4. Тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 13-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
5. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен;
2) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған), оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін шетелдік тауарларды осы Кодекстің 222-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
6. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) осы баптың 7-тармағы ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;
2) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланылып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына әкетілетін шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
7. Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылуына түсетін шетелдік тауарлар кіретін болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы тауарларда сәйкестендірілген жағдайда, осындай тауарлар АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы берілген АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) осындай тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруы арқылы аяқталады.
Егер көрсетілген жағдайда тауарларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау қажет болса, мұндай тасымалдау осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 24-тарауында көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына, егер мұндай АЭА-лар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында орналасқан болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалданады.
9. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға оларды АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай АЭА аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларды осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтып және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болып, АЭА аумағынан көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жою үшін әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады. Еркін кеден аймағы кеден рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдар берген құжат қорытынды болып табылады. Мұндай құжатты беру осы Кодекстің 330-бабының 1) тармақшасында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кеден органы белгілеген мерзімдерде, осы тауарларды іс жүзінде көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, сондай-ақ егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың қорытындысында көрсетілген мерзімдер ескеріліп жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы кеден органының, тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мəселесі құзыретіне кіретін уəкілетті органдардың өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен, декларанттың жəне (немесе) кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам айқындайтын өзге де тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмгеннен, залалсыздандырғаннан, кәдеге жаратқаннан немесе өзге де тәсілмен жойғаннан кейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады, онда мынадай негізгі мәліметтер:
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою күні мен орны;
еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне өтініш берген тұлға туралы мәліметтер;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың атауы, өлшем бірліктеріндегі саны;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтер қамтылады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі барлық комиссия мүшелерінің және қатысқан адамдардың қол қоюымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы тауарларды көму, залалсыздандыру, кəдеге жарату немесе өзге тəсілмен жою мүмкіндігі туралы мəселе құзыретіне кіретін уəкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілім қолданылып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісіне қоса беріледі.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі осы тармақшаның ережелері ескеріле отырып, тауарларды іс жүзінде көмумен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен немесе өзге де тәсіл арқылы жоюмен аяқталады;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылса және (немесе) қайтарымсыз жоғалса не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалса және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен таныса;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылса;
4) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай порттық АЭА-мен немесе логистикалық АЭА-мен шектесетін әкету орны арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
11. Осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Осы баптың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін Комиссия айқындайды.
12. АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
13. Тұлға АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) қолданылу мерзімінің өтуіне және осы келісімнің талаптарын орындауына байланысты АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
14. АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
288-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта оларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелген кезден бастап туындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резидентінде (қатысушысында, субъектісінде) осындай тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген кезден бастап туындайды.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес осындай тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген және еркiн кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі декларанттың міндеті және осындай кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет осы Кодекске сәйкес жүктелген тұлғаларда осындай тұлғаларға декларанттың көрсетілген міндеттері жүктелетін кезден бастап туындайды.
4. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 287-бабына сәйкес, оның ішінде осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтағанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 8-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде, егер осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және декларанттың мұндай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндеті осындай құқықтар берілген тұлғаларға жүктелсе, осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай тоқтатылады.
6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда, осындай тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз АЭА аумағынан әкеткен жағдайда - АЭА аумағынан әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағынан осындай әкету фактісі анықталатын күн;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай өзге тұлғаға берген жағдайда, осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарына сәйкес осындай тауарларды беруді қоспағанда, тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай беру фактісі анықталған күн;