18. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат, 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-2-баптың 4) тармақшасындағы «жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды» деген сөздер «жүйелердің деректерін толтыруды және жаңартып отыруды» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда» деген сөздер «Электрондық тіркеу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жай жазбаша нысанда жасалатын, қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған кезде тараптардың келісуімен тіркеуші орган мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жібереді.»;
3) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысандағы құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы шарт тараптары мен уәкілетті ұйымдардың міндетті куәландыруына жатады.»;
4) 27-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жай жазбаша нысанда жасалатын, қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған кезде тіркеуші орган мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына аталған хабарламаны жібереді.»;
5) 31-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жай жазбаша нысанда жасалатын, қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған кезде тіркеуші орган мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына аталған хабарламаны жібереді.».
20. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;»;
44-3) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бапта:
2-тармақтың 22-2) тармақшасындағы «білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 19-3) тармақшасындағы «білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері құрылады.
2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері оның ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге де деректерді қамтиды.»;
4) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-4) тармақшамен толықтырылсын:
«11-4) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;»;
5) 55-баптың 3-тармағындағы «статистикалық және» деген сөздер «әкімшілік деректер мен» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-72) тармақшамен толықтырылсын:
«41-72) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 33-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пилотсыз ұшу аппараты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында және пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.
2. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз ұшу аппаратының ұшуларын орындау үшін оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан осындай ұшуларды орындауға рұқсат алуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқарған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және басқа да уәкілетті органдардың пилотсыз ұшу аппараттары орындайтын ұшуларды қоспағанда, әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстінен ұшуына тыйым салынады.
Шекаралық белдеудің үстінен уәкілетті органдардың пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.»;
3) 82-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, авиациялық жұмыстарды орындау үшін оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға міндетті.».
22. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
200-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
1), 3) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, ендіру және жаңғырту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады;»;
«3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының жұмыс істеуін және оны қолдап отыруды қамтамасыз етеді;»;
«9) мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі, тізбесін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) уәкілетті органның лицензиясынсыз аударым операцияларын: электрондық нысанда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, сауда-саттықты жүргізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;».
23. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
15-баптың 1-тармағында:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган - индустриялық даму саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган - ел экономикасы салаларының инновациялық және ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;».
24. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19- І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат):
1) 6-баптың 7-2) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 4-1-тармағының бірінші абзацындағы «Индустриялық-инновациялық» деген сөздер «Индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
25. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың 5-1) тармақшасындағы «техникалық» деген сөз «радиожиілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 4-тармағындағы «техникалық» деген сөз «радиожиілік» деген сөзбен ауыстырылсын.
26. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 82-құжат):
19-баптың 7-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
27. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағы 6) тармақшадағы «жүгінуге құқығы бар.» деген сөздер «жүгінуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқығы бар.»;
2) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 12) тармақшадағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға міндетті.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 11-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;
6-3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректер базасын жүргізуді жүзеге асырады;».
28. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) дербес деректерді қорғау саласында уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11-2) дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі - меншік иелерінің және (немесе) оператордың субъектімен ақпараттық өзара іс-қимылын, субъектіден дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қоса алғанда, оның ішінде меншік иелерінің және (немесе) оператордың осы іс-қимылды өзі дербес іске асыруы арқылы қамтамасыз ететін қызмет;»;
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Дербес деректерге қолжетімділік
Дербес деректер қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады.
Халықты ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздері (оның ішінде өмірбаяндық анықтамалықтар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары) пайдаланылады.
Жиналуы және өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып жасалған субъект туралы мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талап етуі бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша кез келген уақытта дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен алып тасталады.
Бұл ретте дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жою кезінде туындайтын шығыстар меншік иесіне және (немесе) операторға, үшінші тұлғаға жүктеледі.
Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінде таратуға келісімін кері қайтарып алу кезінде туындайтын, дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жоюға байланысты шығыстардың көлемі, сондай-ақ осы шығыстар жүктелетін адамдар қажеттілік туындаған жағдайда сот тәртібімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер қолжетімділігі шектеулі дербес деректер болып табылады.»;
3) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Дербес деректерді өңдеу нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға жетумен шектелуге тиіс. Дербес деректерді жинау мақсаттарымен үйлеспейтін дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді.
5. Мазмұны мен көлемі өңдеу мақсаттарына қатысты артық болып табылатын дербес деректер өңделуге жатпайды.»;
4) 8-бапта:
1-тармақтағы «немесе электрондық құжат нысанында» деген сөздер «, электрондық құжат нысанында немесе дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «пайдаланушы кабинеті» деген сөздерден кейін «, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 10-баптың 4-тармағында:
«пайдаланушы кабинетінен» деген сөздер «пайдаланушы кабинеті арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электрондық үкімет» веб-порталының» деген сөздерден кейін «немесе дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисінің» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Дербес деректерді иесіздендіру
1. Дербес деректерді статистикалық, социологиялық, ғылыми, маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді беретін меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға оларды дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларына сәйкес иесіздендіруге міндетті.
2. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор жүргізген жағдайларды қоспағанда, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректер талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.»;
7) 3-тарау мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Ерікті киберсақтандыру
1. Ерікті киберсақтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес субъектіге, меншік иесіне және (немесе) операторға, үшінші тұлғаға келтірілген мүліктік зиянды өтеу болып табылады.