1. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті ұсынуға тиіс.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) басқа тұлғалармен бірлесіп инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды иелену көздері туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы адамдардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;
5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларациясы болған кезде, оның көшірмесін беруге тиіс.
3. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға тиіс.
5. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:
1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
3) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.
Инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.
6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынуға тиіс.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.
7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын болса, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады. Бұл ретте, егер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға талап етілген кезең үшін қаржылық есептілікті ұсынған жағдайда, осы қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба ұсынылмайды.
72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті
1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары үшін қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу міндетті.
Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжатты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының бейрезиденті ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының осы бейрезиденті ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Инвестициялық портфелді басқарушының Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне әсер ететін бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган аталған тұлғалардың аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жойғанға дейін:
1) инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты тиісті лицензияның қолданысын тоқтата тұруға;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Осы есеп алынған күннен бастап бір жыл бойы бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
1) инвестициялық портфельді басқарушыны лицензиядан айыруға;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
40) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыға талап етуі бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы есептілікті ұсынуға;»;
41) 77-1 және 77-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі
1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиясы бар ұйымдар, орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін (бұдан әрі осы тарауда - клиринг ұйымдары) жүзеге асыруға құқылы.
2. Орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және аударым операцияларына лицензиясы бар өзге де ұйым есеп айырысу ұйымы болып табылуы мүмкін.
3. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының бұйрықтары негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.
4. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалмауы тәуекелдерін төмендету үшін клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қамтамасыз етуге міндетті.
Клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын немесе мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудың қандай да бір кепілдіктерін ұсынатын тәуекелдерді басқару жүйесі арнайы (кепілді және резервтік) қорларды қалыптастыруды қамтиды.
5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
6. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс.
7. Клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушылары арасындағы тиісті қосылу шарттарында белгіленген талаптармен және тәртіппен есеп айырысу ұйымына клиринг қатысушыларының есеп айырысу ұйымында ашылған шоттары бойынша қаржы құралдарын аударуға (есептен шығаруға, есепке жазуға), оларға ауыртпалық салуға бұйрықтар береді.
8. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
9. Клиринг ұйымының клиенті (клиринг қатысушысы) таратылған жағдайда, оның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нысанасы болып табылатын міндеттемелері өзі жасасқан мәмілелер орындалған жағдайда, оның ішінде клиринг ұйымының оның мәмілелер бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналары, клиринг ұйымдарына жарналары (кепілді және резервтік) болып табылатын қаржы құралдарын толық пайдалануы есебінен және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және осы клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
1. Мыналар клиринг ұйымының функциялары болып табылады:
1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қабылдау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және түзету;
2) жасалған мәмілелердің өлшемдерін, оларды растау, толық немесе ішінара орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты есепке алу;
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде қаржы құралдарымен мәмілелер қатысушыларының, есеп айырысуларға қатысатын субъектілердің (қаржы құралдарының төленуін және аударылуын жүзеге асыратын мәміле тараптарының) талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
4) есеп айырысу ұйымының клиринг қызметінің нәтижелері бойынша бұйрықтарды дайындау және беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген қосылу шартының нормалары қолданылады.»;
42) 15-1-тарау мынадай мазмұндағы 77-3-баппен толықтырылсын:
«77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
1. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, оны клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
2. Клиринг ұйымының қағидалары клиринг ұйымы көрсететін қызметтерді пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін айқындайды және мыналарды:
1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптарды, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі міндетті;
2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін берудің (қолданысын тоқтата тұрудың, айырудың) тәртібі мен шарттарын;
3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымына сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін беретін олардың қызметі туралы ақпарат тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін;
4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа билік ету тәртібін;
5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйінің мониторингі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келу тәртібін;
6) арнайы клиринг (кепілді) қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;
7) клиринг ұйымының резервтік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын;
8) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған кезде, оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібін;
9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алуы мен растауы тәртібін;
10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, шарттарын және тәсілдерін;
12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі есептерді ұсыну тәртібін;
13) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;
14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
16) клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын орындауы тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді;
17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген, клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажет ережелерді қамтиды.
3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.
43) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады:
1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
7) депоненттердің клиенттері.»;
44) 80-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) клиенттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмiлелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр жағынан депонент және екiншi жағынан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарында есеп айырысуларды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады немесе клиринг ұйымдарына және (немесе) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттарда және тәртіппен қызметтер көрсетеді.»;
2-тармақта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық депозитарийдің клиенттері арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;»;
«3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.»;
45) 81-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) депоненттерге және депоненттердің клиенттеріне есептілікті ұсыну тәртібі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) есеп айырысуды клиринг ұйымының және (немесе) орталық контрагенттің көрсететін қызметтерін қолдана отырып жүзеге асыру кезіндегі клиринг ұйымымен және (немесе) орталық контрагентпен өзара іс-қимыл қағидалары;»;
46) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның екі өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.»;
47) 85-баптың 5-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сарапшылық комитеті қызметінің тәртібін;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп анықтау үшін, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі ақпаратты алу тәртібін;»;
48) 88-бапта:
2-тармақта:
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы комитетінің қызметін ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) дефолтты реттеуі және орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде бағалы қағаздар және қор биржасында айналысқа жіберілген өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қор биржасы дефолтты реттеуі, орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысады.»;
49) 17-тарау мынадай мазмұндағы 90-1 және 90-2-баптармен толықтырылсын:
«90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.
2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін азайту үшін:
1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
2) орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорды және өзі қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері болып табылатын брокерлердің және (немесе) дилерлердің активтері есебінен қалыптастырылған кепілдік берілген қорды ең төмен деңгейде ұстап тұруға;
3) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
1. Орталық контрагент жаңалау немесе өзге тәсіл арқылы мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша оның жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының секторы үшін) оның арнайы резервтік қорын құрайтын, орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.
2. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген іске асыру шарттарымен және тәртібімен орталық контрагенттің:
1) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемені орындауға қабілетсіздігін анықтау;
2) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жол берген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерді қолдану (пайдалану);
3) дефолттың залалдарын жабу үшін маржа жарналарын, арнайы кепілдік және (немесе) резервтік қорлардың активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;
4) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, брокер өз клиентінің мүдделері үшін жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагент пен осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен осы брокердің (орталық депозитарийдің және (немесе) клиринг ұйымына қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымының шоттарындағы) меншікті активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.
3. Орталық контрагенттің осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды іске асырудың және рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданатын және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
50) 102-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешiмдер;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) директорлар кеңесі мәселелердің тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, олар туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;»;
4-тармақ «назарына» деген сөзден кейін «уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;