Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы
(2020.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қантардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары
қызметкерлерінің үлгі штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны (топтардың санына қарай) |
1-3 | 4-5 | 6-7 | 8-9 | 10 және одан да көп |
Меңгеруші | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Әдіскер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Меңгерушінің шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары | _ | _ | _ | _ | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 1 | 1 | 1 | - |
Медбике | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Емдәмбике | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Бухгалтер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 |
Хатшы | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 |
Бас аспаз | - | - | - | - | 1 |
Аспаз | 1,5 | 2 | 3 | 3 | 2 |
Көмекші жұмысшы | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Қоймашы | - | - | - | - | 1 |
Кастелянша | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Ғимараттарда кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 |
Кір жуу машиналарының операторы | 1 | 1 | 1 | 2 | 3 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бір тобына
есептелген тәрбиешілер мен тәрбиешілер көмекшілерінің
штат бірліктері
Лауазымдардың атауы | 6 күндік жұмыс аптасы кезінде балалардың болуы (сағат) |
9 | 10 | 12 | 24 |
Бөбекжай топтары |
Тәрбиеші | 2,25 | 2,5 | 3 | 5,5 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 1,3 | 1,5 | 1,75 | 2,75 |
Мектепке дейінгі топтар |
Тәрбиеші | 2,25 | 2,5 | 3 | 3,5 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 1 | 1,25 | 1,5 | 1,5 |
5 күндік жұмыс аптасы кезінде балалардың болуы (сағат) |
9 | 10,5 | 12 | 24 |
Бөбекжай топтары |
2,0 | 2,25 | 2,5 | 4,5 |
1,1 | 1,3 | 1,5 | 2,5 |
Мектепке дейінгі топтар |
2,02 | 2,25 | 2,5 | 3,0 |
1 | 1,15 | 1,25 | 1,5 |
Ескертпелер:
1. Интернаттық үлгідегі санаторийлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балалар үшін) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай:
әдіскер, бір бірліктен артық емес;
төрт жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі педагогтер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы музыка жетекшілері лауазымының штат бірліктері 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі педагогінің штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
5. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа лауазымның бір штат бірлігі сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленеді.
6. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында логопед және дефектолог мұғалім лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
7. Әр түрлі тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргізілетін эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әдіскерлердің лауазымының штат бірліктері топтардың санына қарай, әрбір топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен еңбекақы төлеу қоры шегінде тілдік оқыту және тәрбие берудің әрбір түрі үшін жеке белгіленеді.
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дене тәрбиесі залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшін лауазымның 0,25 бірлігі есебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
9. Қыли көзді және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тифлопедагог мұғалімі және әрбір 3 топқа лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрі нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дәрігер лауазымының 1 штат бірлігі көзделеді.
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында компьютерлік және ұйымдастыру техникасы болған кезде осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлігі қосымша белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-аналар мен балалардың қазіргі заманға сай талаптары ескеріле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнері жөніндегі педагогтер лауазымдарының және басқа да лауазымдардың штат бірліктері қосымша көзделуі мүмкін.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
«Мектеп-балабақша» кешендері
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштары мен топтардың саны |
2-3 | 4-6 | 7-9 | 10-14 | 15 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | - | - | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Емдәмбике | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Педагог-психолог | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Әдіскер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Аға вожатый | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | - | - | - | - | 1 |
Бухгалтер | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | - | - | 1 | 1 |
Кастелянша | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 |
Бас аспаз | - | - | - | 1 | 1 |
Аспаз | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 3 |
Асүй жұмысшысы | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Әрбір ғимаратқа вахтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Бір топтың тәрбиешілері мен тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің топтағы бір мезгілдегі жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режиміне және аптасына белгіленген сағат нормасына қарай белгіленеді.
