2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы және транспаренттілігі;
3) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
4) инновациялық қызмет субъектілері инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру;
5) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін кешенділік пен жүйелілік;
6) ғылым, технологиялар және инновациялар саласында тиімді коммуникациялар жүйесін қалыптастыру есебінен инновациялық қызметтің өмірлік циклінің барлық сатыларын да мемлекеттік қолдау көрсету.
241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілеріне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері:
1) технологиялық болжамдауды жүргізуде, мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;
2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
4) технологиялық тұғырнамаларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технологиялық парктерді, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын, технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық жасайды;
6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжамдау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
7) бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;
8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді;
10) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді;
11) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді;
12) маркетингтік және өзге іс-шараларды өткізу, әлеуетті инвесторларды іздестіру бойынша инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынады;
13) инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауға, оның ішінде инноваторлар, рационализаторлар мен өнер-тапқыштар арасында конкурстар өткізуді ұйымдастыру арқылы қатысады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) қайырымдылық ұйымдарына, эндаумент-қорларға инновациялық жобаларға сараптама, мониторинг жүргізу жөнінде қызметтер көрсете алады.
241-4-бап. Мемлекеттік технологиялық саясат
1. Мемлекеттік технологиялық саясат ұлттық экономиканың, оның секторлары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында, технологиялық тұғырнамаларды, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құруды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекет және (немесе) инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын, технологиялық басымдықтарды айқындауға, инфрақұрылымды және оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін білдіреді.
2. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
2) мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;
4) әзірленетін мемлекеттік технологиялық саясатты салалық бағыттар бойынша қарау;
5) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау.
241-5-бап. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары
1. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін технологиялық тұғырнамалар құрылады.
Технологиялық тұғырнама өзара байланысты және өзара толықтыратын білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінен, технологияларды генерациялау мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінен тұратын кешен болып табылады.
Технологиялық тұғырнама экономиканың салаларын технологиялық дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының коммуникация жасауына және оларды нарыққа бағдарланған үйлестіруге арналған құрал функциясын да орындайды.
2. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындайды.
Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау болып табылады.
Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарына қойылатын өзге де өлшемшарттар технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес айқындалады.
3. Технологиялық саясатты қалыптастыру үшін технологиялық болжамдау жүргізіледі.
Технологиялық болжамдау деп игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын негізгі (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.
Технологиялық болжамдау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының қатысуымен жүргізіледі.
Технологиялық болжамдау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі.
4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді және бекітіледі.
Нысаналы технологиялық бағдарлама деп негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.
Нысаналы технологиялық бағдарламаларды технологиялық тұғырнамаларға қатысушылар әзірлейді.
Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобалардың инновациялық гранттар мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын беру кезінде басым артықшылығы болады.
5. Технологиялық болжамдау және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары
1. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру арқылы тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру құралдары болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау) мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздестіру, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.
2. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Ұсынымдар әзірлей отырып, инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инновациялық обсерватория жүзеге асырады.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Инновациялық гранттар беру бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел сияқты инновациялық қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:
1) венчурлік қорларды қоса қаржыландыру;
2) инновациялық гранттар беру.
3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау осы Кодекске, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес айқындалады.
241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру
1. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асырады.
2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыздарды беру арқылы оларды қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі.
3. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға өз қалауы бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жекеменшік венчурлік инвестор болып табылады.
241-9-бап. Инновациялық гранттар беру
1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.
Инновациялық гранттар беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
Инновациялық гранттар беруге арналған конкурс жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен және (немесе) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерімен бірлесе отырып, жекелеген басым бағыттар бойынша өткізілуі мүмкін.
2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Инновациялық гранттар мыналарға:
1) технологияларды коммерцияландыруға;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;
3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.
4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
1-параграф. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
245-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
246-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
247-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
248-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
249-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
250-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
251-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
251-1-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
252-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
253-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
254-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
255-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
256-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-параграф. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-1-баппен толықтырылды
272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру осы Кодекске және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, негізінен, елде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ оларды көрсету шарттары көзделеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-2-баппен толықтырылды
272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары мен бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен айқындалады.
3. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, оны қалыптастыру және іске асыру рәсімдері мен тетіктері белгіленеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 272-3-баппен толықтырылды
272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік саясат «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;
2) өткізу нарықтарына ілгерілету;
3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
272-4-бап. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режімі
273-бап. Инвестициялық қатынастар
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеу және инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды шешу тәртібі осы Кодексте жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекспен:
мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастар реттелмейдi.
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының қолданылу аясына жататын қатынастарға осы тараудың ережелері осындай заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Инвестордың жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасымен реттеледi.
274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары
1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып табылады.
2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады.
4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
275-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестицияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты инвесторлардың құқықтары мен мiндеттерi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және тиiстi шарттарда белгiленедi.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар айқындалуы мүмкiн.
276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды инвестордың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша шарттарға өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзудің тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.
277-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк шоттарын ашуға құқылы.
278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
1. Инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады.
2. Дауыс беретін акцияларының он пайызынан аз (қатысушылардың жалпы дауыс санының он пайыз дауысынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвесторларды қоса алғанда, заңды тұлғаларды тiркеу, олардың жарғылары, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi тiркеу, берiлген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруына байланысты және коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де ақпаратқа инвесторлардың еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiледi.
279-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi
1. Инвестордың мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда жол берiледi.
2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алу туралы заңнамалық актiлерiн шығару нәтижесінде оған келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы толық көлемде өтейдi.
3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.
Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен дау айта алады.
5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне себеп болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтемақы сомасын қайтаруға мiндеттi.