ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 108-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
53-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;»;
5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру және сақтау;».
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдеріне кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.»;
2) 77-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару;»;
3) 88-баптың 1-тармағының 6) және 9) тармақшаларындағы «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы», «дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника» және «дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың» деген сөздер тиісінше «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды», «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар» және «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 388-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау»;
2) мынадай мазмұндағы 388-1-баппен толықтырылсын:
«388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау
1. Лауазымды адам немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адам немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамауы -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
187-баптың бесінші бөлігі «297 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 388-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 643-1 және 686-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу»;
«686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган»;
2) мынадай мазмұндағы 643-1 және 686-1-баптармен толықтырылсын:
«643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:
1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;
2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;
3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган
1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 643-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.».
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар):
129-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;».
7. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 104-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрістету жөніндегі шараларды іске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, әкімшілік-аумақтық бірліктері мен халқын жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі өзге де іс-шараларды орындау арқылы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы қызмет режиміне көшіруге бағытталған құрамдас бөлігі;»;
2) 2-баптың тақырыбындағы «Жұмылдыру» және «заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жұмылдыру» және «заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
7) тармақшадағы «арналған құжаттамаларды» және «жобалық құжаттамаларды» деген сөздер тиісінше «арналған техникалық құжаттаманың» және «жобалық құжаттаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «мемлекеттік материалдық резервтің», «қорын» деген сөздер «жұмылдыру резервінің», «запастарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «дайындығының жай-күйіне баға беру» деген сөздер «дайындығын бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
4-1) тармақша алып тасталсын;
4-3) тармақшадағы «тапсырыстары» және «ережелерін белгілейді» деген сөздер тиісінше «жұмылдыру тапсырыстары» және «қағидаларын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекітеді;»;
17) тармақша алып тасталсын;
18) тармақшадағы «арналған құжаттаманың» және «белгілейді» деген сөздер тиісінше «арналған техникалық құжаттаманың» және «айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;»;
6) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;»;
7) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді;
2) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді;
4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 9-бапта:
1-тармақта:
11) тармақша «дайындығы» деген сөзден кейін «мен жұмылдыру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;»;
10) 13-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және олардың жүргізілуін бақылау мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлемі негізге алына отырып айқындалады.
1-1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті жағдайлар жасайды.»;
11) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Мыналар:
1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмылдыру тапсырмалары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
2) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.
2. Мерзімдік тексеру жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жүргізу графигіне сәйкес үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізу графигін әзірлейді және тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Тексерулер жүргізу графигі мыналарды қамтиды:
1) тексерулер жүргізу графигінің тіркеу нөмірі мен бекіту күні;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы, олардың орналасқан жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексерулер жүргізу мерзімдері;
6) тексерулер жүргізу графигіне қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.
Тексерулер жүргізу графигі мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады.
Тексерулер жүргізу графигін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жібереді.
Тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның жұмыс бейіні өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілері тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы мерзімдік тексеру жүргізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс.
3. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
1) бақылау субъектілерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттерді орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат (әскери-экономикалық оқулардың нәтижелері, жұмылдыру әзірлігін бағалау) болған кезде;