50) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (134, 145, 156-1, 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 453, 462, 463, 489-1, 490-баптар);
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды
50-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (489-1-бап);
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі) - баптар);
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52) тармақша өзгертілді
52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2 және төртінші бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
53) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы органның (424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 462 және 463-баптар);
54) 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 56) тармақша өзгертілді
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 667, 669 (бірінші бөлігінде), 673-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 665, 666, 667, 673-баптар);
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 60) тармақша жаңа редакцияда
60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 452 (үшінші және төртінші бөліктері), 462, 463-баптар);
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63) тармақша өзгертілді; 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (462-бап);
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 64) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшінші бөлігі), 462-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 65) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның (135-бап);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 66) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 66) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (127-1, 462-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 67) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 67) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның (462, 463-баптар);
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 68) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 69) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
69) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты аппаратының (653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты), 251, 462, 463-баптар).
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463-баптар).
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстiң 685 - 735-1-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктері), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);
3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485-баптары) құқығы бар.
805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 81, 82, 82-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 456-1, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 664-1, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 6-бөлік өзгертілді
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 213 (төртінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 575, 593 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға анықталған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сараптама жүргiзу, маманның зерттеуі талап етiлетiн жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама және (немесе) маманның қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Кодекстің 139, 326 (үшінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (төртінші бөлігі), 331 (төртінші бөлігі), 337 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші және екінші бөліктері) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша экологиялық залал келтіру фактісін, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының немесе Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшерін анықтау талап етілетін жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама экологиялық залал келтіру фактісі, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасының не тиісінше Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының мөлшері анықталған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 92-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130, 132 және 456-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 808-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 808-бап жаңа редакцияда
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) істі қарау үшін жіберу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалған кезінен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталғаннан кейін үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жасалғаны үшін жауаптылық әкімшілік қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғанынан кейін судьяға дереу жіберіледі.
Осы Кодекстің 811-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) осы Кодекстің 811-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату
Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.
42-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу
810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
5) 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші және 2-1-бөліктерінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасаған жағдайда қолданылмайды.