3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 16-5-бап өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды;
3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында, оның ішінде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын;
7) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын;
8) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын;
9) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
3-тарау. 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Өнiмді (материалды) республикалық палата уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық деп таниды.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 9-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес келген кезде импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ұрық мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған;
2) тиісті морфофункционалдық көрсеткіштері болған;
3) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
3. Эмбрион мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) асыл тұқымды жануарлардан алынған;
2) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
3) асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
4. Ені (таңбалауы) жоқ асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуге жол берілмейді. Асыл тұқымды жануар асыл тұқымдық мақсатқа өткізілген кезде асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігі де болуға тиіс.
5. Тұқымның өсімін молайту үшін осы Заңның 19 және 20-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды жануарлар ғана пайдаланылады.
6. Асыл тұқымды жануарлар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.
7. Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жаңадан алынған ұрықты;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес келетін жаңадан алынған эмбрионды пайдалануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы асыл тұқымды тұқымдық жануарды меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолданылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияд; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Асыл тұқымды жануарларды бонитирлеу және индекстік бағалау
Егер Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, асыл тұқымды жануарлар бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға жатады.
Бонитирлеуден және (немесе) индекстік бағалаудан өтпеген асыл тұқымды жануарларды асыл тұқымдық мақсаттарға өткізуге жол берілмейді.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау
Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын, ұрығы таза тұқымды және асыл тұқымды жануарлар алу үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық жануарлар:
бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға;
ұрпақ сапасы бойынша бағалауға және (немесе) геномдық бағалауға;
асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынақтарға) жатады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Молекулярлық генетикалық сараптама
1. Молекулярлық генетикалық сараптама мамандандырылған зертханаларда жүзеге асырылады, олар оның нәтижелерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорына енгізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс берушілер болып табылады.
2. Молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алу тапсырыс берушіні молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін басқа мамандандырылған зертханаларға қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
3. Тапсырыс берушінің:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізудің кез келген кезеңінде өтінімді кері қайтарып алуға;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Тапсырыс беруші:
1) жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін іріктеуге және мамандандырылған зертханаға жеткізуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған зертханаға берілетін жануардың биологиялық материалдары үлгілерінің жиналуын бақылауға;
3) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін іріктелген жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін абайсызда немесе қасақана ауыстыру жағдайларын болғызбауды қамтамасыз етуге;
4) ілеспе құжаттаманы тиісті түрде ресімдеуге және мамандандырылған зертханаға ұсынуға;
5) қаптамалардағы жазбалар мен сәйкестендіргіштердің және ұсынылып отырған барлық ілеспе құжаттардың көрсетілген сәйкестендіргіштері бар нақты жануарларға сәйкес келуіне кепілдік беруге;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу құнын, оның ішінде молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алған жағдайда да төлеуге міндетті.
5. Тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағының 1) – 5) тармақшаларында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда, мамандандырылған зертхананың көрсетілетін қызметтерді ұсынудан толық көлемде не ішінара бас тартуға құқығы бар.
6. Мамандандырылған зертхана:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта белгіленген мерзімде толық көлемде қызметтерді көрсетуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
3) тапсырыс берушіге оның талабы бойынша молекулярлық генетикалық сараптаманың жүргізілу барысы туралы барлық мәліметтерді хабарлауға;
4) егер молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді сапалы және мерзімінде орындау мүмкін болмаса және бұл тапсырыс беруші тарапынан қажетті шаралар қолдануды қажет етсе, тапсырыс берушіге дереу хабар беруге міндетті.
7. Молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс беруші мен мамандандырылған зертхананың Қазақстан Республикасының заңнамасында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер осы Заңның 16-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес деректерді есепке алуды жүргізеді.
Асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілік ұсынады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық орталықтар;
2) дистрибьютерлiк орталықтар;
3) бонитерлер (сыныптаушылар);
4) техник-ұрықтандырушылар;
5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) республикалық палаталар;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады.
24-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алу, жинақтау, сатып алу, сақтау мен өткізу және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын және эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алуды, жинақтауды, сатып алуды, сақтауды және өткізуді асыл тұқымдық орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
7) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау мен өткізу және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу болып табылады.
Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және өткізуді дистрибьютерлік орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бонитерлер (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары бонитирлеу жүргізу болып табылады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алады.
28-1-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-2-бап жаңа редакцияда
28-2-бап. Республикалық палата
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республикалық палата асыл тұқымды жануарларды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн білдіру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы және жылқы шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың және жылқылардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құстардың барлық түрі мен өнімділік бағыттарына бір құс шаруашылығы республикалық палатасы құрылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары жануардың әр түрі бойынша біреуден құрылады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатада білдірілсе, жекелеген республикалық палатаны құру ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) арқылы жүзеге асырылады.
Ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) үшін республикалық палата мүшелерінің жалпы жиналысында шығарылған және республикалық палата мүшелерінің кемінде елу пайыз дауысын алған, ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіретін республикалық палатаның кемінде үш мүшесінің және республикалық палата кеңесінің кемінде бір мүшесінің бірлескен шешімі негіз болып табылады.
7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-3-бап жаңа редакцияда
28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Алқалы орган - республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.
Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
Алқалы орган жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Алқалы органның кезектен тыс жиналысы республикалық палата мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін үш жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
Республикалық палата кеңесінің құрамы алқалы органның шешімімен қайта сайлануы мүмкін.
Республикалық палата кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне жаңартылып отырады, республикалық палата кеңесінің төрағасы үш жылда бір рет сайланады.
Республикалық палата кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде өңірлердің тең өкілдігі қамтамасыз етіледі.
4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Республикалық палата кеңесінің құрамына ауыл шаруашылығы бейініндегі Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының өкілдері және республикалық палата мүшелері кіреді.
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
Сол бір адам республикалық палата кеңесінің төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды және екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды есепке алуды ұйымдастырады;
2022.10.10. № 144-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа және (немесе) индекстік бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) геномдық бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануарлардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;