1) 5-баптың 5-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде әділет органдарында қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылады.»;
2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды қағаз түрінде не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар өтініштің электрондық нысанына құжаттардың электрондық көшірмелері және электрондық құжат түрінде қоса тіркеліп беріледі.»;
3) 28-бапта:
3, 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналарды:
1) басқарушы компания атауының және (немесе) орналасқан жерінің;
2) кастодианның атауының және (немесе) орналасқан жерінің;
3) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның аудиторлық ұйымдарының, сондай-ақ олардың атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруін;
4) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және иелену жөніндегі делдалдар тізбесінің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоспағанда, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған өзгерістер және (немесе) толықтырулар инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.
4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың қағидаларына осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ғана енгізілуі мүмкін.»;
«7. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы бапта көзделген жағдайларда олардың уәкiлеттi органмен келісілгенi туралы көрсетіле отырып, осы өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтiнi инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе пайлардың барлық ұстаушылары оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсыну күніне бұл қордың бірде-бір пайы орналастырылмаған жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкілетті органмен келісілген күннен бастап не осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.»;
4) 36-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тарту туралы шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тартылған жағдайда, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған құжаттарды уәкілетті органға қайтадан ұсынады.»;
5) 37-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде осы түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.»;
9-тармақта:
2) тармақшадағы «пайызынан;» деген сөз «пайызынан аспауға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта белгіленген шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты қолданылмайды.»;
6) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акционерлік инвестициялық қордың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
7) 41-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) егер бағалы қағаздар актив болып табылған жағдайда, қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға («қысқа сауда-саттық») немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн не инвестициялық қордың кастодиандағы шотына есепке жатқызылмаған активтерді беру жөнiндегі мiндеттемелерді қабылдауға;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) және 11) тармақшаларының талаптары орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, ашық сауда-саттық әдісімен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерге қолданылмайды.»;
8) 44-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқарушы компания инвестициялық қор активтерiмен жасасқан мәмiлелердi олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды жүзеге асыруға және анықталған сәйкессіздіктер туралы:
уәкілетті органға;
басқарушы компанияға;
егер бұл акционерлік инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына;
егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, қор биржасына дереу хабарлауға;».
30. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
6-1-баптың 1-тармағындағы «және облыстық маңызы бар қалаларда» деген сөздер «маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
31-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) уәкілетті банктер - Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, осы баптың 13) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын, валюталық операцияларды жүргізетін, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізетін Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары;»;
2) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын операциялар;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер, егер осындай міндеттемелер бойынша валюталық операциялар рұқсат етілсе, шетелдік валютада көрсетілуі мүмкін.»;
3) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердің шоттары арқылы жүзеге асырылатын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жасалатын резиденттермен операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;».
32. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кастодиан-банк уәкiлеттi органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.».
33. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;»;
2) 10-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
3) 13-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қосылу шартының талаптарын сақтауға міндетті.»;
4) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң депозиторы кепiлдiк берiлген өтемдi төлеудің басталғаны туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай iшiнде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы агент банкке жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк кепiлдiк берiлген өтемдi депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана төлейдi.».
34. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) еншілес ұйым - халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауындағы ұйым деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;»;
10) тармақша «аудиторлық есептер,» деген сөздерден кейін «ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) негізгі ұйым - халықаралық стандарттарға сәйкес бір және одан да көп еншілес ұйымды бақылайды деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын ұйым;»;
2) 2-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.»;
3) 8-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді және қаржылық есептілігін жасауды бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйым қаржылық есептілікті ұсынатын кезең есепті кезең болып табылады.
Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.»;
5) 19-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.» деген сөздер «құзыреттеріне сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдануы, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу, еншілес ұйымдардың активтерінің құнсыздануы тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен анықтығына байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.»;
6-тармақ алып тасталсын;
6) 20-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік-құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) Қазақстанның Даму Банкі үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;».
35. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
31-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады.» деген сөздер «сәйкес келмеген кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірген кезде жүзеге асырылады.».
36. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9 құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелеріндегі орталық депазитарийдің жеке шоттарындағы және клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарға;
сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша нысанасы болып табылатын мүлiкке;
клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуды қоспағанда, борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның iшiнде банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу;»;
2) 65-бапта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалы қағаздарға тыйым салу:
1) эмитенттiң (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кiрiстердi төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау немесе алмастыру жөнiндегi әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (инвестициялық пай қордың қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергi келтiрмейдi. Көрсетілген әрекеттердiң жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды;
2) бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада және осы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген шарттарда және тәртіппен есеп айырысу кезеңі ішінде мүлікке тыйым салу туралы соттың тиісті ұйғарымын алған кезге дейін қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелерді орындауға (немесе барлық есеп айырысуларды, аударымдарды аяқтауға) кедергi келтiрмейдi.
6. Айырбастау, алмастыру немесе қор биржасында жасалған мәмілелерді орындау нәтижесiнде алынған өзге де қаржы құралдары, егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салу туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар секiлдi дәл сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледi. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған берешектiң мөлшерiн ескере отырып, айырбастау, алмастыру немесе қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау нәтижесiнде алынған қаржы құралдарына тыйым салу туралы қаулы шығаруға мiндеттi.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тiркеушiге, орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға);»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген операцияларды жасауды және мәмілелерді орындауды қоспағанда, сот орындаушысының қаулысында көрсетілген берешектің мөлшерiн ескере отырып, орталық депозитарийдің немесе бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының шоттарында есепке алынатын немесе сонда болатын борышкердiң қаржы құралдарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға мiндеттi.»;