2) 11-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;»;
3) 100-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі «тендерлерді» деген сөзден кейін «немесе аукциондарды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, қорғаныс объектілерін жалға беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждары, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу (оның ішінде импорттау), сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) экспорттау;»;
5) 161-баптың 1-тармағында:
«Мемлекеттік» деген сөз «Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік мекемелерінің әскери мүлікті мемлекеттік орган шегінде мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде беруге және қайта бөлуге құқығы бар.
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлуге құқылы.».
17. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба - қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ғарыш айлағы - ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;»;
2) 9-бапта:
1-тармақта:
16-1) тармақшадағы «шығындар нормативтерін» деген сөздер «шығындарды есептеу әдістемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
2-тармақтағы «қосарлы мақсаттағы» деген сөздер «қосарланған және әскери мақсаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар):
1) 1-бапта:
25) тармақшада:
«жұмылдыру тапсырысын орындау,» деген сөздерден кейін «табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметте пайдаланбайтын» деген сөздер алып тасталсын;
39) тармақша «жұмылдыру мұқтаждарына,» деген сөздерден кейін «табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;»;
2) 11-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
34-2) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;»;
42) тармақшадағы «төтенше жағдайлардың» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) тармақша алып тасталсын;
3) 12-баптың 1-тармағының 45) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-1-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
12-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
12-3) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
5) 13-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;
6) 92-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7) 93-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «қалыптастыруды, орналастыруды,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 94-баптың 3-тармағы «төтенше жағдайлардың» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 96-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізеді және нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын бағалар деңгейіне жеткен жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне сауда қызметінің субъектілері - шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.».
19. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат):
1) 10-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-баптың 24) тармақшасында:
бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін;».
20. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-ІII, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасында экспорттауға лицензия алған кезде қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өздері резиденті болып табылатын елдің не сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ретінде тіркелген басқа елдің лицензиары берген рұқсаты бар шетелдік заңды тұлғалардың сатып алуына;»;
2) 28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақтың, əскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың жəне олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы» деген сөздер «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «түпкі пайдаланушы сертификатының» деген сөздер «кепілдік міндеттемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-қосымшада:
20-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32-жол алып тасталсын;
37-жолдағы «жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу» деген сөздер «құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 1, 1-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):
5-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы «жауынгерлік және арнайы техниканың» деген сөздер «әскери және арнайы техниканың» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат):
22-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
4) тармақша «қамтылым» деген сөзден кейін «, интернет-ресурс» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ақпараттандыру объектісін дамыту - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
6-2) ақпараттандыру объектісін ендіру - автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;
6-3) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру - өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
6-4) ақпараттандыру объектісін құру - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;
6-5) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;
6-6) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану - ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;
6-7) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі - ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және оның өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;»;
8), 13), 15), 16), 17), 19), 20), 21) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақшада:
«кешендер,» деген сөзден кейін «серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары),» деген сөздермен толықтырылсын;
«құралдардың» деген сөзден кейін «ақпараттық қауіпсіздігін және» деген сөздермен толықтырылсын;
«және ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты байқау;»;
34) тармақша алып тасталсын;
46) тармақшада:
«аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын,» деген сөздер алып тасталсын;
«жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс» деген сөздер «жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;»;
62-1) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«62-1) электрондық өнеркәсіп өнімі - электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;»;
«64) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері - мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған сервистік бағдарламалық өнімі, бағдарламалық қамтылымы және ақпараттық жүйелері;»;
68) тармақшадағы «ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыруға» деген сөздер «мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
22-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бапта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын бекітеді;»;
19) тармақшада:
«инвестициялық» деген сөздің алдынан «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«техникалық-экономикалық негіздемелеріне және» деген сөздер алып тасталсын;
20) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақша «уәкілетті органмен» деген сөздерден кейін «және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
30) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу,» деген сөздер алып тасталсын;
31) тармақшада:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және лицензиялық» деген сөздер «, лицензиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
39) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) мемлекеттік органдар архитектурасының жобаларын келіседі;
41-2) мемлекеттік органдар архитектураларының іске асырылуын қолдап отыруды ұйымдастырады;»;
47) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) тармақшадағы «техникалық-экономикалық негіздемелеріне және» деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы «сарапшылық кеңеске» деген сөздер алып тасталсын;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келіседі;»;
52) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді,» деген сөздер алып тасталсын;
53) тармақшада:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және лицензиялық» деген сөздер «, лицензиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«54) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекітеді;»;
22-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-1-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
6) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт береді;»;
13) тармақшада:
«Қазақстан Республикасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кезде» деген сөзден кейін «орындау үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады;
14-2) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастырады;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімін электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келіседі;»;
22-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 7-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне жатпайтын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;»;
22-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 7-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
7-2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;»;
«9) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.»;
22-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сарапшылық кеңес ақпараттандыру саласындағы мәселелерді қарайды және ұсыныстарды және (немесе) ұсынымдарды тұжырымдайды.