42-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган беретін рұқсаттарға;»;
2) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде:
банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады;
лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді.»;
4) 2-қосымшадағы 67, 191 және 192-жолдар алып тасталсын.
43. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 8, 45-құжат):
2-бапта:
1-тармақ тоғызыншы абзацтағы «бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «бесінші абзацтарын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 25-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға 2017 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру дерекқорын (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға 2017 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей өтеусіз негізде беруге міндетті.»;
екінші бөліктегі «Дерекқорды» деген сөз «2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды» деген сөздермен, «жүзеге асыратын» деген сөздер «жүзеге асырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін 2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей алуға міндетті.»;
4-тармақта:
«мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметін жүзеге асырған күннен бастап үш ай ішінде» деген сөздер «2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпарат беру және мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру есептерін алу туралы» деген сөздер «мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 18-тармағы 12) тармақшасының екінші абзацын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 25) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларын, 8-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының екінші абзацынан бастап жиырмасыншы абзацын қоса алғанда, 7) және 8) тармақшаларын, 10-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші, оныншы, он екінші және он үшінші абзацтарын, 6), 10), 19), 22) және 27) тармақшаларын, 28) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 32), 33) және 34) тармақшаларын, 12-тармағы 12) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он сегізінші абзацын қоса алғанда, 20) және 33) тармақшаларын, 18-тармағының 1), 4), 5), 7), 9), 14) тармақшаларын, 16) тармақшасының алтыншы абзацынан бастап он жетінші абзацын қоса алғанда және 22) тармақшасын, 26-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10) тармақшаларын, 31-тармағының 1) тармақшасын, 42-тармағының 1) тармақшасын;
4) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 5) тармақшасының сексен жетінші, сексен тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағы 18) тармақшасының үшінші абзацынан бастап алтыншы абзацын қоса алғанда, он бесінші абзацын, 39-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасының үшінші абзацынан бастап жетінші абзацын қоса алғанда;
5) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағы 15) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, он төртінші абзацынан бастап жиырма жетінші абзацын қоса алғанда, 18) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, 39-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бесінші абзацын қоса алғанда;
6) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды;
7) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының он жетінші абзацын;
8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацын және 16-тармағын;
9) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 18-тармағының 31) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы және 10-тармағы 25) тармақшасының екінші абзацы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
3. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
4. Осы Заңның 1-бабының 18-тармағы 30) тармақшасының екінші абзацынан бастап тоғызыншы абзацын қоса алғанда 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
5. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының он бірінші абзацының, 39-тармағы 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптары бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген, жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды. Бұл ретте осы мерзім өткеннен кейін осындай шарттар бойынша банктің, микроқаржы ұйымының сыйақыларды, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап ету құқығы болмайтын мерзімді есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.
6. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының талаптары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған шарттарға қолданылады.
7. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының он екінші абзацы және 39-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы абзацы олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
8. Осы Заңның 1-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 24-і.
№ 422-V