7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.»;
47) 55-бапта:
1-тармақта:
2), 4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.»;
1-2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1), 2-1), 2-2), 2-3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;»;
«5) осы Заңның 72-1-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сақтандыру портфелі болмаған жағдайда осындай лицензияны ерікті түрде қайтару жүзеге асырылады.»;
48) 55-1-бап алып тасталсын;
49) 55-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уақытша әкімшіліктің құрамына сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері міндетті түрде кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.»;
50) 55-3, 55-4, 55-5 және 55-6-баптар алып тасталсын;
51) 56-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен береді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру жариялайды. Бұл кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Уәкілетті орган сақтандыру портфелі берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.»;
52) 59-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган өз құзыреті шегінде талап еткен актуарий қорытындысы және өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған;»;
3) тармақшадағы «анықталған;» деген сөз «анықталған жағдайда, үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
53) 60-баптың 1-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауына алып келген, актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзған;
2-2) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;»;
4) тармақша алып тасталсын;
54) 61-бап алып тасталсын;
55) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізу үшін рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлер жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.»;
56) 66-бапта:
тақырыптағы «Өз еркімен және мәжбүрлеп» деген сөздер «Мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «өз еркімен және мәжбүрлеп тарату рәсімдеріне» деген сөздер «мәжбүрлеп тарату рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ерекшеліктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін жіберуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;
2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжат келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
5. Ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсаты алынғаннан кейін таратуды оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.»;
58) 68-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда бас тартады.»;
59) 69-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына береді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган тағайындайды, олар:
1) уәкілетті органның қызметкерлері;
2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері;
3) оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалуы мүмкін.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым жүргізетін, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттардың шешімдерін қоспағанда, соттардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлардың талаптары тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
6) басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сот уәкілетті органды және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға осындай шешімнің көшірмесін жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.»;
60) 69-1-бап алып тасталсын;
61) 70-бапта:
1-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ол лицензиясынан айырылғанға дейін бір жыл ішінде жасалған мәмілені мынадай негіздер:»;
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Осы баптың 1-1-тармағының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін бір ай ішінде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күнге дейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен тараптардың ауысуы (әмбебап құқықтық мирасқорлық нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қолданылмайды.
1-3. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тану үшін негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапының қайта есептеуіне жатады.»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы мен кредиторлары талаптарының тізілімін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы есептерді және оның жазбаша сұрау салуы бойынша өз қызметі туралы қосымша мәліметтер мен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректерді ұсынуға міндетті.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының конкурстық (тарату) массасына енгізілмейді.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
62) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) алтыншы кезекте кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда басқа сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;»;
63) 72-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсаты не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесі (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша;
2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімі (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.