16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) клиенттерiне тиесiлi қаржы құралдарын есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) банктiк, жеке және өзге де шоттарына номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) мiндеттемелерi бойынша тыйым салына алмайды.»;
3) 98-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының, өзі шығарған исламдық жалдау сертификаттары бойынша бөлінген активтерді жалға беруден және сатудан алған ақшасынан (осы исламдық жалдау сертификаттарынан туындайтын талаптар бойынша болатын реттерден басқа);».
37. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын құру туралы, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды оны кері сатып алу міндеттемесімен жүзеге асыруға негіз болған мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын иелену және (немесе) өтеу туралы шешім қабылдайды;»;
2) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;»;
3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;»;
«8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;»;
«11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;»;
3) 13-бапта:
4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;
4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;»;
4) 102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 105-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінде айқындалған мемлекеттік мүлік объектілері жатады.»;
6) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
«105-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сату
1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен сатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімі негізінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті кепілге салуға және оған өндіріп алуды қолдануға, сондай-ақ осындай мүлікке тыйым салуға жол берілмейді.»;
7) 140-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті кірісі есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
8) 185-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды.».
38. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
36-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
39. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Микрокредит берумен байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микроқаржы ұйымы микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алады.
39-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады
Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.»;
2) 4-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) берiлген микрокредит сомасы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;
5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;»;
«8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері;»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Микрокредит беру туралы шарттарда осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетіледі.
Егер микрокредит беру туралы шартта оның жекелеген талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабына сәйкес сілтемесі бар үлгілік талаптармен айқындалатыны көзделсе, микрокредит беру туралы шарттың тараптардың қолдарын қамтитын бір бөлігі осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған міндетті талаптарды қамтуға тиіс .
39-тармақтың 2) тармақшасының он алтыншы абзацы олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады
6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді.»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
39-тармақтың 3) тармақшасының екінші - он бесінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады
«1-1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.
Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.
Микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жасалады.»;
4) 7-бапта:
2-тармақта:
39-тармақтың 1) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.
Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін;»;
39-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптары бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болдырмау мақсатында микроқаржы ұйымы негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары, тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша кез келген төлемді өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін сыйақы төлемін, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабардар етуге;»;
5) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «бас бухгалтер» деген сөздерден кейін «(болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 21-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
«3. Микрокредит беру құпиясы берілген микрокредиттер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушыға, микроқаржы ұйымында жеке өзінің қатысуымен берілген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға ғана, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.»;
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы бойынша нотариат куәландырған сенімхат негізінде;»;
7) 28-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына мынадай шектеулі шараларды қолдануға:
1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;
2) жазбаша ескерту шығаруға;
3) жазбаша келісім жасауға құқығы бар.
Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Жазбаша келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымының арасында анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін микроқаржы ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жасалады.
Жазбаша келісім микроқаржы ұйымының қызметінде қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Жазбаша келісімде микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша қолданатын іс-қимылдар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның шарттарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Жазбаша келісімге микроқаржы ұйымы тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.».
40. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және уәкiлеттi органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.»;
2) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
«48-1-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту
Уәкілетті органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы Заңның 48-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болуы;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражатының жеткіліксіздігі.»;
3) 55 және 58-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) басқарушы орган - директорлар кеңесі;
2) атқарушы орган - басқарма.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, басқарушы органның басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтер саласында және (немесе) экономика мен қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;