53-1) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-2) тармақша жаңа редакцияда
53-2) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-4) сынып жетекшілігі - педагогке сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі - білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-6) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-6) тәлімгер - өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-7) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-7) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-8) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-8) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-9) тармақшамен толықтырылды
53-9) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-10) тармақшамен толықтырылды
53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда
54) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55) тармақша өзгертілді
55) училище - мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 56-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 56-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-2) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 56-3) тармақшамен толықтырылды
56-3) үздіксіз интеграцияланған білім беру - деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57) тармақша жаңа редакцияда
57) философия докторы (РhD) - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57-1) халықаралық мектеп - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59) тармақша жаңа редакцияда
59) эксперименттік алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:
1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
4) сатып алынуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
2-тарау. Білім беру жүйесін басқару
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-2) он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекітеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-3) он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-1) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-2) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
23) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
24) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 24-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;
25) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) - 29) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-5) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-6) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-7) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және оның есептілігі тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулердің жүргізілуін үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;