4-4) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-6) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-7) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
4-8) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
5) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырыды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырыды; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
14-1) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
19) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
24) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) мыналарды:
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативтерін;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, респубикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара);
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу;
9) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-2-бап өзгертілді
16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бонитирлеу және (немесе) индекстік бағалау жүргізуге;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау және (немесе) геномдық бағалау жүргізуге;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуға;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізуге міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өндірістік үй-жайлар кешендерінің (асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері;
2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттар қоса беріледі.
7) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жануардың тиісті түрі бойынша бонитерлерді (сыныптаушыларды) оқыту курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның немесе техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың немесе осы бейін бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
3) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
9. 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-3-бап өзгертілді; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 16-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 16-3-бап өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) есепке алу
Асыл тұқымдық өнiм (материал) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорында және (немесе) қағаз жеткізгіштерде есепке алынуға жатады.
Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымды жануарлар туралы деректер енгізіледі.
Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Жануардың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді.
16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
2) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағыттарын уәкілетті орган айқындайды.