2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдарына тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру немесе қашықтан бақылау нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты тексеру басталған күні жəне жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нəтижелері туралы қорытындыны олар аяқталған күні алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уəкілетті адамының тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жерінде тексерудің тағайындалған мерзімдерінде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 19-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Егер тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы талаптарды бұзу фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Уəкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген не анық емес ақпарат ұсынылған, бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi:
1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;
4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт, рұқсат және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап жаңа редакцияда
51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкілетті орган ведомствосы басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал уәкілетті орган ведомствосының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандар тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда
7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын жəне жүзу, көлік құралдарын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау мақсатында жəне (немесе) жедел ден қою шеңберінде құқық қорғау органдарына беру үшін алып қоюға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
12) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қоюды жасаған адамдарды ұстауға, құқық қорғау органдарына жеткізуге құқығы бар.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі iс-шаралардың орындалуына;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердiң сақталуына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 53-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) тексеру актісі;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 54-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.
55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады.
2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру;