280-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға өтуі
Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлеттік берген мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты оған берiлген кепiлдiк (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргiзетiн болса және көрсетілген инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкiлеттік берген мемлекеттiк органға өтетін болса (талаптар берiлетiн болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай өтуі (талаптардың берiлуi) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгiлi бiр шарттық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.
2-параграф. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты
1. Экономиканы дамыту үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты болып табылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру және (немесе) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беру түрінде мемлекеттік преференциялар беруді білдіреді.
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім бойынша мемлекеттік преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.
282-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды, арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келісімшарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырады.
2. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады.
4 - 6. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өтінішхат береді.
8. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвесторларға жәрдем көрсетеді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп, өзгелерден басқа, жер учаскесін беруді тиісті өңірлік үйлестіру кеңесімен келісу рәсімін көздеуге тиіс.
9. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережемен реттеледi.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 282-1-баппен толықтырылды
282-1-бап. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты
1. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен даярлауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және олар «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторды қолдап отыруды ұйымдастыру;
2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның орталық және өңірлік деңгейлерде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу, сондай-ақ инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды мониторингтеу тәртібін айқындайды.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға осы қызметтерді көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оларды қолдап отыру үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
3. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар инвесторлар үшін «бір терезе» шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді алу бөлігінде инвесторлардың құжаттарын енгізуге құқылы.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 282-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
282-2-бап. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері
1. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
2. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарымен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, туындайтын мәселелерді шешуде инвесторларға жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) инвесторлардың мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуын қолдап отыру бөлігінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
7) өнеркәсіптік өнімді, оның ішінде басым тауарлар тізбесіне сәйкес өндіруге инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді.
283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.
2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:
1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;
2) мемлекеттiк заттай гранттар.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық басым жоба бойынша салықтар бойынша преференциялар (бұдан әрі - инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі.
4. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар (бұдан әрі - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) түрінде:
кедендік әкелу баждарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды салудан босату беріледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 284-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 284-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 284-бап өзгертілді
284-бап. Инвестициялық жоба
Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.
Инвестициялық басым жоба деп:
жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;
жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.
Заңды тұлға жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырады.
Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба, инвестициялық басым жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) арнайы инвестициялық жоба бойынша - арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде - көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өндірушілерге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) инвестициялық жоба бойынша - инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.
2. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерi бойынша осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.
Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мына қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:
1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген мұнай-химия өнімдерін өндіруді, акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына екі реттен артық қайта қаралмайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерін құрайды;
Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды;
3) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) заңды тұлға:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қоспағанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды;
құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан аспайды.
Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды, бұған құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап жиырма жылдан аспайтын мерзімді құрайтын машина жасау саласындағы инвестициялық басым жобалар кірмейді. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.
Осы тармақшаның ережелері мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;
6) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы инвестициялық жобаға инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркеледі;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркеледі;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
4) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.
7. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.
8. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
287-бап. Кедендік баждар салудан босату
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.