2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) жерге орналастыру жобасы - жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер.
Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны осы Кодекске сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде белгіленеді;
9) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
10) жерді жалдау төлемақысы - уақытша өтеулі жер пайдалану төлемақысы;
11) жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі;
12) жер кадастры - жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-1) жер комиссиясы - облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган;
13) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі — облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы);
13-1) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;
15) жер құқығы қатынастары - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;
16) жер құқығы қатынастарының субъектілері - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер;
17) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы;
18) жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;
19) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган);
20) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі - осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде тіркелген деректер жиынтығы;
21) жер учаскесі - осы Кодексте белгіенген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
22) жер учаскесін жалдау құқығын сату төлемақысы - уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі үшін біржолғы төлем;
23) жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы;
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама;
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат
26) жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепіл шартына негізделген не Қазақстан Республикасы заңдарының негізіндегі әдісі, осыған орай кредитордың (кепіл ұстаушының) борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құнынан осы жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы тиесілі тұлғаның (кепіл берушінің) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген алып қою жағдайлары қосылмайды;
27) жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 27-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-1) жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспары (бұдан әрі - жер-кадастрлық жоспар) - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті, кент, ауыл шегінде құрылыс салу мақсатында берілетін жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
28) жер үлесі - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда бөліп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
28-1) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен нысанға сәйкес бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 28-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
28-2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі - жүргізу тәртібі осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
29) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
31) кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;
32) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік меншік құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды;
32-1) 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33) мемлекеттік жер пайдаланушылар - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34) мемлекеттік заттай гранттар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріле отырып, кейіннен меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз берілетін жер учаскелері;
35) мемлекеттік емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
36) меншік құқығының объектілері - мемлекеттік және жеке меншіктегі жер;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36-1) орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) - жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері;
37) өзіндік қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
38) сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы;
39) топырақ қабаты - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;
40) төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы;
41) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар;
42) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
43) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
43-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
44) шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ осы Кодексте аталған өзге дe тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелеріне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады;
45) шетелдік жер пайдаланушылар - шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 46) тармақшамен толықтырылды
46) функционалдық аймақ - жер учаскелерін пайдаланудың бірыңғай режимі бар елді мекендердегі олардың нысаналы мақсатының тобын қамтитын шартты аймақ.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға байланысты жағдайларда, барлық санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2008.01.12 № 94-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-1) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;
2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша босалқы жерді ядролық қауіпсіздік аймағы жеріне ауыстыру;
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) босалқы жерді ядролық қауіпсіздік аймағы жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) облыстың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу тәртібін айқындау;
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) бір облыстың, республикалық маңызы бap қаланың, астананың аумағындағы жерді басқа облысқа, республикалық маңызы бap қалаға, астанаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
10) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
1-2) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды
2-5) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды
2-6) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-7) тармақшамен толықтырылды
2-7) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-8) тармақшамен толықтырылды
2-8) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлеу және бекіту;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-9) тармақшамен толықтырылды
2-9) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-10) тармақшамен толықтырылды
2-10) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-11) мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлеу және бекіту;
3) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекіту;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11), 4-12), 4-13), 4-14) тармақшалармен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4-2) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4-3) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4-4) Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-5) жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-6) жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-7) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 4-8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-8) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
4-9) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-10) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлеу және бекіту;
4-11) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-12) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
4-13) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
4-14) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
7-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)