ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру
саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 56-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат, № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 1-тармағының 17) тармақшасында:
«арналған ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «арналған ақпараттандыру объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйелерін қоспағанда, ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы «облыстық» деген сөздің алдынан «облыстың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы «республикалық» деген сөздің алдынан «республикалық маңызы қалалардың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 151-баптың 8-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді енгізуге және дамытуға» деген сөздер «сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 153-бапта:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі «болып табылмайтын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 215-баптың 3-тармағы «компанияны» деген сөзден кейін «, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 216-баптың 11) тармақшасы «іске асыру кезінде» деген сөздерден кейін «, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-тармақ 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 жылғы 4 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
53-1-баптың тақырыбындағы «Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
918-1-баптың тақырыбындағы «Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы және 53-1-баптағы «қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 641-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 692-2-баптың бірінші бөлігіндегі «3),» деген цифр алып тасталсын;
5) 821-баптың 3-1-бөлігіндегі, 829-14-баптың алтыншы бөлігіндегі және 918-1-баптығы «қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын», «Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер тиісінше «азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын», «Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
82-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;».
4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 жылғы 4 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 394-баптың бірінші бөлігінің 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«40) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес басым бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс шарттарының негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 554-баптың 4-тармағында кестенің 1.84-жолы алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «жауынгерлiк техниканы», «жауынгерлiк техника», «жауынгерлiк техниканың», «жауынгерлік және басқа да техниканы», «жауынгерлік техникасын» деген сөздер тиісінше «әскери техниканы», «әскери техника», «әскери техниканың», «әскери және өзге де техниканы», «әскери техникасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-1-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері - ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.»;
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілері дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет, еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелері мәселелерінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.».
6. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 104-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасында:
«төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға, әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етудiң бiрiншi кезектегi шараларын қолдануға» деген сөздер «табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
21-2) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығына басшылықты жүзеге асырады;»;
3) 16-баптың екінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану» деген сөздер «табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1) 3-баптың бірінші абзацындағы «мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары» деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-бапта:
бірінші бөлікте:
«жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес» деген сөздер «жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады.»;
екінші бөліктегі «тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды» деген сөздер «тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді.»;
4) 12-баптың 1) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-бапта:
тақырып «органдарының» деген сөзден кейін «және өзге де субъектілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Үкіметі белгілеген» деген сөздер «заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-баптың 4-тармағындағы және 16-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы «қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың 4-тармағында:
1) тармақшадағы «қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында оларды» деген сөздер «азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «қызметтік және азаматтық қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 19-баптың 4-тармағының 8-1) тармақшасындағы «қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздер «азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-баптың төртінші бөлігінде:
«Тәжірибелік үлгілерін қоспағанда, жауынгерлік» деген сөздер «Жауынгерлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«белгілеген тәртіппен» деген сөздер «бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 23-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
11) 25-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
12) 28-бапта:
1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін белгілейді;»;
13) 29-баптың 1-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
4-1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) мыналарды:
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын;
азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын;