2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шарттың толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады.
13. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны беру бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес өткізуге тиіс.
95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервті пайдалану
Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың арасында дағдарыс құбылыстары мен қатер төндіретін диспропорциялар туындаған жағдайда, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде нарыққа реттеушілiк ықпал ету үшiн пайдаланылады.
96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізеді және нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын бағалар деңгейіне жеткен жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне сауда қызметінің субъектілері - шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.
2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін пайдаланған жағдайда, сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттармен немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен расталған құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың болуымен расталған, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалға алу шартымен расталған, бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды өткізу мүмкіндігі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе қойма үй-жайларын жалға алу шартымен, денсаулық сақтау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың құжаттарымен расталған, сатып алынатын тауардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ете алатын қойма үй-жайларының болуы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.
Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуді бөлшек сауда арқылы сауда қызметі субъектілері жүзеге асырады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 96-1-баппен толықтырылды
96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері
1. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруге, сақтауға және шығаруға осы бапта белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Заңның ережелері қолданылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.
3. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруді, сақтауды және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету
1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды көлік ұйымдары жүкті тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсіз қабылдайды.
Жүкті тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
98-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік
Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттiк резерв жүйесiнiң ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы және оларды сақтау бойынша есепке алу мен есептілік олар жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша есепке алу мен есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 99-бап жаңа редакцияда
99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары зерттеулер (сынақтар) жүргізілген кезде және табиғи кему нормалары шегінде жетіспеген кезде есептен шығарылады.
8-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
18-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ,
ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдары уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ өзге де жұмыскерлер қатарынан алынған қызметкерлерден жасақталады.
2. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдеріндегі әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген, арнаулы атақтар берілген адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының тікелей негізгі міндеттері мен функцияларын орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен реттеледі.
6. Азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында реттеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнайы киім-кешек киеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге, мемлекеттік өрте қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде атыс қаруы мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
9. Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында реттеледі.
101-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық жалақысына пайызбен мынадай мөлшерлерде еңбек сіңірген жылдары:
1) үш жылдан асқанда - он бес пайыз;
2) бес жылдан асқанда - жиырма пайыз;
3) он жылдан асқанда - отыз пайыз;
4) он бес жылдан асқанда - қырық пайыз;
5) жиырма жылдан асқанда - елу пайыз үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін өтіл уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының және ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өзге де қызметкерлері нысанды киіммен және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.
102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет (жұмыс) орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті бөлімшелері бар медициналық ұйымдар, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің осы бапта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері әскери қызметтен (жұмыстан) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған, қызметінің (жұмысының) жалпы ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне қолданылады.
Азаматтық қорғаныстың шақыруы бойынша әскери қызметшілердің, уәкілетті органның білім беру ұйымдары курсанттарының медициналық көрсетілімдері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық ұйымдарда тегін медициналық қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің емделуде үзіліссіз болып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделуде болудың бұдан да ұзақ мерзімдері көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс. Қызметкердің емделуде үзіліссіз болуының белгіленген мерзімі өткеннен кейін ол одан әрі қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін медициналық куәландыруға жатады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Аталған адамдар медициналық куәландыруға ем аяқталғаннан кейін немесе аурудың нәтижесі белгілі болған кезде жіберіледі.
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі.
8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру- Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскерлері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады.