2. Ерікті киберсақтандыру тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылады.
Ерікті киберсақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.»;
8) 25-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құқықтары мен міндеттері»;
2-тармақ:
8) тармақшадағы «алып тастауға міндетті.» деген сөздер «алып тастауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) субъектіге немесе оның заңды өкіліне осы субъектіге қатысты дербес деректермен танысу мүмкіндігін өтеусіз беруге;
10) егер меншік иесі және (немесе) оператор заңды тұлғалар болып табылған жағдайда, дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 10) тармақшасының күші соттар қызметінде дербес деректерді өңдеуге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
1) меншік иесінің және (немесе) оператордың және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын, оның ішінде дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының дербес деректерді өңдеу мәселелері жөніндегі ережелерін, дербес деректерді қорғауға қойылатын талапты меншік иесі және (немесе) оператор жұмыскерлерінің назарына жеткізуге;
3) субъектілердің немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштерін қабылдау мен өңдеуге бақылауды жүзеге асыруға міндетті.»;
9) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
3) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарайды және тиісті шешім қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды;
5) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;
6) субъектілер құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
7) дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органға өз қызметін жүзеге асыру барысында белгілі болған дербес деректерге қатысты дербес деректердің құпиялылығы қамтамасыз етілуге тиіс.».
29-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 23) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бап алып тасталсын;
3) 12-баптың 1-тармағының 70-20) тармақшасы алып тасталсын;
4) 15-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
5) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
30. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-1-бапта:
тақырыптағы «Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы» деген сөздер «Индустриялық даму саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы» деген сөздер «Индустриялық даму саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шұғыл шақыру жүйесін құру және дамыту жөніндегі жобаны басқару;»;
5) тармақша алып тасталсын;
3) 71-1-баптың 9) тармақшасындағы «индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы» деген сөздер «индустриялық даму саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
28-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;».
32. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VІІ, 118-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат):
5-бапта:
3) тармақша «шараларды» деген сөздің алдынан «шаралардың тиімділігі туралы және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
4-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;
4-3) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
4-4) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру тәртібін әзірлеуге қатысу;
4-5) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеуге қатысу;».
33. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат, 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
19-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «құруды және дамытуды» деген сөздер «құру және дамыту жөніндегі жобаны басқаруды» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 1-бапта:
24), 30-1), 30-2), 30-3) және 30-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;»;
30-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
30-2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
30-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты - ақпараттық қауіпсіздік және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
30-4) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы - электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация желілері мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 30-5) тармақшамен толықтырылсын:
«30-5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі - осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;»;
33-1) және 33-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
33-2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды акселерациялау - «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруға дайындау мен оқыту процесі;»;
мынадай мазмұндағы 38-2), 39-1), 39-2), 43-1) және 46-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-2) блокчейн - өзара байланысты деректер блоктарының, тұтастығын растаудың берілген алгоритмдері мен шифрлау құралдарының тізбектері базасында деректердің таратылған платформасындағы ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;»;
«39-1) деректердің таратылған платформасы - құрамбөліктері берілген алгоритмдермен байланысқан, желінің түрлі тораптарында орналастырылған, бір немесе одан көп иеленушісі болуы мүмкін, сондай-ақ деректер ұқсастығының түрлі деңгейіне ие болуы мүмкін технологиялық платформа;
39-2) деректерді талдау - шешім қабылдау үшін ақпарат пен тұжырымдар алу мақсатында деректерді өңдеу процесі;»;
«43-1) зияткерлік робот - қабылданған және танылған сыртқы ортаны ескере отырып, белгілі бір әрекет жасайтын немесе әрекет жасамайтын автоматтандырылған құрылғы;»;
«46-1) интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігі - Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендерде орналастырылатын интернет-ресурстар жиынтығы;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;»;
54) тармақша «бағдарламалық қамтылымның» деген сөздерден кейін «және техникалық құралдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 55-1), 55-2), 55-3) және 56-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-1) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;
55-2) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
55-3) цифрлық майнинг - блокчейн арқылы ақпараттандыру объектілеріндегі деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік, энергетикалық қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;»;
«56-1) цифрлық токен - мүліктік құқықтарды есепке алудың, айырбастаудың және куәландырудың цифрлық құралы болып табылатын цифрлық активтің түрі;»;
57) және 62-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«57) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы ақпарат;»;
«62-1) электрондық өнеркәсіп - тұтынушыларға арналған компьютерлер, компьютерлік перифериялық жабдық, коммуникациялық жабдық, электрондық аспаптар, ғарышқа арналған өлшеу, тестілеу және авиациялық, иррадиациялық-төзімді құрамдастар, электромедициналық және электротерапиялық жабдық, оптикалық аспаптар мен жабдық, магниттік және оптикалық ортаны зерттеуге арналған жабдық сияқты құрылғыларды әзірлеуді, құрастыруды, сынауды және өндіруді, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне арналған тораптар, құрауыштар (интегралды микросхемалар, «активті» және «пассивті» электрондық компоненттер) мен қосалқы бөлшектер өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы;»;
мынадай мазмұндағы 62-2) және 62-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«62-2) электрондық өнеркәсіп өнімі - электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;
62-3) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган - электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
64) тармақшада:
«мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға» деген сөздер «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сервистік бағдарламалық өнімі, бағдарламалық қамтылымы және ақпараттық жүйелері» деген сөздер «ақпараттандыру объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) тармақша алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға сәйкес функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға;»;
3) 7-бапта:
5) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және» деген сөздер алып тасталсын;
6) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) операторға бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
«13) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 63-3) және 63-4) тармақшалармен толықтырылсын;
«63-3) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
63-4) цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
4) 7-1-бапта:
2) тармақша «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «ұлттық қауіпсіздік органдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген сөздер «платформасының жұмыс істеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидаларды бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-2) цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
20-3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін айқындайды;»;
5) 7-2-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;»;
6) 7-3-баптың 1-тармағында:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;»;
«3) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және иеленушілеріне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қауіп-қатерлері туралы хабарлайды.»;
7) 7-4-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «платформасын құрады және оның» деген сөздер «платформасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 7-6-баппен толықтырылсын:
«7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган:
1) электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
6) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
7) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және өнімінің тізіліміне электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымын және өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
8) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 9-бап мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
17-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;»;