азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;
азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;»;
8-5) тармақша алып тасталсын.
8. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):
4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желі, дәлдігі жоғары геодезиялық желі, спутниктік геодезиялық желі, барлық сыныптағы нивелирлік желілер, іргелі және бірінші сыныптағы гравиметриялық желілер жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құруды, дамытуды және жұмыс жағдайында ұстауды;».
9. «Төтенше жағдайлар туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
1) 3-1-бапта:
5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу тәртібімен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5-2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгізілген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлік ұйымдары бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды тасымалдауға көлік ұйымдары материалдық құндылықтарды көрсеткен кезде алдын ала төлемсіз қабылдайды.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
2) 13-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде:
үшінші абзац «дайындалуы және әрекеті» деген сөздерден кейін «; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «министрлігінің;» деген сөз «министрлігінің өкілі тағайындалады.» деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзац алып тасталсын.
10. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 5-тармағы «Қызметтiк» деген сөзден кейін «және азаматтық» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат):
1) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталық - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;»;
32-1) тармақша алып тасталсын;
2) 9-2-бапта:
11-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ 2) тармақшасындағы «қосуды жүзеге асырады.» деген сөздер «қосуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.»;
2-тармақтағы «ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;»;
12) тармақшадағы «оқ-дәрі,» деген сөз алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) əскери техника - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;»;
32) тармақшадағы «қару-жарақ пен əскери техниканы жаңғырту, олардың жаңа түрлерін əзірлеу жəне енгізу» деген сөздер «қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) және 34) тармақшалар алып тасталсын;
35) тармақшадағы «, оқ-дəрімен» деген сөз алып тасталсын;
37), 38), 39) және 40) тармақшалар алып тасталсын;
41) тармақшадағы «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық жəне олар қолданбайтын» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын» деген сөздер «бiрыңғай әскери-техникалық саясатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың бірінші бөлігінде:
3), 4), 5), 9), 10), 11) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;»;
23) тармақша алып тасталсын;
24) тармақшадағы «кәсіпорындарда» деген сөз «ұйымдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 9-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі - Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын оларды ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;»;
6) 11-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес берілуі, өткізілуі, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жойылуы және қайта өңделуі мүмкін.»;
8) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери, арнайы, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады.»;
9) 22-баптың 2-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;»;
14), 15) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;
15) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;»;
«17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;»;
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
«17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;»;
26-5) тармақша «ережені,» деген сөзден кейін «аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-24) тармақшамен толықтырылсын:
«26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;»;
10) 23-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «, оқ-дәрі» деген сөз алып тасталсын;
11) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тəртіппен бюджетке» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы «(түпкі пайдаланушының сертификаты)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өнімді импорттаған кезде түпкі пайдаланушының сертификаты түріндегі кепілдік міндеттеме береді;»;
3) 9-бапта:
4-тармақтағы «(түпкі пайдаланушының сертификаты)» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әдеттегі қару-жарағы мен әскери техникасын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығуларды, байқауларды, конкурстарды, көрмелерді, сынақтарды, парадтарды, демонстрациялық іс-шараларды өткізу кезінде тартуға қажетті, шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әдеттегі қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.».
14. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
1) кіріспе «барлау субъектілерінің» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы - ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;»;
3) 2-тараудың тақырыбындағы «сыртқы барлау субъектілерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және барлау қоғамдастығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың тізбесін айқындайды;»;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңның 12-1-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;»;
6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары
1. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жүзеге асырады.
2. Сыртқы барлау субъектілері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушыларға ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіп-қатерлерін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
3. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың өзара іс-қимылы:
ұйымдастырушылық;
жедел;
талдамалық;
әдістемелік;
техникалық;
бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша, сондай-ақ ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін өзара ақпарат алмасу және келісілген іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері сыртқы барлау органына іссапарға жіберіледі және (немесе) жіберіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының немесе ұйымының уәкілетті өкілдерін сыртқы барлау органына іссапарға жіберу және (немесе) жіберу, сондай-ақ олардың қызметін жүзеге асыру тәртібін сыртқы барлау органының бірінші басшысы және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына басқа қатысушының бірінші басшысы бірлескен нормативтік құқықтық актіде айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде қабылданған шешімдерді іске асыру үшін тиісті құқықтық актілер шығара алады.».
15. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 22, 83-құжат):
1) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) мемлекеттік тапсырыс - уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;
3) 4-баптың 2), 5) және 23) тармақшалары «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 18-баптың 3-тармағындағы «негізгі міндеті» деген сөздер «негізгі міндеттері, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;