2. Түнгі кезектегі тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері екі топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есігі бар ұйымдарда екі топқа бірдей есептелген тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері жеке топқа да қолданылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.31.03. № 150 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жалпы білім беретін мектептер
Лауазымдардың атауы | Мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірліктерінің саны |
6-ға дейін | 6-10 | 11-13 | 14-16 | 17-20 | 21-29 | 30 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | 1 |
Бас бухгалтер | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Педагог-психолог | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кіші медициналық қызметші | - | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | - | 0,5 | 0,5 | - | - | - | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Әрбір ғимаратқа вахтер | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескертпе:
Бастауыш мектептерде директордың лауазымы 8 және одан көп сынып жинақтауыштары әрі оқушылар саны 240-тан кем болмаған жағдайда белгіленеді.
Жалпы білім беретін мектептерде педагог-ассистент лауазымы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2017.31.03. № 150 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар),
эксперименттік алаңдар
Лауазымдардың атауы | Мектепке дейінгі дайындықты қоса алғанда сынып жинақтауыш санына қарай штат бірліктерінің саны |
6-ға дейін | 6-10 | 11- 13 | 14- 16 | 17- 20 | 21- 29 | 30 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың бейін бойынша оқыту жөнін- дегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөнінде- гі орынбасары | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | - | - | - |
Бас бухгалтер | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Менеджер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кіші медициналық қызметші | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | - | 0,5 | 0,5 | - | - | - | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттар
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштың санына қарай штат бірліктерінің саны |
10-ға дейін | 10-20 | 21-30 | 31 және одан да көп |
Директор (бастық) | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың (бастықтың) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 |
Директордың (бастықтың) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 0,5 | 1 | 1 | 2 |
Директордың (бастықтың) бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың (бастықтың) шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 |
Интернат меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық қойма меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | - | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 2 | 2 | 3 | 3 |
Менеджер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Дәрігер-педиатр | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 |
Медициналық бике | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 |
Емдәмбике | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кіші медициналық персонал | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кадр мәселелері жөніндегі инспектор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Оқу бөлімінің хатшысы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы | - | 1 | 1 | 1 |
Мұрағатшы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Комендант, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кір жуу машиналарының операторы | 1 | 2 | 2 | 3 |
Аяқ киімші | 1 | 1 | 1 | 1 |
Киім бүтіндеу жөніндегі тігінші | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 2 | 2 | 2 |
Шаштараз | 1 | 1 | 1 | 1,5 |
Күзетші, әрбір ғимаратқа | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 2 | 2 | 2 | 2 |
Жүк тасушы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Тәрбиеленушілердің саны 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірліктен және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндері мен демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, бір топқа бір бірліктен белгіленеді.
2. Жатақхана (интернат) бойынша кезекші немесе тәрбиеші көмекшісі лауазымының штат бірліктері әрбір жатын корпусқа жұмыстың ауысымдық режимі ескеріле отырып белгіленеді.
3. Аспаз бен ас үйдің көмекші жұмысшылары лауазымының штат бірліктері оқушылар санына қарай әрбір 60 балаға бір штат бірлігі есебінен енгізіледі.
4. Әскери мектеп-интернаттарда әскери-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін тир меңгерушісі мен қару қоймасы меңгерушісінің штат бірліктері қосымша енгізіледі.
Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттар
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушілердің топтар санына қарай штат бірліктерінің саны |
10-ға дейін | 10-15 | 16 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жөніндегі орынба- сары | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1 |
Аға вожатый | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 |
Тәулік бойы кезекші медбике | 4 | 4 | 4 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Кітапхана меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы) | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 2 | 2 |
Асүй жұмысшысы | 1 | 2 | 2 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 |
Аяқ киімші | 1 | 1 | 1 |
Киім мен ішкиім жөніндегі тігінші | 1 | 1 | 1 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 2 | 2 | 3 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әрбір ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Жүкші | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Тәрбиешілердің саны демалыс, мереке күндері және демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірлік және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің бір тобына 1 бірлік есебінен белгіленеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейін тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда тәрбиеші лауазымының 1 штат бірлігі қосымша белгіленеді, ал 100-ден астам тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 тәрбиеленушіге тәрбиеші лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
2. Санаторийлік үлгідегі туберкулез мектеп-интернаттарында дәрігерлер мен медбикелердің штат бірліктері осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрігер мен екі медбике бірлігі есебінен белгіленеді.
Өнер мектептері, колледждері (училищелері)
жанындағы интернаттар
Лауазымдар- дың атауы | Тәрбиеленушілердің саны |
25-ке дейін | 25-50 | 50-100 | 101- 120 | 121- 160 | 160 және одан да көп |
Интернат меңгерушісі | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 |
Аспаз | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Асүй жұмысшысы | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Кастелянша | - | - | - | 1 | 1 | 1 |
Кір жуатын машиналарының операторы | 0,5 | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 |
Тәрбиешінің көмекшісі | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Шаруашылық меңгерушісі | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда кемінде, 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиеші лауазымының штат бірлігі, бірақ интернатқа кемінде 1,5 бірлік есебінен белгіленеді.
Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердің санына қарай белгіленеді.
Саны 100-ден астам тәрбиеленуші тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің лауазымы белгіленеді.
Интернаттардағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы лауазымының штат бірлігі жалпы білім беретін мектепте көрсетілген лауазым болмаған кезде енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1487 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Лауазымдардың атауы | Білім алушылардың санына қарай штат бірліктерінің саны |
280-ге дейін | 281-560 | 561-840 | 841-1120 | 1121 және одан да көп |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | 1 | 1 | 1 |
Кадрлар бөлімінің меңгерушісі | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Аға шебер | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Әдіскер | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Медициналық бике (фельдшер) | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Оқу бөлімінің хатшысы | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Хатшы (ісқағаздарын жүргізуші) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | - | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Жатақхана меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Паспортшы (жатақхана бар болғанда) | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық (қойма) меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Комендант (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 2 | 2 | 3 | 4 |
Ас үй жұмысшысы | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Кір жуу машиналарының операторы | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Күзетші (әрбір ғимаратқа) | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 |
Жүк тасушы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.
2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.
10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.
11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.
13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің
үлгі штаттары
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушілер топтарына қарай штаттық бірліктер саны |
8-ге дейін | 9-14 | 15-30 | 31 және одан да көп |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | - | - | - |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруа- шылық жұмысы жө- ніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 | 1 |
Педагог-психолог | 1 | 1 | 1,5 | 2 |
Аға вожатый | 1 | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Тәулік бойы кезек- шілік ететін медбике | 4 | 4 | 4 | 4 |
Кіші медициналық персонал | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 |
Бас бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы) | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапхана меңгерушісі | - | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 0,5 | - | - | 1 |
Қоймашы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кастелянша | 1 | 1 | 1 | 1 |
Экспедитор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | - | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 2 | 2 | 2 | 3 |
Асхана жұмысшысы | 1 | 1 | 2 | 3 |
Кір жуу машинала- рының операторы | 1 | 2 | 3 | 3 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 | 1 | 1 | 1 |
Жүк тасушы | 1 | 1 | 1 | 2 |
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымдары туралы тиісті нормативтік құқықтық актіде айқындалады.
3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар:
осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі;
ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
4. Жүріп-тұру мүшелері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 12-15 - балаға бір штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар:
тәрбиеші - екі штат бірлігі;
естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған топтар үшін дефектолог мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді.
6. Көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында тәрбиеші көмекшісінің екі штат бірлігі, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға немесе фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір екі топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымдары белгіленеді.
7. Арнаулы білім беру ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде аспаз және қосалқы жұмысшы лауазымдарының 0,5 штат бірліктері қосымша белгіленеді.
8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған төрттен тоғызға дейін топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосалқы жұмысшы лауазымының бір штат бірлігі, ал тоғыз және одан да көп топтар болған кезде қосалқы жұмысшы лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.
9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында: тәрбиеленушілерінің саны 100 дейін осы ұйымдарда ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының 0,5 штат бірлігі және тәрбиеленушілер саны 100 астам болса, 1 штат бірлігі белгіленеді.