Сарапшылық кеңестің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі сарапшылық кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалады.»;
22-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 9-баптың бірінші бөлігінде:
2), 3), 5) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингілеу және дамыту қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;»;
«5) мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;»;
«9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;»;
10) тармақшада:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және лицензиялық» деген сөздер «, лицензиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерді құру немесе» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;»;
22-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
9) 10-бапта:
2), 3), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;»;
«5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;»;
8) тармақшада:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» «ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және лицензиялық» деген сөздер «, лицензиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерді құру немесе» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 12-бапта:
4) тармақша «және оны дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың «электрондық үкiмет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезінде стандарттық шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына ақпараттандыру саласында сараптама жүргізеді;»;
11) тармақшадағы «іске асырылуын қолдап отыру» деген сөздер «іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді,» деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшада:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және лицензиялық» деген сөздер «, лицензиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) 14-бапта:
1-тармақта:
1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады;
7) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;»;
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;»;
11) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақтағы «ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
12) 23-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «іске асырылуын қолдап отыру» деген сөздер «іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту барысында жұмыс тобын құрады және сервистік интегратор үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасайды.
Мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік орган архитектурасын іске асыру жоспары бөлігінде оның жобасын жария талқылауды қамтамасыз етеді.»;
2-тармақтағы «іске асырылуын қолдап отыру» деген сөздер «іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграциясын жүргізу бойынша» деген сөздер «ақпараттандыру объектісінің меншік иесінен немесе иеленушісінен «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13) 24-баптың 1-тармағындағы «іске асырылуын қолдап отыру» деген сөздер «іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
14) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жолымен не «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жолымен мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес, ал ол болмаған жағдайда - уәкілетті органмен келісілген, мемлекеттік органның автоматтандыру қажеттілігі туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді.»;
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «ақпараттық жүйелерде» деген сөздер ««электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
15) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру Қазақстан Республикасының аумағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелер мен сервистік бағдарламалық өнімдерді орналастыру басымдығын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
22-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
16) 27-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына» деген сөздер «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
17) 31-бапта:
1-тармақтағы «тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге» деген сөздер «есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және оларға техникалық құжаттаманың көшірмелерін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес орналастырады.
Құрылатын (дамытылатын) және сатып алынған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына ұсыну және оларды жаңартып отыру міндетті болып табылады және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
«мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне» деген сөздер «орналастырылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
22-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
18) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Ақпараттық жүйелер. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі»;
22-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
19) 37-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын және» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөлікте:
«пайдалану» деген сөз «өнеркәсіптік пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдаланылуын» деген сөз «өнеркәсіптік пайдаланылуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «және ақпараттық жүйелерді аттестаттау» деген сөздер алып тасталсын;
22-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
20) 38-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;»;
2-1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;»;
«3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.»;
22-тармақтың 21) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
21) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпты ескере отырып, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.
3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;
оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;
тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.
Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;
3) осы Заңға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;
4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ендіруді;
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.
5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген нормаларды қолданбай жүзеге асырылады.»;
22-тармақтың 22) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
22) 40-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесі бар акті болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға берген кезден бастап «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының барлық нұсқасын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін» деген сөздер «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру;»;
7) тармақшадағы «ақпараттық жүйеде пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымға» деген сөздер «ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;»;
9) тармақшада:
«ақпараттық жүйенің кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателері мен кемшіліктерін» деген сөздер «кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әзірлеушінің ақпараттық жүйеге» деген сөздер «өнім берушінің «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйені» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 23) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
23) 41-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату»;
1-тармақта:
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйе» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі интеграцияланған ақпараттық жүйелердің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі интеграцияланған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «Есептен шығарылатын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «ақпараттандыру объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 24) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
24) 42-баптағы «Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріндегі», «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің», «Ақпараттық жүйенiң», «ақпараттық жүйенiң», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйеге» деген сөздер тиісінше «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі», «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің», «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 25) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
25) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.»;
22-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
26) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Ақпараттандыру объектілеріне сынау және аудит жүргізу»;
22-тармақтың 27) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
27) 48-баптағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
28) 49-бапта:
тақырыптағы «техникалық құжаттаманың сараптамасы» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 6) тармақшасында:
«мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«қалыптастыруға» деген сөзден кейін «, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне («электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері болып табылатындарды қоспағанда) жатқызылған ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтарды осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.
5. Ақпараттандыру объектілерінің сапасын бағалау мақсатында оларды сынау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
22-тармақтың 29) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
29) 51-бап алып тасталсын;
22-тармақтың 30) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
30) 54-бапта:
2-тармақта:
6) тармақшадағы «мемлекеттік техникалық қызметке» деген сөздер «Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
«, олардың қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін» деген сөздер алып тасталсын;
«мемлекеттік техникалық қызметпен» деген сөздер «Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада:
«мемлекеттік техникалық қызметтің» деген сөздер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүргізуі үшін оған» деген сөздер «жүргізу үшін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттандыру объектілеріне және» деген сөздерден кейін «ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды» деген сөздер «Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен» деген сөздер «сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.»;
22-тармақтың 31) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
31) 10-тараудың тақырыбындағы «Уәкілетті органның құжаттарға сараптама жүргізуі және оларды келісуі» деген сөздер «Құжаттарға сараптама жүргізу және оларды келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 32) тармақшасы 2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
32) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар