Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 278-1 Заңы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi
3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары
4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретіндегі асыл тұқымды өнiм (материал)
5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану
6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы
7-бап. Алып тасталды
8-бап. Алып тасталды
9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты
2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдары
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
15-бап. Алып тасталды
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) есепке алу
16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
3-тарау. Алып тасталды
4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу
19-бап. Асыл тұқымды жануарларды бонитирлеу және индекстік бағалау
20-бап. Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау
20-1-бап. Молекулярлық генетикалық сараптама
21-бап. Алып тасталды
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
24-бап. Алып тасталды
25-бап. Алып тасталды
26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
28-1-бап. Алып тасталды
28-2-бап. Республикалық палата
28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
6-тарау. Алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етілген» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді
Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
I тарау. Жалпы ережелер
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды аналық бал арасы - асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
2) асыл тұқымды бал ара ұясы - ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі - асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;
3) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымдық куәлiк - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат;
5) асыл тұқымдық кiтап - белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) асыл тұқымды жануар - Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) асыл тұқымды малдың жеке карточкасы - уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделетін, оның шығу тегi туралы, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары жөніндегі деректерді қамтитын, шаруашылық ішіндегі бастапқы есепке алу нысаны;
9) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы - тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
11-1) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) асыл тұқымдық орталық - асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
14) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) асыл тұқымды тұқымдық жануар - ауыл шаруашылығы жануарын өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды жануардың дара аталығы;
17) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) ауыл шаруашылығы жануары (бұдан әрі - жануар) - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар жануарлардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
21) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) бал ара пакеті - құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-1) бонитер (сыныптаушы) - бонитирлеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 23-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-2) бонитирлеу - жануарларды тиiстi сыныпбере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 23-3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-3) бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар, әкесі жағынан шығу тегі молекулярлық генетикалық сараптама негізінде расталған және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 23-4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-4) геномдық бағалау - уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, жануардың селекцияланатын белгілерінің генетикалық құндылығын олардың геномдық ақпараты негізінде болжамды бағалау;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1) ен салу - тиiстi жануарды дәл сәйкестендіруге мүмкiндiк беретiн, нөмiр салу (белгі, татуировка жасау, таңба басу), сырға және чип салу, сақиналау арқылы асыл тұқымды жануарды белгiлеу;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
24-2) жануардың тұқым-тегi - асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;
25) желi - асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
26) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) зауытшы - мал туылған кездегі оның енесінің иесі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) индекстік бағалау - уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, селекцияланатын белгілері бойынша жануардың асыл тұқымдық құндылығы деңгейін айқындау әдісі;
28) кросс - малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
29) қолдан ұрықтандыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы -құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы - будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
31-1) мамандандырылған зертхана - молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ заңды тұлғаның аккредиттелген құрылымдық бөлімшесі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) молекулярлық генетикалық сараптама - жануардың шығу тегінің анықтығын бағалау және (немесе) генетикалық ауытқуларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын, оның биологиялық материалын зерттеу;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс - жануарлардың асыл тұқымдық сапаларын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры - уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
34-1) селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануарының карточкасы - шығу тегі, өнімділік және оның өзге де сапалары туралы деректерді қамтитын, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделетін бастапқы шаруашылықішілік есепке алу нысаны;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 34-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
34-2) таза қанды жануар - бекітілген кезінен бастап шығару кезінде бір тұқым пайдаланылған жануар;
35) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 36-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-1) таза тұқымды жануар - мыналардың:
бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру;
екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру;
бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру;
екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар;
37) таза тұқымды өсіру - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
37-1) таңбалау - асыл тұқымдық материалға және (немесе) оның қаптамасына салынатын мәтіндік және (немесе) графикалық ақпарат;
38) тектiк қоры шектеулi тұқым - селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) техник-ұрықтандырушы - жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
40) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41) тармақша жаңа редакцияда
41) тұқым стандарты - республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар;
42) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) - асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөнiндегi маман - асыл тұқымды жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:
тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретіндегі асыл тұқымды өнiм (материал)
Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.
Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану
Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.
Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сәйкестiк асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
7-бап. 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.
Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда