Қазақстан Республикасының заңдарында тасымалдаушы және аралас тасымалдарға қатысушылар жауапкершілігінің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 260-II Заңымен ; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1-бап өзгертілді
17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру
Тасымалдаушыға, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторына немесе аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап қою берілгенге дейiн оған мiндеттi түрде кінәрат қойылады.
Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртібі халықаралық шарттарда, келісімдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен ; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред.қара) 18-бап өзгертілдi
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жүктi аралас тасымалдар және аралас тасымал кезінде өзара іс-қимыл жасасу шарттарында белгіленген мерзімде межелі пунктке жеткізуге міндетті.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Аралас тасымал кезінде жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы - аралас тасымалдар операторына, ал аралас тасымалдар операторы клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымалдау үшiн төленген ақының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленген ақының елу пайызынан аспауға тиiс.
Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде - аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктi немесе багажды жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi олардың кiнәсiнен болмаса, кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы тасымалдың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, багажды немесе жүктi жөнелтушiде немесе алушыда туындаған зиян үшiн жауаптылықта болады.
Тасымалдаушы рейстер он және одан да көп сағатқа кідірген жағдайда жолаушыларға, оның ішінде мүгедектердің мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орындар беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зиянның мөлшерi және оларды айқындау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн жүк және багаж тасымалдау қағидаларында және аралас тасымалдар қағидаларында белгiленедi.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 20-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілдi
21-бап. Көлік жүктері мен объектілерін күзету
Теміржол, әуе көлігінде көлік жүктері мен объектілерін күзетудi әскерилендiрiлген күзет қызметтері жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнаулы бөлiмшелерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнаулы қызметтерi жүзеге асырады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 22-бап өзгертілдi; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілдi (бұр. ред.қара)
22-бап. Төтенше жағдайлар кезінде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізген кезде төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Көлiк кәсiпорындары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі кезінде көлік жұмысын ұйымдастыру үшін көлiк құралдарының иелеріне бірінші кезекте қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгізілген кезде көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру дайындығы іс-шараларын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты тасымалдарды жүзеге асыру бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей зілзалалар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де мән-жайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға көлік беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне олардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) Заңдарымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 23-бап өзгертілдi
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар сақталуға тиiс.
Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарында көлiк кәсiпорындарын жобалау мен салуға, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға тыйым салынады. Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.
24-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілдi (бұр. ред.қара)
24-1-бап. Тексеріп қарау
1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қатер деңгейіне байланысты, жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады.
Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Азаматтық авиация саласындағы көлік инфрақұрылымының объектілеріне келетін жолаушылар мен адамдарды жете тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды (бұдан әрі - келушілерді), олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды көлік қызметі субъектісінің қызметкерлері не күзет қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасқан кезде күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері жүргізеді.
Осы баптың мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп көлік инфрақұрылымы объектілері меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Тексеріп қарау кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау алдында көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету міндетті түрде ұсынылады.
5. Техникалық тексеріп қарау құралдарымен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкіндігінің контурлары және өзге де белгілері табылған кезде, жолаушылар мен келушілердің алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексеріп қарау жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Жеке тексеріп қарауды тексеріп қаралатын адаммен жынысы бір адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
Бір үй-жайда бір мезгілде бірнеше адамды жеке тексеріп қарауға тыйым салынады.
Жеке тексеріп қараудың нәтижелері тексеріп қарауды жүргізетін адам мен өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген адам қол қоятын актімен ресімделеді.
6. Тексеріп қараудан, жеке тексеріп қараудан жалтаратын адамдар көлік инфрақұрылымы объектілеріне жіберілмейді, бұл туралы тиісті акт жасалады.
7. Егер жолаушыны және оның алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектісінің әкімшілігі жолаушының оған билеті бар қатынаспен немесе кезекті осындай қатынаспен жөнелтілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттің немесе оның пайдаланылмаған бөлігінің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеуге міндетті.
8. Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ізетті және сыпайы болуға және олардың қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
9. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-2-бап өзгертілдi (бұр. ред.қара)
24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін жолаушыларды теміржол (қала маңы қатынасынан және билет кассаларымен жабдықталмаған жерлерде жолаушыларды отырғызу жағдайларынан басқа), әуе және теңіз көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар, сондай-ақ әуежайлардың пайдаланушылары уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер мен дерекқор арқылы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларға билеттерді ресімдеу кезінде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректерді:
1) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде);
2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрін және нөмірін;
3) жөнелту орны мен күнін, межеленген пунктті, жүру маршрутының түрін (ауысып мінбейтін, транзиттік);
4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерін (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін) жолаушының келісімімен жазуды қамтамасыз етеді.
4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің қазақ және орыс тілдерінде толтырылуын, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
5 бөлiм. Қорытынды ережелер
24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілдi; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред.қара) 25-бап өзгертілдi
25-бап. Көліктік бақылау және қадағалау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды және қадағалауды уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
1-1) мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасалуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
4-1) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) рұқсаттық бақылауды;
7) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
13) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілдi (бұр. ред. қара)
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп, талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге тиіс.
Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететін құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектілерінің және ұшу-қону алаңдарының күтіп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
25) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
26), 27) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
28) жеке және заңды тұлғалардың теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды;
29) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.
Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.