4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
40-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беру тəртібі
1. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері уəкілетті орган ведомствосының шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері уəкілетті орган айқындаған тəртіпке сəйкес инвесторларға бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды уəкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылған инвестициялық комиссиялар қарайды жəне айқындайды.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жоба деп инвестордың балық шаруашылығының жаңа өндірістік объектілерін құруға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістер құру жөніндегі инвестициялық жоба түсініледі.
2. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының жəне (немесе) учаскелерінің тізбесін уəкілетті органның ведомствосы қалыптастырады жəне ол тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына жəне (немесе) учаскесіне іргелес жатқан жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін орналастыру үшін жер учаскелері мен оларға коммуникацияларды беру жер заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдыны жəне (немесе) учаскесі инвестордың өтінімі бойынша жəне ол уəкілетті орган бекіткен талаптарға сəйкес келген жағдайда беріледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбімен жүзеге асырылады.
42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану
Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 42-1-баппен толықтырылды; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 42-1-бап өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану
Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай мамандандырылған ұйымдарды:
1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды;
2) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді құрады.
2. Жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді - мамандандырылған ұйымдарды құрады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-1-бап өзгертілді
43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 43-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43-2-бап. Балық шаруашылығын субсидиялау
1. Балық шаруашылығын субсидиялау балық шаруашылығын дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде:
1) балық шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі болған;
2) өндірілетін балық өнімдерінің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін арттырған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Балық шаруашылығын субсидиялау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аквашаруашылық (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту;
2) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;
3) балық өнімдерін қайта өңдеу;
4) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін арзандату.
3. Балық шаруашылығын субсидиялау субсидияларды алушы өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын құру жəне (немесе) көбейту жəне жалақыны арттыру бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда субсидиялау қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары
Жануарлар түрлерінің санын реттеу:
1) халықтың денсаулығын сақтау;
2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi
Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi:
1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.
Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.
46-бап. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты
пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру
47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттік қолдау) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда
49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру мен бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері өздерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
5. Тексерілетін субъектілер бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, ведомстволар немесе олардың аумақтық бөлімшелері сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға, ведомстволарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау жəне қадағалау субъектілерін хабардар етпей тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау мақсатында бақылау жəне қадағалау субъектілерінің қызметін зерттеп-қарау арқылы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан жүргізіледі.
Тексеруді:
балық шаруашылығы су айдындарында жəне (немесе) учаскелерінде - балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері;
аңшылық алқаптарда - орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарында жəне (немесе) учаскелерінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) балықшы куəлігінің бар-жоғын;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын, сондай-ақ ауланған балықтың саны мен түрінің құрамының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сəйкестігін;
3) балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кəсіпшілік журналының) бар-жоғын жəне оған енгізілген деректердің балықтардың көлемі мен түрінің құрамы бойынша сəйкестігін;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аулау құралдары мен балық аулау тəсілдерін қолдануға рұқсат етілген кəсіпшілік жəне кəсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тəсілдерінің тізбесіне, балық аулау қағидаларына жəне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сəйкестігі тұрғысынан;
5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;
6) балықтардың кəсіпшілік өлшемінің жəне балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;
7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.
4. Уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) аңшы куəлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың жəне жолдаманың бар-жоғын;
3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;
4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;
6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кəсіпшілік журналының) бар-жоғын;
7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;
8) жануарларды аулау құралдарын, əдістері мен тəсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сəйкестігі тұрғысынан;
9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.
5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау жəне қадағалау субъектісіне қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетеді.
6. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
7. Тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша əкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау жəне қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жауаптылыққа тартылады.
8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) аудио, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:
1) егер құжаттар мен мəліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
2) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;
3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға жəне өтініштер жасауға құқылы емес.
10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау жəне қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте жүргізуге;
3) осы Заңға сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға;
5) бақылау жəне қадағалау субъектісінің не оның уəкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау жəне қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
7) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Бақылау жəне қадағалау субъектілері тексерудің жүзеге асырылуы кезінде:
1) осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мəліметтер тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
4) лауазымды адамдардың шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
12. Бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) осы бапқа сəйкес жүргізілетін жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2) осы баптың 5-тармағының талаптары сақталған кезде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 49-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
49-2-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы лауазымды адамдар бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін қызметін немесе оның жекелеген түрлерін, өнімін (тауарын), көрсетілетін қызметін анықтаған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы Заңда көзделген.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сəйкес мемлекеттік бақылау жəне қадағалау шеңберінде: