Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына да жіберіледі.»;
11) 152-1-баптың 4-тармағында:
екінші бөліктегі «қолын қойғызып» деген сөздер «қолын қойғызып немесе электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Электрондық нысандағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.»;
12) 193-бапта:
3-тармақ «қорын» деген сөзден кейін «, мемлекеттік техникалық қызметті» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» деген сөздер «, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына және мемлекеттік техникалық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 246-бапта:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «болжау процесіне қатысады» деген сөздер «болжаудың жүргізілуін ұйымдастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) және 9) тармақшалардағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 7) тармақшаларындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 6) тармақшасында:
«индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «сыртқы сауда қызметін реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауарларды» деген сөзден кейін «сыртқы нарықтарға» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 250-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 251-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«251-1-бап. Венчурлік қорлар, жеке венчурлік инвесторлар және венчурлік қаржыландыру»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жеке венчурлік инвестор болып табылады.»;
16) 256-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 257-баптың 6-тармағының бірінші абзацындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 258-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздер «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 263-баптың 1-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 264-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі, 4-тармағының бірінші бөлігіндегі және 6-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 265-баптың 2-тармағындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган», «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «Индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар», «индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 268-бапта:
1-тармақтағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 270-баптың 1-тармағындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «сыртқы сауда қызметін реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 271-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі және 4-тармағындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
202-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-ІV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат):
1) мазмұнындағы 129 және 178-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту салаларындағы міндеттемелері»;
«178-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту салаларындағы міндеттемелері»;
2) 28-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 129-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту салаларындағы міндеттемелері»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен көмірсутектер саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыруды жүзеге асыруға;»;
4) 144-баптың 2-тармағындағы «есепке алу операторын», «есепке алу операторы» деген сөздер тиісінше «есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын», «есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 178-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы міндеттемелері»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен уран өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыруды жүзеге асыруға;»;
6) 278-баптың 7-тармағында:
екінші бөліктегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-8) тармақшамен және 13) тармақшадағы «мәліметтерді ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «мәліметтерді ұсынуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«1-8) мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары бойынша мәліметтер ұсыну;»;
«14) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариус жасайтын куәландыру бойынша жылжымайтын мүлікпен қолма-қол емес ақшасыз нысанда мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты банк клиентінің келісуімен нотариустың электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша банктің электрондық нысанда ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.».
9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) әуе кеңістігін күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз ұшу аппараттары бұзуының жолын кесу үшін.»;
2) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) әуе кеңістігін күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз ұшу аппараттары бұзуының жолын кесу үшін.».
10. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың 21-5) және 21-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«21-5) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21-6) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібін айқындау;»;
2) 15-3-баптың 1-тармағы 10) тармақшадағы «жағдайларында қолдануға құқылы.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз ұшу аппараттарымен бұзудың жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар.»;
3) 15-4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «жағдайларында қолдануға құқығы бар.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз ұшу аппараттары бұзуының жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар.».
11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
54-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырған кезде тараптардың келісімімен нотариус мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына мәмілені куәландыру туралы мәліметтерді, сондай-ақ тіркеуші органның жылжымайтын мүлікке құқықтарға жүргізілген тіркеу туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы ақпаратты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы береді.».
12. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-2-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;».
13. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 115, 119-құжаттар; 2018 ж., № 11, 37-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) 9-баптың 5-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 3-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
14. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат, № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«2-1) арнайы куәландырушы орталықты аккредиттеу - арнайы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асыруға құзыретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми тануы;»;
5) тармақшадағы «ақпараттандыру» деген сөз «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығы - арнайы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
5-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
5-3) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
5-4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы - трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;»;
мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын: