3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мыналар:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай қызмет түрлерін орындау мақсатында құрады:
1) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу;
2) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының фитосанитариялық болжамын жасау және уәкілетті органның ведомствосына беру;
3) тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізу;
4) ауыл шаруашылығы өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және сараптама жасау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану пестицидтердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану шарттарына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
3. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.
2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік емес реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынатын тиісті лицензиясы болмаса, жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттау жөніндегі қызметіне тыйым салынады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады.
2. Пестицидтердi зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бередi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша айқындайды.
14-2-бап. Пестицидтердің запасы
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пестицидтердің запасы дегеніміз пестицидтердің ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті орган ведомствосының қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтердің запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер көлемінен қалыптастырылады.
3. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі, биологиялық тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық іс-шаралар көлемін объективті және негіздеп жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізуі үшін негіз болып табылады.
14-4-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi қызметті үйлестіру
1. Уәкілетті орган өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды бекітеді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары уәкілетті органмен келісілуге жатады.
14-5-бап. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органның ведомствосына есептілікті табыс етуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге;
5) пестицидтерді залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстауға;
6) қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын талаптарды сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 14-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-6-бап өзгертілді; 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-6-бап жаңа редакцияда
14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
1. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу үшін мәлімделген пестицидтердің химиялық құрамының, рецептурасы мен өндіру технологиясының (формуляциясының) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтердің химиялық құрамына, рецептурасы мен өндіру технологиясына (формуляциясына) сәйкес келмеуі;
2) пестицидтерге жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер тізіміне енгізеді.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес:
1) егер қажетті мақсаттағы пестицидтер болмаса, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес;
2) тәуекелі төмен биологиялық препараттар үшін екі жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге жол беріледі.
Биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде тіркелуші (өтініш беруші) оны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды алдағы уақытта ұсына отырып, тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары өткізілуге тиіс.
2, 3-тармақтар ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу):
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған, адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған;
2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген;
3) фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады.
Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған бастапқы құрамдастарды өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуден уәжді бас тартуға негіз болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
15-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын объектілер
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілер:
1) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілер, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнім;
2) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) пестицидтер, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника;
4) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы мен таралуының себептерін анықтау және белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында бұрын тіркелмеген зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмнің таралуы туралы;
2) Қазақстан Республикасымен шекаралас елдермен шекара маңындағы аумақтардың және облыстардың фитосанитариялық ахуалының нашарлауы туралы (аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстану фактілері);