Ұлттық аң аулау - әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануар түрлерін аушы жыртқыш құстар мен қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, қару-жарақсыз аулау.
5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.
33-бап. Аң аулау құқығы
1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, жиырма бір жасқа толған;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аңшы куәлігі болған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) электрондық нысанда аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, аквашаруашылықты, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
5), 6) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту
33-2-бап. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы
1. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - Ұлттық орталық) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Ұлттық орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:
1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша, оның ішінде кинологиялық қызмет бойынша сарапшыларды оқыту және мамандарды даярлау;
3) шығу тегі туралы куәлік бере отырып, тұқымы таза қазақы тұқымды иттерді асырау және өсіру;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу;
5) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу;
6) қазақы тұқымды иттердің сынақтарын, көрмелерін, байқауларын, әртүрлі дәрежедегі жарыстарын ұйымдастыру және өткізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.
33-3-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақтар мен байқаулар жүргізу;
2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
33-4-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру
1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті, оның ішінде Ұлттық орталықты қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мыналарға:
1) қазақы ит тұқымдарын сақтауға және өсімін молайтуға;
2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны болып табылады.
33-5-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады.
Ғылыми ұйымдар уәкілетті органмен, Ұлттық орталықпен, сондай-ақ кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін, сондай-ақ көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде ғылыми ұсынымдар негізінде ихтиофаунаны алмастыру мақсатында қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Балық аулау құқығы
1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаты;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар - жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау үшін аулауды балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.
7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бере отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімі, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:
1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;
2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;
4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;
6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.
3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, балық шаруашылығы су айдынын жəне (немесе) учаскесін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тəртіппен мұраға қалады.
38-бап. Аңшылық алқаптар
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
5. Мына жағдайларда:
1) аңшы куәлiгiнсiз;
2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеместен аушы жыртқыш құстарды жəне аңшы иттерді қолданып;
4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;