51) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.».
26. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
26-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;»;
26-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 3-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.»;
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі болып табылады.»;
3-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы жүйесіндегі орнықтылықты сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының мониторингi;»;
«4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.»;
26-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 5-баптың бірінші бөлігіндегі «қаржылық ұйымдар» деген сөздер «қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қаржылық ұйымдардың» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 9-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «қаржылық ұйымдардың» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қаржылық ұйымдар» деген сөздер «қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «қаржылық ұйымдар» деген сөздер «қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары» деген сөздер «қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғалары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «қаржылық ұйымдарға», деген сөздер «қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-1) тармақша «банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қаржылық ұйымдардың» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «қаржылық ұйымдар» деген сөздер «қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының» деген сөздер «қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының» деген сөздер «қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-2-тармақ «банктерде,» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «қаржылық ұйымдардың» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 9-1-бапта:
1-тармақ:
«банктерге,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы баптың 1-тармағында» деген сөздер «осы тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
«біріндегі», деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының біріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «банктегі,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалындағы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
1) тармақша «банктің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «банкте,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы «қаржы ұйымдарынан» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта;
1) тармақша:
«қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «банкке,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
бірінші абзац «банк,» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының», деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 10-бапта:
7) тармақша «банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшасындағы «банктің аффилиирленген тұлғаларына» деген сөздер «банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 11-бапта:
2) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «ұйымының», деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi»;
бірінші абзац «бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «мен өзге де қаржы құралдары» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;»
26-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 14-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.»;
11) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.».
27. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мәтін бойынша «туроператордың және турагенттiң», «Туроператордың және турагенттiң», «Туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагент» деген сөздер тиісінше «туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «туроператордың немесе турагенттiң», «туроператор немесе турагент» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 2) тармақшасы «турагент - » деген сөзден кейін «туроператор қалыптастырған» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi
1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - туроператордың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.
2. Турагенттiң туроператор қалыптастырған туристiк өнiмдi ілгерілету және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.»;
4) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi»;
1-тармақтың екінші бөлігі алып тастылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес беріледі.
Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сақтанушының өтiнiшi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, бұл дау сақтанушының пайдасына шешiледi.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.»;
5) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туроператордың немесе турагенттің туристке туриске операторлық немесе туристiк агенттік қызметті жүзеге асыру кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.»;
6) 20-баптың 2-тармағы 4) тармақшадағы «бepмeуi негiздеме бола алады.» деген сөздер «бермеуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.».
28. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) жазбаша нұсқама - уәкілетті органның кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына қолданатын ықпал ету шарасы;»;
2) 8-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтардың дерекқорын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын құру үшін пайдаланылатын көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды кредиттік бюроның орындамауы кредиттік тарихтардың дерекқорын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады.»;
3) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Уәкiлеттi органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
1-3. Кредиттік бюро, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.».
29. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):