2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
7) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату
1. Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;
2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде;
3) нотариус қайтыс болғанда;
4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;
5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда;
6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);
7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.
2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi.
3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
13-бап. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
2. Мемлекеттік нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.01. № 1 қаулысымен күші жойылды
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық құпияны сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.
Нотариус нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық нотариаттық палатаға жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті.
5. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру
1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.
2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Нотариустың құқықтары
Нотариус:
1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) консультация беруді жүзеге асыруға;
3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;
4) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға;
7) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға);
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Консультация беру
Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға:
1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Нотариустың мiндеттерi
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Нотариус:
1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтықактiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Қағидаларда көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде - аумақтық әділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға;
8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет ұсынуға;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.
2. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу
1. Нотариустың:
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;
4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;
5) нотариустың мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Нотариаттық округ
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiске сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы
1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегіндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.
Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгілейді.
Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін.
Көшпелі нотариаттық iс-әрекеттер мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.
Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында және нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде (оның ішінде нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде) оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері
1. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:
1) нотариаттық округтегі халықтың саны мен тығыздығына;
2) өңірдің экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшеліктерінің болуына сүйене отырып бекітеді.
2. Бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы.
3. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.
Бұл ретте аумақтық әділет органы:
1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру және мемлекеттік нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;
2) мемлекеттік нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;
3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары болады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нотариаттық әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды мемлекеттік нотариус үшін - аумақтық әділет органы, жекеше нотариус үшін аумақтық нотариаттық палата жүргізеді.
Жекеше нотариустың мөрін дайындау - оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Электрондық құжаттармен нотариаттық әрекеттер жасауды және мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізуді нотариус электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзінің кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда, оны нотариаттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына, Нотариустың әдеп кодексіне сәйкес жауапқа тартады.
2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген нұқсанға мемлекет жауапты болмайды.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, нотариаттық палата жарғысының талаптарын, нотариаттық палатаға мүшелік шарттарын бұзғаны туралы жүгінімдерді, шағымдарды (бұдан әрі - шағым) қарау жөніндегі орган болып табылады.
Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланатын, кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар кемінде төрт нотариус, сондай-ақ әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.
Нотариус нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.
Шағымдарды қарау тәртібін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.
Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымдарды қарау кезінде шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өздеріне қатысты шағым қаралатын мүшелерін өзінің отырыстарына шақыруға міндетті.
Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариусты лицензиясынан айыру туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.
4. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде нотариаттық палата шешімнің көшірмесін нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды
24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы
1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтап қорытады.
Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Республикалық нотариаттық палатаның съезі сайлайтын және оған есеп беретін Республикалық нотариаттық палатаның тәуелсіз органы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.