында, өзен портында, әуежайда қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар порттық АЭА аумағына әкелетін немесе порттық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкететін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
3) осы АЭА-лардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА әкімшілігі порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелетін немесе порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкететін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
4) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осындай әкелуге дейін оның шегінен тыс жерде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар;
5) теміржол табанының енін өзгертудің технологиялық қажеттілігіне байланысты, тауарларды теміржол көлігімен тасымалдаған жағдайларда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осындай әкелуге дейін оның шегінен тыс жерде экспорт кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
6) балық кәсіпшілігі флотының кемелерімен ауланған су биологиялық ресурстарын, балықты және (немесе) көрсетілген кемелерде су биологиялық ресурстарынан өндірілген өзге де өнімді түсіруді жүзеге асыруға байланысты және (немесе) осындай кемелердің бортына керек-жарақтар болып табылатын тауарларды тиеу мақсатында порттық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА аумағынан әкетілетін балық кәсіпшілігі флотының кемелері;
7) осы тармақтың 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген көлік құралдарымен өткізілетін керек-жарақтар.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.
Порттық АЭА аумағында орналасқан теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін немесе логистикалық АЭА-ның инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау мақсатында АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) әкелген тауарлар кедендік декларациялауға жатады.
285-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты жасалатын әрекеттер
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты АЭА аумағында мыналарды:
1) сақтауды;
2) тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларын;
3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі әдеттегі операцияларды, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды;
4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу немесе оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде жасау кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, тіпті егер мұндай шетелдік тауарлар тауарларды дайындау (алу) процесінде толық немесе ішінара жұмсалса да (тұтынылса да) және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамында болмаса да тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін операцияларды (бұдан әрі осы тарауда - еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар) қоса алғанда, кез келген операцияларды жасауға жол беріледі. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін шетелдік тауарларға технологиялық процесте қосалқы құралдар болып табылатын тауарлар (мысалы, жабдықтар, станоктар, құрал-жабдықтар) жатқызылмайды;
5) тауарлардың тұтынылуы Комиссия айқындайтын жағдайларда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарлардың жұмсалуына (тұтынылуына) қарағанда өзгеше болуын;
6) осы Кодекстің 37-бабына сәйкес тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеуді қоса алғанда, кез келген операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Тауарларды толық немесе ішінара тұтыну, оның ішінде тауарларды дайындау (алу), АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру, өндірістік процестерді қамтамасыз ету, АЭА аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп-ұстау және пайдалану процесінде жұмсау (тұтыну) кезінде толық немесе ішінара тұтыну фактісі осы Кодекстің 283-бабының 7-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетуге жатады.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) талаптарына сәйкес келсе, АЭА аумағында осындай операцияларды жасауға жол беріледі.
4. Кеден органының рұқсатымен АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мынадай жағдайларда:
1) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық, өзге де негізгі өндірістік құралдар не көрсетілген негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету немесе осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасау үшін әкетілетін;
2) көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі, оның ішінде өндірістік процесте көзделген операцияларды жасау үшін, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде демонстрациялау үшін әкетілетін;
3) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне осындай тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауға құқылы кеден органында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі кедендік операцияларды жасау үшін әкетілетін;
4) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждықтары үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін шарттар, сондай-ақ мұндай әкетуге жол берілетін Қазақстан Республикасы аумағының бөлігін Комиссия айқындайды;
5) осы АЭА аумағында осындай тауарларға қатысты мұндай операцияларды жасауға жағдайлар мен мүмкіндіктер болмағанда, көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жинауды, монтаждауды, шақтауды және Комиссия айқындайтын өзге де операцияларды қоса алғанда, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау жөніндегі операцияларды жасау үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін жағдайлар мен шарттарды Комиссия айқындайды.
5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарлар осындай операциялар жасау мақсаттары мен мән-жайлары негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағына кері әкелуге жатады. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Кеден органының осы баптың 4-тармағында көрсетілген рұқсатты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты АЭА аумағында осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін. Бұл ретте осы баптың 8 және 10-тармақтарына сәйкес көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіпте аяқталуға тиіс.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай иеленуге және (немесе) пайдалануға:
1) АЭА аумағында құрылыс және (немесе) монтаждау мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерге (қосалқы мердігерге) немесе өзге де тұлғаға, оның ішінде АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға;
2) оларды тасымалдау үшін тасымалдаушыға;
3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және (немесе) осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;
4) өндірістік процесте көзделген, осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды жасайтын, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;
5) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - порттық АЭА немесе логистикалық АЭА болып табылмайтын АЭА аумақтарында да осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген операцияларды жасайтын тұлғаларға;
6) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, АЭА аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға беруге жол беріледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын осы тарауда көзделген, еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтаудан босатпайды.
10. АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын уәкілетті орган белгілеген жағдайларда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруіне жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда тауарларды берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
Декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және осындай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруі туралы хабарлама тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органында тіркелген кезден бастап көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктеледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға қатысты қолданылмайды.
11. Тұлға порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, тұлға осындай мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА-ның осындай резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) АЭА-ның осындай өзге резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) жасалатын қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде беруі не олар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
Егер осындай әрекеттер көрсетілген мерзімде жасалмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы осы мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
12. Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасауға болмайтын әрекеттердің, оның ішінде операциялардың тізбесін айқындауға құқылы.
286-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды басу, цифрлық және басқа да таңбаларды салу;
2) шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түріндегі таңбалауды пайдалану;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың сипатын және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларды негізге ала отырып, оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жасаудың технологиялық процесінде пайдалану туралы,
сондай-ақ оларды өндіру технологиялары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау уақытында кедендік бақылау жүргізу жолымен қолданылуы мүмкін өзге тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
287-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда - АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде;
2) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда - тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде;
3) АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін;
егер осындай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды әкеткен жағдайда;
4) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылған жағдайда;
5) осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) не АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тауарлардың декларанты ретінде мыналар:
1) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға;
2) осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі);
3) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағындағы тауарларға қатысты - АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) немесе осы Кодекстің 282-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар;
4) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына немесе 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аяқталатын болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға әрекет ете алады.
3. АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, оның аумағындағы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 12-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған кезде немесе осындай АЭА аумақтарында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаудың өзге де тәртібін айқындауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.